Зертханалық№1 Су объектілерінің органолептикалық қасиеттерін анықтау (2 сағат) Органолептикалық қасиеттер



бет1/11
Дата29.11.2022
өлшемі53,92 Kb.
#160342
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар


Зертханалық№1
Су объектілерінің органолептикалық қасиеттерін анықтау (2 сағат)
Органолептикалық қасиеттер. Органолептикалық қасиеттер көру (лайлылық, түстілік) және иіс сезу (иіс) органдарымен анықталады. Қанағаттандырылмайтын органолептикалық қасиеттер судың ластануын көрсетеді. Алғашқы су сапасын бағалау, оның температурасын, органолептикалық қасиетін анықтау суатта жүргізіледі. Судың температурасын анықтау жылулық ластануды бақылау үшін қажет, сондықтан өлшеуді бір-бірінен бірнеше 100 м қашықтықта болатын бірнеше нүктелерде жүргізу керек. Ерекше назар аударарлық зат, бұл суатқа құятын жылға, өзен, ақаба сулары болуы тиіс. Өлшенген температуралардың бірнеше градус (температуралық градиенттер) айырмашылығы болса, жылулық ластану жайында айтуға болады.
Су сапасының органолептикалық бағалануы – суды бақылаудың алғашқы міндетті санитарлы-химиялық процедураларының бірі.
Тапсырма А Иісті анықтау
Судың иісі, суға табиғи жолмен немесе ақаба суларымен түскен, иіс аңқығыш ұщқыш заттарға негізделген. Барлық дерлік органикалық заттардың иісі болады және ол суға беріледі. Әдетте, иісті бөлме (200С) және жоғары (600С) судың температурасында анықтайды.
Иісті субъективті өзіндік сезінулерге байланысты екі топқа бөледі:

  1. Табиғи шығу тегі (тірі және өлі организмдер, топырақтың

әсері, су өсімдіктері және т.б.);

  1. техногенді жасанды шығу тегі. Әдетте ондай иістер суды

өңдеу барысында едәуір өзгеріске ұшырайды.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
250-500 мл тығыны бар колба немесе тығыны бар нөмірленген пробиркалар, штатив (иісті мойны кең колбада анықтау қолайлы);
Жұмыстың барысы:

  1. колбаның 1/3 бөлігіне су құйып, тығынмен жабыңыз;

  2. колбаның құрамын шайқаңыз;

  3. колбаны абайлап ашыңыз да, байқап дем тартыңыз, бірде

иістің интенсивтілігін және өзгешелігін анықтаңыз. Егер иіс бірден сезілмесе немесе анық болмаса, онда колбадағы суды 600С температураға дейін қыздырып, тәжірибені қайталауға болады.
Иістің қарқындылығын 1 -кестеге сәйкес бес баллдық жүйе бойынша, шығу тегі бойынша иістің қасиетін 2-кестеде анықтаңыз

1кесте - Иістің қарқындылығын анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет