1 Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен тағылымы



Дата24.04.2022
өлшемі22,78 Kb.
#140642
Байланысты:
Қаз.қаз.зам.тар 1 апта
Сынау бакылау срс Дузелбаев, Сынау бакылау срс Дузелбаев, 1-4 лекция ЭКО виа, 1-8 лекция тезисі (1), Musa Saltanat 1501-21 Nauryz, Musa Saltanat 1501-21 Nauryz, 246-151-1-PB

Үсіпбек Ұлбала Нұржанқызы
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 103 топ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
1 Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен тағылымы
Тарих беттерін парақтап өткенімізге көз жүгіртсек Қазақ елінің тарихында жиырмадан аса мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдар болған екен. Олар Скиф, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері болса, одан кейін Түрік, Батыс Түрік қағанаттары, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар, Қидан мемлекеттері, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ хандықтары болып жалғасады. Одан әрі XIII ғасырдың басынан XV ғасырдың ортасына дейінгі Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы атты мемлекеттер бірінен соң бірі өмір сүріп, тарихтың еншісінде қала берді. Ал сол ғасырдың ортасында бұрынғы Дешті Қыпшақ, қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің тарихи тізгінін Қазақ хандығы өз қолына алады да XIX ғасырдың 20-жылдарына дейін жеткізеді.
ХV ғасырдың ортасы Моғолстан, Әбілқайыр хандығы т.б. мемлекеттердің дипломотиялық байланысы шиеленісіп тұрған қиын кезең болатын. Дәл осы уақытта Әбілқайыр хандығына сыйыса алмаған Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ халқының этникасын құрайтын көптеген ру-тайпаларды алып шығып, Шудың бойына Қазақ хандығының туын тігеді. Алғашында халқының саны аз хандыққа сырттан төнетін қауіптер шаш етектен болған. Дегенмен, сол уақытта Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын түрлі қауіптерден қорғап, болашаққа қарай жылжуына, дамуына жағдай жасады.
2 Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары
Бүгінгі күні біздің еліміз үлкен өзгерістерді бастан өткеріп отыр. XVII-XVIII ғасырларда жoңғарлардан көп қысастық көрді. Жоңғарларға қарсы күресте көрші Ресей империясына арқа сүйемекші болды. Кіші жүз Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге бодан болудан басталған үрдіс сол Ресейдің құрамында қалып қоюмен жалғасын тауып, отар елге айналды. Бұл халықтың сана-сезіміне әсер етіп бірте-бірте құлдық психология орнады. Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің тарапынан халықты құлдық санадан арылтатын арнайы идеология жүргізілуі қажет еді.
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихында ерекше кезең. Өз алдына дербес тәуелсіз ел болуға ұмтылу тарихи заңдылық деп айтуға болады. Керей мен Жәнібектің әрекеттері өз заманы үшін тәуекелге толы батыл әрекет деп бағаланады.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау. «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы». Қалай болғанда да, Қазақ мемлекеті өзінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтарын қалыптастырып үлгерді. Біздің бүгінгі бастағалы отырған кезеңіміз Қазақстанның қазіргі заман тарихы, яғни жаңа дәуір.
3 Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі
1980 жылдары аяғы мен 1990 жылдарының басында елде қалыптасқан демократиялық үрдістерге байланысты отандық тарихшылар еліміздің тарихын оқыту барысында тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады:
1) Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн – б.д.д. VIII ғасырға дейін (тас ғасыры, қола дәуірі).
2) Ежелгі кезең б.д.д. VIII ғасырдан б.д. VI ғасырына дейінгі уақытты қамтиды (сақ, ғұн, үйсін, қаңлы).
3) Орта ғасырлар кезеңі Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып, XVI ғасырдың аяғына дейін созылады (Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы).
4) Жаңа дәуір XVII ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты алып жатыр.
4 Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзекті мәселелері
Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды.
Біріншіден, өзгеріс ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық –методологиялық негіздерін қамтыды. Бұрынғы таң шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алында. Қазақ тарихы жалпы адамзат тарихының тінінде (контексінде) зерттеле бастады.
Екіншіден, қазақ тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді.
Үшіншіден, Қазақстан тарихшылары бұрын жабық болған қолдануға тыйым салынған дерек көздерін пайдаланып, оларды ғылыми айналымға тарта бастады. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы деректану және тарихнама кафедрасы ашылды.
Төртіншіден, халқымыздың тарихына қатысты бұрын пайда болған деректер газет, журнал беттерінде молынан жарияланды немесе жеке кітаптар түрінде жарық көрді. Бұл факторлар тарихымыздың қара түнек беттерін ашық, тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Алаш» журналының шығуы халық санасында жаңа көзқарас қалыптастыру мен насихаттауда оң қызмет атқарды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет