Зертханалық№1 Су объектілерінің органолептикалық қасиеттерін анықтау (2 сағат) Органолептикалық қасиеттер



бет8/11
Дата29.11.2022
өлшемі53,92 Kb.
#160342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар
ҰБТ - 2021 docx(1), Molekulalyk fizika Iliyasov
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) титрленген күміс нитратының ерітіндісі (0,05 г-экв/л);
2) калий хроматының (10пайыздық) ерітіндісі;
3) алмұрт тәрізді рәзеңкемен (мед. шприцпен) жалғастыратын түтік және 2 мл немесе 5 мл тамызғыш;
4) тамызғыш (капелтница); 10 мл белгісі және тығыны бар ыдыс.
Анализді орындау:
1) ыдысқа 10 мл суды құйыңыз;
2) ыдысқа тамызғыш-капельница мен калий хромат ерітіндісінің 3 тамшысын қосыңыз;
3) құрамын араластыру үшін, ыдысты мықтап жауып, шайқаңыз;
4) кетпейтін құба бояуға дейін, ыдыстың құрамын күміс нитраты ерітіндісімен біртіндеп титрлеңіз. Титрлеуге кеткен, ерітіндінің көлемін анықтаңыз (VХЛ, мл);
5) хлорид-анионның массалық концентрациясын (СХЛ, мг/л) мына (2) формула бойынша есептеңіз

СХЛ = VХЛ • 178 (2)


6) нәтижесін бүтін сандарға дейін дөңгелетіңіз



Зертханалық №9 Нитрат-анионын анықтау
Жұмыстың мақсаты: нитрат-аниондарын судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) Буландырғыш стақандар;
2) салицил қышқылының 10 пайыздық спирттік ерітіндісі;
3) концентрацияланған күкірт қышқылы;
4) шыны тачқшалар;
5) дистилденген су;
6) натрий гидроксидінің 20 пайыздық ерітіндісі.
Жұмыс барысы:
1) 1 мл суды буландырғыш стақанға құяды;
2) стақанның құрамын қайнап жатқан су моншасында 10-15 мин. ішінде құрғақ күйіне дейін буландырады;
3) стақанды бөлме температурасына дейін 10 -15 минут ішінде суытады;
4) бар құрғақ қалдықты сулау үшін, стақанға концентрациясы 10 пайыздық салицил қышқылының спирттік ерітіндісін қосады;
5) концентрацияланған күкірт қышқылының 0,5 мл қосады;
6) шыны таяқшамен құрғақ қалдықты қышқылмен араластырып, стақанның түбі мен қабырғасына жағыңыз;
7) 5 минут қоя тұрыңыз;
8) стақанның қабырғасын шайып өткендей, 3-4 мл дистилденген суды қосыңыз;
9) натрий гидроксидінің концентрациясы 20 пайыз болатын 5 мл ерітіндісін қосыңыз;
10) ерітіндіні өлшеуіш пробиркаға ауыстырып, үстінен 10 мл белгіге жететін дистилденген суды қосыңыз;
11) алынған ерітіндінің түсін, ақ фондағы үлгінің бақылау шкаласы мен салыстырыңыз. Алынған ерітіндінің түсіне сәйкес келетін мг/л нитрат-анион концентрациясының мәнін шкала үлгісінің анализ нәтижесі ретінде қабылдаңыз;
12) үлгінің бақылау шкаласын келесі түрде дайындайды: Нитрат-анионның концентрациясы 0; 5; 15; 30; 50 мг/л модельді ерітінділерін дайындау және оларды жоғарыда аталған әдістеме бойынша өңдеу.
Егер зерттелген ерітіндінің түсі шеткі үлгінің (50 мг/л) интенсивтілігінен асса, онда зерттелген суды 5 есе дистилденген сумен араластырып, зерттеуді қайталайды. Нәтижесін шығарғанда үлгінің араластыру дәрежесін есепке алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет