1. №3 тақырып: Экстрапирамидті жүйе. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары. Мишық. Қозғалыс координациясын және зақымдану синдромдарын зерттеу. Мақсаты



бет1/12
Дата08.02.2022
өлшемі24,75 Kb.
#131005
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3 тақырып невро
1387628.pptx

1. № 3 тақырып: Экстрапирамидті жүйе. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары. Мишық. Қозғалыс координациясын және зақымдану синдромдарын зерттеу.
2. Мақсаты: Экстрапирамидтік жүйе, мишық туралы білімді қалыптастыру. Экстрапирамидтік жүйені зерттеу әдістемесі.
3. Дәріс тезистері:
Экстрапирамидті жүйенің құрылысы
Экстрапирамидті жүйенің функциялары
Экстрапирамидті жүйенің зақымдану синдромдары
Экстрапирамидті жүйені зерттеу әдістері
Мишықың құрылысы
Мишық функциясын және қозғалыс координациясын зерттеу.
Мишықтың зақымдану белгілері
Экстрапирамидті жүйенің құрылысы
Экстрапирамидтік жүйе (қыртыс асты түзілімдері) пирамидалық құрылымға қарағанда, кезекті анатомды-физиологиялық құрылым емес, керісінше қозғалыс функцияларын орындауға қатысатын көптеген нейрондық жүйелердің жинағы болып табылады. Ол үшін афферентацияның негізгі көзі үлкен жарты шардағы қыртыстың моторлық аймағы болып табылады. Кері байланыс механиздері бойынша экстрапирамидтік жүйе жұлынның, ми бағанының, мишықтың және ми қыртысының қозғалыс аппаратына реттегіш әсер етеді. Қозғалысты орындау үшін бұлшықет жиырылуының реттілігін, күшін, ұзақтығын реттейтін механизмдердің қатысуы мен қажетті бұлшықеттерді таңдау керек. Бұл мидың барлық қозғалу жүйелерінің: үлкен жарты шарлар, экстрапирамидтік жүйе, мишық, арасында коллатеральды байланыстары бар ретикулярлы формация мен жұлынныңқатысуымен қамтамасыз етіледі. Экстрапирамидтік жүйе бұлшықет аппаратының ерікті қозғалыс актілерін орындауға дайындығына, оларға белгілі бір бұлшықет топтарын қосылу жүйелілігіне, бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге, қосалқы қимылдарды орындауға, жылдамдыққа, ритм менүйлесімділікке, икемділікке және т. б. жауап береді.
Экстрапирамидті жүйе анатомо-функционалдық кешен болып табылады, оған мыналар кіреді: базальды ядро (экстрапирамидті жүйенің жоғары орталықтары), ортаңғы ми мен аралық мидың сұр затының бір бөлігі (ми бағанының ядролары, ретикулярлық формация) және осы түзілімдердің бас миы мен жұлынның жоғары және төменгі құрылымдарымен көптеген байланыстары. Экстрапирамидтік жүйеге қазіргі уақытта базальды ганглийлер және көрсетілген ми бағанының түзілімдерімен тығыз байланысты бас миының (премоторлық аймақ) маңдай бөлігінің қыртыс аймағының үлкен бөлігін жатқызуға болады.
Экстрапирамидтік жүйенің негізін мидың үлкен жарты шарының (коркалық ядро/ базальды ганглия) тереңінде жатқан сұр заттың жинағы құрайды. Оларға мынадай анатомиялық түзілімдер жатады: құйрықты ядро, қабық, бозғылт шар, қара субстанция, қызыл ядро, ретикулярлы формация және субталамикалық ядро.
Филогенез бен гистологиялық құрылысының ұқсастығы және функционалдық теңдік құйрықты ядроны, қабық пен бозғылт шарды бір жүйеге біріктіруге негіз береді, ол жүйе жолақ дене немесе стриатум (striatum) деп аталады. Қара зат, қызыл ядро, субталамиялық ядро паллидарлық жүйеге немесе паллидумға (pallidum) жатады, ол филогенетикалық тұрғыдан ескі құрылым болып табылады.
Экстрапирамидті жүйенің функциялары:
1) стереотип бойынша үйренген күрделі автоматтандырылған (жүгіру, секіру және т. б.) қозғалыстарды жүзеге асыру және түзету (музыкалық аспаптарда ойнау));
2) қозғалыс кезінде бұлшық ет тонусын сақтау және қайта бөлу;
3) сегменттік аппаратты әрекетке тұрақты дайындықта ұстау;
4) бағдарлы және қорғау сипатындағы (старт-рефлекстер);
5) мәнерлі мимикалық қозғалыстарға қатысу (эмоциялардың мимикалық көріністері);
6) қозғалысқа түрткі болуды қалыптастыру, стратегиялық іс-қимылдарды жоспарлау, қозғалыс бағдарламасын таңдау, қазіргі сәтте неғұрлым барабар қозғалысқа бастамашылық жасау және іске асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет