Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ.Төлегенова_______________
«09.15. 19. 20. 28» «01» 2016 ж
Сыныптар: 1- а,ә,б,в,г,ғ,д,е.
Өзін – өзі танудан сабақ жоспары
17 сабақ
Сабақтың тақырыбы: III тарау. Адам болам десеңіз.........
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана
білуге үйрету;
Сабақтың міндеттері:
жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: екіге бүктеліп жасалған кітапша, оқулық.
Шаттық шеңбері
Балалар, шеңбер құрып, бірге ән айтады.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Өлең жолдарында не туралы айтылған?
Біз бүгін «жақсы деген не?», «жаман деген не?» сұрақтары төңірегінде, жақсы әрекетттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, адамды, айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.
Әңгімелесу
Жақсы іс деген не?
«Жаман» дегенде ойларыңа не түседі?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. Бізді кішкентайымыздан тәртіпті, жақсы адам болуға үйретеді. Сөйтіп біз тек жақындарымыздың алдында ғана емес, өзгелердің көзінше де жақсы болуға тырысып бағамыз. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.
Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.
Дәйексөз
Тақтаға «Жақсы болу – өз қолыңда» деп жазу, мағынасын түсіндіру;
«Жақсы болу – өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы
болуды басқа біреуден іздеудің қажеттігі жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым – қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылардан үйренуі өзіне байланысты. Сондай – ақ жаман әрекеттерден де қашық болуы – өзінің қолында.
Тапсырма
Әңгімелесу кезінде оқушылардың ой пікірлерін толықтыру мақсатында тапсырма орындайды. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, жақсы іспен жаман істі ажыратып, әңгімелеп береді. Балалар тапсырманы топпен орындап, сынып алдында жария етеді.
Мәтінмен жұмыс
Орыс В.Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» өлеңін мәнерлеп, дауыстап оқып беремін.
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Бөбек келіп әкеге, Көйлегі лас боялып,
Қойды алдыңа мәселе. Аузы – басы ластанып.
Жақсы деген немене? Жақсы, міне азамат,
Жаман деген немене? Бетін жуса сабындап,
Айналайын бөбегім, Тісін жуса тазалап.
Мәнін айтып берейін. Еңбек сүйген балаңыз,
Осы берген жауапты Кітап оқу талабын.
Кітапша етіп көрейін. Міне, үлгілі бала деп,
Міне, тағы бір жаман. Кітапқа оны жазады.
Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?
Тағы қандай жақсы әрекеттерді білесіңдер?
Қандай жаман әрекеттерден қашық жүргеніміз дұрыс?
Шығармашылық жұмыс
Балаларға қағаздан екіге бүктеліп жасалған, сыртқы бетіне «Жақсы бала» деп әдемі жазулармен жазылған, ішкі беті жолдарға бөлінген кітапшалар таратып беріледі.
Балалар, кітапшаның бірінші жолына өзіңмен қатар отырған сыныптасыңның есімін, келесі жолдарға оның жақсы әрекеттерін (сәлемдеседі, кешікпейді, өтірік айтпайды, сөзінде тұрады, тапсырманы орындайды, үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор, кешірімді және.т.б) және соңынан өз есімдеріңді жазыңдар,
Тапсырма орындалып біткекн соң, балалар кезегімен кітапша ішіне жазылғанды жария етеді.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде үлкен қоржынның және шашылып жатқан асықтардың суреті салынған. Барлығы 17 асық: әр асыққа бір әріп және бір нөмір жазылған.
Тапсырма: Асықтарды нөмір ретімен қойып, сөйлемді оқыңдар,
Жауабы: Жақсы болғым келеді.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып, шығармашылық жұмысын сыныптасына арнап дайындаған кітапшасын сыйға тартады.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ.Төлегенова_______________
«11 16 22 26 27» «01» 2016 ж
Сыныптар: 1- а,ә,б,в,г,ғ,д,е.
Өзін – өзі танудан сабақ жоспары
18 сабақ
Сабақтың тақырыбы: III тарау. Адам болам десеңіз.........
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана
білуге үйрету;
Сабақтың міндеттері:
жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: екіге бүктеліп жасалған кітапша, оқулық.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып, бір біріне тілек айтады.
жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Адамдар неліктен «жамандықтан» қашады?
Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер?
Жаңа ақпарат
Оқушылардың жақсылық пен жамандық туралы алған білімдерін нақтылау мақсатында жаңа ақпарат ұсынылады:
Жақсы адамды айналасындағылар жақсы көреді, сыйлайды. Оның достары көп болады.
Ойын – жаттығу
«Жұмбақ өлең» ойын – жаттығуында балалардың жақсы мен жаманды ажырата алуларына мүмкіндік береді.
Балалар, мен сендерге С.Оспановтың «Не жақсы, не жаман?» өлеңін шумақтарға бөліп айтамын. Сендер әр шумақ соңында, сол шумақта не жақсы, не жаман туралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса, «жақсы» деп жаман туралы айтылған болса «жаман» деп жауап беріп отырасыңдар.
Биязы мінез тіл алғыщ, Беті – қолдың кір-кір боп,
Бал – бұл жанып жүретін, Берекесіз ыржақтап,
Бауырмалдық сол - ? Бейбастық өссең сол-?
(Жақсы) (жаман)
Үйдің ішн тазалап, Ұшып-қонып жүретін,
Үстіңе де қарайлап, Шегірткедей жеңілтек,
Үлгере алсаң сол- ? Ұшқалақ болсаң сол-?
(жақсы) (жаман)
Ашу деген бәледен, Ата-ананың ақылын,
Алшақ жүріп жанаспай, Ала білмей кезінде,
Ақылды болсаң сол - ? Ақымақ болсаң сол-?
(жақсы) (жаман)
Мәтінмен жұмыс
Әйнек адам
Бір баланың титімдей досы- Әйнек адамы болды. Өзі мөп-мөлдір. Бір ғажабы: Әйнек адам досының не ойлағанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай, сыртқа ойнауға шыққалы жатса-Әйнек адам сәл-пәл күңгірт тартып:
Олай етуге болмайды. Әуелі ісіңді тындыр. Сосын ойнауға шық, - дейді. Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа шығады. Әйнек адам қайтадан мөп-мөлдір түске енеді.
Бірде баланың бірге ойнайтын досы ауырып қалды. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне де алмайды. Әйнек адамға қараса, түнеріп кетіпті. Кімге жамандық жасап қойдым, - деп сұрады бала.
Ешкімге жамандық жасаған жоқсың. Тек досыңды ұмытқаның болмаса.......
Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді. Оған бір шоқ гүл, алма ала барды. Сөйтіп, Әйнек адам баланы жақсы болып өсуге үйретті,
Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
Тапсырма
Тапсырма бойынша балалар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқиды.
Керекті сөздер төмендегідей берілген: адалдық, мейірімділік, қамқорлық, көмек, қайырымдылық.
Өзіммен – өзім.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біздің жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілденіп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлрырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар..... олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат бізге: «Жақсы бала бол!» деп өтінгендей болдаы. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге «Жақсы болу өзіңнен», - деп қарайды. Иә, иә шынында да көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой. Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал енді, «бір, екі,үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма
Сурет бойынша «жақсы», «жаман» сөздерін қатыстырып әңгіме құрастырады.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып, «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін бірге айтады.
Жақсы болу өзіңнен Жақсылық көрсең біреуден,
Жақсы болу – өзіңнен Мен қандаймын деп ойла
Жаман болу өзіңнен Жамандық көрсең біреуден
Өзіңді өзің ая да, Мен қандаймын деп ойла.
Өзің үйрен өзіңнен
.
Достарыңызбен бөлісу: |