* Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#98513
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
318-1-591-1-10-20180421



ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
65
ӘОЖ 141.7.
*
Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ.
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, 
Қазақстан Республикасы, Түркестан қ. 
*
E-mail: kaldibaykaynar@list.ru
Кіріспе 
Адамзат руханиятының эволюциясы тұтастай алғанда 
дүниені тануға бағдарланған интенционалды беталыс болып 
табылады. Бұл үдерісте өзін орталық алаңға шығарған адами 
сана мен рух таным объектісін екіге ажыратқандығы белгілі, 
біріншісі сыртқы дүние болса, екіншісі, адамның өзі. Осы 
ұстаным көне дəуірлердегі мифологиялық кезеңнен бастап
бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан мəңгілік бағдар 
деу ге де болады. Философия мен дін тарихының өн бойы
-
на сіңірілген адам туралы пайымдаулар бүгінгі заманға дейін 
толастаған жоқ жəне өзектілігін жоймайтындығы хақ. Деген
-
мен, əрбір кезең адамды əр қырынан қарастырды. ХХ ғасыр 
философиясындағы адам мəселесі де өзіндік жаңаша пайым
-
даулар мен əртараптанған бағыттар бойынша түптеп келгенде, 
бір арнаға келіп тоғысты: адам өмірінің мəні мен оның сыртқы 
ортада өмір сүруі.
Олай болса, біз қарастырып отырған тақырып – дін 
философиясындағы адам мəселесі тарихи тұрғыдан талданған 
жəне қазіргі кезең бойынша таразыланған тұжырымдарды 
негізге ала отырып, болашақта бұл мəселе қандай бағыттар 
бойынша өрбуі тиіс екендігі туралы пайымдаулар жасауымызға 
болады. Бұл тұста, біз алдымен, дін философиясындағы тұлға 
мəселесін зерттеудің перспективаларының тиімді жəне күрделі 
тұстарын ашып көрсетуіміз қажет. Тиімді қырлары, біріншіден, 
бізге, діни философия тарихы бойынша адам мəселесінің зер
-
деленген тұстары дискурстық-сұхбаттық түрде құрылған ру
-
хани қор болып табылады. Екіншіден, соңғы жылдардағы за
-
йырлы қоғам үлгілері дінді бейтараптанған рационалды түрде 
таразылауға мүмкіндіктер ашады. Үшіншіден, философиядағы 
жалпы адам мəселесі туралы толғаныстар бүгінгі күнге дейін 
əртараптанған бағдарда өрбігендігіне байланысты оның сан 
түрлі қырларын ашуға əдіснамалық мүмкіндіктер ашылып 
отыр. Төртіншіден, соңғы уақыттардағы футурологиялық 
зерттеулер мен болашақтың модельдерін жасаудың ғылыми 
технологиясының қарыштап дамуы біз қойып отырған мəселені 
толығырақ аша түсуге ыңғайластырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет