Зертханалық№1 Су объектілерінің органолептикалық қасиеттерін анықтау (2 сағат) Органолептикалық қасиеттер



бет5/11
Дата29.11.2022
өлшемі53,92 Kb.
#160342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

Құрал- жабдықтар және реактивтер:
1) метилоранж индикаторының сулы ерітіндісі (0,1пайыз);
2) фенолфталеин индикаторының ерітіндісі;
3) титрленген (0,05 г-экв/л) тұз қышқылының ерітіндісі;
4) алмұрт тәрізді рәзеңкемен жалғастыратын түтік және 2 мл немесе 5 мл тамызғыш;
5) тамызғыш (капельница);
6) 10 мл белгісі бар ыдыс.
Жұмыс барысы:
А. Карбонат– анионын титрлеу
- Ыдысқа 10 мл белгісіне дейін суды құю;
- тамызғышпен 3-4 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосу. * Ерітіндінің түсі әлсіз немесе мүлдем болмаған жағдайда, үлгіде карбонат– иондары жоқ деп есептеледі;
- біртіндеп ұштығы бар өлшеуіш шприц немесе өлшеуіш тамызғыш арқылы 0,05 н тұз қышқылының ерітіндісімен әлсіз-қызғылт түске дейін титрлейді және фенолфталеин бойынша титрлегенде, кеткен, тұз қышқылының ерітіндісінің көлемін анықтаңыз;
- карбонат- аниондардың массалық концентрациясын төмендегі (2) формула бойынша шығарады

Ск = Vк • 300 (2)


мұндағы Ск – карбонат- ионның массалық концентрациясы, мг/л;


Vк – титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл.
Ерітіндіні карбонат анионын титрлегеннен кейін келесі гидрокарбонат- анионынның массалық концентрациясын анықтау үшін қалдырыңыз.

Зертханалық №6 Гидрокарбонат- анионын титрлеу
- Колбаға 10 мл белгіге дейін суды құйыңыз;
- 1-2 тамшы метилоранж ерітіндісін қосыңыз;
тұз қышқылының 0,05 н ерітіндісін сары түстен қызғылт түске дейін титрлейді және метилоранж бойынша титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемін анықтаңыз;
- гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясын келесі (1) формула бойынша есептейді

Сгк = Vгк • 305 (1)


мұндағы Сгк – гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясы, мг/л;


Vгк – титрлеуге кеткен ерітіндінің көлемі, мл.

  1. карбонаттың қаттылығын келесі (2) формула бойынша есептеңіз

Қк = Ск • 0,0333 + Сгк • 0,0164 , (2)


мұндағы Ск – карбонат- ионның массалық концентрациясы, мг/л;


Сгк – гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясы, мг/л;
0,0333 және 0, 0164 – осы аниондардың кері эквивалентті массалық өлшемдеріне тең коэффиценттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет