22 жастағы әйел, баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б., диурез тәулігіне 700 мл.
Тапсырмалар:
Берілген аурудың этиология мен патогенезін көрсетіңіз.
Науқаста жедел гломерулонефрит асқынуына байланысты дамыған нефритикалық синдром.
Этиология: Инфекциялық процесс – бактерия – бета гемолиздеуші стрептококк, 12 типтегі, вирус. Ангина, тонзиллит, скарлатина, отит. Науқаста постстрептоккокты гломерулонефрит нәтижесінде дамыған.
Патогенез: Зерттеудің объективті мәліметтеріне патофизиологиялық талдау жасаңыз.
Эритроцитопения, гемоглобинемия – анемия. Эритропоэтин тұзілуі азайған, токсикалық әсер сүйек кемігіне.
Гиперазотемия – креатинин, мочевина артқан. Бүйректің экскреторлық қызметі азайған. Эндогенді креатинин клиренсі төмен. Бұл бүйректің фильтрациялық қызметінің бүлінісін көрсетеді. Стрептококк ферменттері +++, бұл инфекциялық процессті көрсетеді. Бүйрек шумақтарының аутоиммундық зақымдануы.
Несепте гематурия, протеинурия, цилиндр – бар болмау қажет қалыптыда.
АҚ – АГ. Олигоанурия. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жасаңыз.
Ісіну – өзекшелерде натрий мен су реабсорбциясының бүлінуінен, РАА жүйесинин белсенуи және тамыр ішіндегі сұйықтық сыртқа көптеп шығуынан болады.
АҚ патогнезі 3 билетте көрсетілген. Соның нәтижесінде жүрекке улы әсер және АҚ әсерінен жүрекке түсітен жүктеме артады. – айналымдағы қан мөлшері артады – жүрек шекаралы кеңиді.
Токсикалық әсер ОЖЖ, тыныс алу ж, жүрекке әсер етеді – ентігу, бас айналу, ауыру. Анемия әсерінен – бозғылт бет.
Бүйректің функционалды жағдайы туралы қорытынды жасаңыз.
Науқаста бүйрек шумақтарының инфекцио-аллергиялық генездегі бүлінісі, сонымен қатар өзекшелер де реабсорбция бүлінісі, интрестиций, бүйрек тамырлары да зақымданған. Фильтрациялық қызметі бүлінген.