Зерттеудің физикалық әдістері
1.Зерттеу әдістері.Физикалық әдістердің тура мақсаты – физикалық қасиеттер жиынтығына ие, өрістің немесе бөлшектер ағынының затпен әсерлесуінен кейінгі сәулелену өзгерісін анықтау.
Физикалық әдістердің кері мақсаты- физикалық әдіспен алынған, яғни тәжірибе мәндерінің берілген өзгерістерінің негіздерінде заттың немесе молекула параметрлерінің физикалық қасиеттерін анықтау.
Физикалық зерттеудің негізгі әдістері ; спектроскопиялық, дифракциялық, резонанстық және оптикалық әдістер.
Спектроскопиялық әдіс- толқын ұзындығы немесе жиіліктен сәулеленудің шығарылуы немесе жұтылуы интенсивтілігінің тәуелділігін зерттейді.
Дифракциялық әдіс – сәулелену шашырауына немесе бөлшектер ағыны энергиясының өзгеруінсіз қалуына, яғни серпімді шашырауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |