2. 3 Қиярдың адам ағзасына пайдасы
95 пайызы судан тұратындығына қарамастан, қияр дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Оның құрамында В тобына жататын дәрумендермен қатар, жүрек-қан тамырлары үшін пайдалы калий, организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті йод және аскорбин қышқылы бар. Бір қызығы, қиярдың көлемі неғұрлым кіші болса, оның құрамындағы С дәруменінің мөлшері оғұрлым көп болады. Қияр астың дұрыс қорытылуын қалыпқа келтіріп, зат алмасу жұмысын реттейді. Қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш. Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді.
Қиярдың емдік-шипалық қасиеттерін Антик дәурінде-ақ білген. Гиппократ жас қиярдың жемісін өкпе ауруын емдеу үшін тағамға көбірек пайдалану пайдалы деп есептеген. Қияр жемісіндегі пайдалы калий элементі (148 мг%) адам ағзасынан артық су мен ас тұзын шығаруға әсерін тигізеді және жүрек тамыр жүйесінің нығайуын күшейтіп жақсартады. Қияр жемісін тағамға пайдаланғанда атеросклерозға, толысып семіруге, қан қысымының көтерілуіне қарсы қолдануды ұсынады, сондай-ақ асқазанды жеңілдетіп босатуға, өт пен зәр жүргізуге жақсы әсерін тигізеді. Адам ағзасының буындарында тұз жиналғанда қиярды бал немесе қант қосып тағамға пайдалануды ұсынады. Қияр жемісінен алынған жас шырынды ішу де өте пайдалы. Қияр жемісінің шырынындағы болатын органикалық қышқылдарды басқа дақылдардың құрамынан кездестіруге болмайды, сондықтан осыны ертедегі римдіктер зәм – зәм суына теңестірген.
Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, Х- ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Халық медицинасында ішек-қарын, асқазан шаншып ауырғанда тыныштандыратын, әрі ауруды басатын дәрі ретінде қияр шырынын ұсынады және шеменді жүрек ауруларына байланысты ісінгенде емдеуге пайдаланылады. Жоғарғы тыныс жолдарына, жөтелге қарсы қияр шырынына бал қосып ішкенде жақсы әсер тигізетінін анықтаған (2-3 ас қасықтан тәулігіне 2-3 рет). Қиярдың шырынын ауыр қол жұмыстарындағыларды инфаркті миокардадан сақтандыру үшін өте пайдалы деп ішеді, оның үстіне ол нерв жүйесін тыныштандыруға және оны нығайтуға әсерін тигізеді деп тұжырымдайды. Тәулігіне 100 мл қияр шырынын ішуді ұсынады. Осыны басқа қара қарақат, алма, қызанақ (2:2:1) және (20:1) шырындарымен қосып пайдаланғанда әсерлік күштері арта түсетіндігі анықталған .
Кавказ халықтарының медицинасында пісіп жетілмеген қияр жемісінің және сабақ – жапырақтарының қайнатпасымен сары ауруды, бауырдың ауруын емдеуге ішкенді ұсынады. Қияр тұқымдарының қайнатпасын бүйрек және қуық ауруларын емдеуге сүргі дәрі ретінде пайдалануды ұсынады.
Жас қияр шырыны емдік – сақтандырғыш және әдемі – сәндік дәрісі ретінде жоғары бағаланады: бет терісін ағартуға, уылжытып тонусын жақсартып, оған күліңгір барқат түс беруге әсерін тигізеді және осымен қатар бөртпелерді, секпілдерді, безеулерді, пигмент дақтарын жоюға жақсы әсерін тигізеді.
Соңғы кездері қияр жемісінен және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдардан табылған кукурбитационды паталогиялық тері рак ауруының өсіп, тарауын тоқтататын мүмкіндігі анықталды, осыған байланысты жаман ауруды емдеуге пайдалануда.
Қиярдың тамырынан алынған сығындысын СПИД-тың дамуын тежеп, тоқтататындығы мерзімді баспасөз мәлімдемелерінде жарнамаланып жүр.
Қазіргі медицина мамандарының тұжырымдамасында қиярдың құрамындағы никотин сияқты зат бар, темекі тартуды қойғысы келгендерге қиярдың жас жемістерінен бастап, маринадталған, консервіленген және т.б. тағамға пайдалануды ұсынады. Осымен қатар тағы да осы зат альцгеймер ауруына қарсы тұратындығының анықталғанын қорытындылайды.
Қияр жемісіндегі күкірт шаштың түсуінен сақтандырады, тістің, тырнақтың жағдайын жақсартады дейді мамандар.
Қияр жемісінің тағы бір құндылығы құрамындағы йодтың жеңіл сіңірілуінде, ал осы микроэлемент қалқанша безінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыздандыратындығы анықталған.
Арықтаудың ең оңай түрі - қияр жеп арықтау, - дейді. Бұлай арықтау еш қиындық тудырмайды. Жасыл қияр дәмді ғана емес, денсаулыққа өте шипалы. Қияр ағзадағы зат алмасуды реттеп, ішектерді тазалап, теріні нәрлендіреді. Қиярдың құрамында калорий аз болады, сондықтан ол майлы тағамдардың ағзаға екі-үш сағатта сіңіп кетуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, көкөністің бүл түрі белгілі мөлшерде ағзаға қажетті дәрумендерді береді. Қияр жеп арықтауды қолға алған адам, үш күннен соң-ақ артық салмақтан арыла бастағанын байқайды.
Қарапайым қиярдың күнделікті пайдасы
Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш.
Ауыр жұмыс күнінен шаршап келдіңізбе? Кофені қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан бір балғын қиярды тазалап, жеп көріңіз. Құрамындағы В дәрумендер топтамасы көмірсутектер сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.
Кішкене әжім мен целлюлитке қарсы қымбат кремдерді алудың қажеті жоқ. Қиярдың бір тілімімен теріңізді сүртуді әдетке айналдырсаңыз, келешекте бұл сіз үшін қиын мәселе болмайды. Қияр құрамындағы фитохимиялық заттар теріні берік қылып, целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады.
Кешке отырысқа барып, көп қыдырып, шаршадыңыз ба?
Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді. соның арқасында таңертең көзіңіз іспей, басыңыз ауырмай оянасыз.
Үйге шаршап келдіңіз бе?
Қиярды текшелерге бөліп, қайнап тұрған суға бір қайнатыңыз. Осы судың буымен дем алсаңыз, қиярдағы пайдалы заттар бумен беріліп, бойыңызды сергітеді.
Жағымсыз иістен қалай құтыламыз?
Түскі астан кейін қол астыңызда сағыз табылмады ма? Қиярдың бір тілімін тіліңізбен таңдайыңызға жабыстырып, осылайша 30 секунд тұра тұрыңыз. Осылайша ауыздағы жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
Бас ауруынан құтылу үшін бірнеше тілім желінеді.
Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр, кофеден, шәйдан немесе сусыннан жақсырақ.
Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.
Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.
Шұңғылша (раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.
Құрт-құмырсқа үшін: бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағазға (фольга) немесе топыраққа орналастырылады.
Қияр майлы бетке өте пайдалы. Құрамында теріні жұмсартатын көптеген заттар бар. Әжімді кетіру қиярдың жартысын сығып, шырынын сөлін алып, жұмыртқаның ағымен араластырыңыз. Бір ас қасық лимон шырынын, 1 ас қасық арақпен, бірнеше тамшы қарамаймен (бензойная смола) көбігі шыққанша қозғаңыз. Болған сұйықтықпен бетті сүртіп, көмектескеніне көз жеткізесіз.
Қорыта айтқанда, адам ағзаларының қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайдан қорғаныштық қасиетінің арта түсуінде қиярдың орны ерекше.
1. Ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарады
Қияр 95% судан тұрады. Сонымен қатар, қиярдың құрамында ағзаға қажетті дәрумендер (С, В) бар.
2. Диета кезінде пайдалануға болады
Артық салмақтан арылғысы келгендер қиярды жиі пайдаланғандары дұрыс. Өйткені, оның құрамында ағзадағы көмірсуларды майға айналдыруға жол бермейтін тартронды қышқыл бар. Жаңа піскен қиярдың құнарлылығы – 13,5/100ккал/гр.
3. В витаминінің көзі
Қияр В тобындағы витаминдердің көзі (В1, В2, В3, В6, В9). Сондықтан да оны күнделікті ас мәзіріңізде қолдану керек.
4. Ауыздағы жағымсыз иісті жояды
Егер сізді аузыңыздың жағымсыз иісі мазаласа, онда қияр оны жоюға көмектеседі. Көкөністің бір тілімін 30 секунд аузыңызда ұстап тұрсаңыз, жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
5. Көптеген аурулардың алдын алады
Қияр қатерлі ісік дертінің пайда болу қаупін төмендетеді. Сонымен қатар, қанның құрамындағы холестерин деңгейі мен қан қысымының бірқалыпты болуын реттейді. Қияр шырыны ұйқы безінің инсулин бөліп отыруына көмектесетін гормоннан тұрады. Сондықтан да бұл көкөніс сусамырмен (диабетик) қиналатындар үшін таптырмас дәрумен.
6. Тері және шашқа арналған керемет құрал
Күнге күйгенде немесе терінің тітіркенуі кезінде қиярды қолданған жөн. Көкөністің сыртын тазалап, терінің зардап шеккен жеріне қою керек. Сонымен қатар, қияр маскасы теріні ағартуға да көмектеседі. Ол үшін кесілген қиярды бет терісіне қойып, бірнеше уақыт ұстау керек. Ал, қиярдың құрамындағы кремний мен күкірт шаштың өсуіне қуат береді.
7. Целлюлитпен күреседі
Целлюлитпен күресіп жүрген адамдар үшін суды көп ішу маңызды. Жоғарыда айтқандай, қиярдың 95%-ын су құрайды.
3 Эксперименттік бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |