1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік



бет1/31
Дата29.05.2022
өлшемі146,17 Kb.
#145417
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Фарм эталон 2022
Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы, Философия үнді философиясы2, VKFXGCUUFJDI05122023190128, Ш. Жумадилла Түркістан 2022-emirsaba.org

1.Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік.
Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды.
Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды.
Дәрілік заттардың әсерлеріне байланысты бөлінуі:
1)Сандық
2) Сапалық
Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болды. Заттардың химиялық құрылысы және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады.
Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
Қатты түрдегі дәрілік формаларға:таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
Сұйық түрдегі дәрілік формаларға:ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға:майлар, паста мен ем балауыздар жатады.


2.Рецепт, құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктардың түрлері. Рецепттерді официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері.

Рецепт – дәрігерлердің фармацевттерге арналған жазбасы. Осы жазған дәріні белгіленген түріне, мөлшеріне байланысты науқастарға тағайындау ұсынысы.
Рецепттің ресми жазбасы тек латын тілінде жазылады, ал дәріні қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктемесі, науқас тілінде жазылады. Рецепттік бланкте уақытын (күні, айы, жылы), аты-жөнін, жасын (16-дан 60 жасқа дейін жазылмайды, өйткені орташа емдік мөлшермен байланысты), содан соң дәрігердің аты - жөні жазылуы тиіс. Рецептуралық тәжірибе жазбасында бірнеше мәліметтер болады.
1) Ресми жазба фармакопея арқылы заңды түрде өзгеріссіз жазылады. Бұл жазба жиі кездеседі, анықтамалық кітапша бойынша жазылады.
2) Магистральдық жазба - дәрігердің ұсынысымен жазылатын жазба, бұл өте қажет жағдайда анықтамада жоқ болғандықтан жазылатын рецепт.
3) Қарапайым жазба - рецепттің ішінде бір ғана емдік дәрі жазылуы.
4) Күрделі жазба – рецепттің ішінде бірнеше емдік дәрі және басқа да заттар жазылуы.
5) Қысқаша жазба - рецептте тек емдік дәрі ғана көрсетілуі.
6) Толық жазылатын рецепт - емдік дәрімен бірге қоспалы заттардың ( индиференттік) да жазылуы.
7) Мөлшерлі жазба - дәрінің керекті емдік мөлшерінің жазылуы.
8) Мөлшерсіз жазба - дәрінің жалпы салмағы және көлемінің жазылуы.
2.4. Рецепторлық бланктер.
Рецептті жазғанда 3 түрлі рецепторлық бланкпен жазады.
1-ші бланк - дәрілерді бүкіл бағасына дәріханадан сатып алуға арналған рецепт жазылады.
2-ші бланк- тегін немесе жеңілдікпен (мысалы, 50%) берілетін дәрілер жазылады, бірақ көшірмесі болу керек, ол дәрігерде қалады.
3-ші ресми бланк - улы және ересектер дәрілерін жазуға арналған және тегін немесе жеңілдікпен дәріханадан алуға болады.
Дәрілердің басым бөлігі тек рецепт арқылы алынады, бүкіл шет елдерде осындай заңды тәртіп енгізілген

3.Доза жайлы түсінік, дозаның жіктелуі. Жас балалар және қарт адамдарға дәріні дозалау принциптері.
3. Доза жайлы түсінік, дозаның жіктелуі. Жас балалар және қарт адамдарға дәріні дозалау принциптері.

Доза — емдеуге (әдетте бір доза) тағайындалған заттар мөлшері. Концентрация— сұйықтығы белгілі бір мөлшердегі зат. Бұл параметрлердің арасында тікелей тәуелділік бар. Доза мөлшеріне
байлаиысты оның каркындылығы, ұзақтығы, кейде әрекет сипаты өзгереді.
Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына эсер ететін факторлар
қолдану санына, дозалар кестесіне байланысты төмендегідей бөлінеді:
• Бір реттік доза — бір реттік қабылдауға арналған заттар мөлшері.
• Тәуліктік доза — тәулігіне қабылдайтын заттар мөлшері.
• курстық доза —• бүкіл емдеу курсына.
• Соққылы доза — бірінші доза кейінгіден асып кеткен кезде, қажет болатын жағдайда тез арада ағзадаты препараттың жоғары коицентрациясын жасау үшін.
Әсер түріне байланысты:
• Терапиялық доза:
- Ең төменгі;
- орташа мәнді;
- ең - жоғары;
• уды доза;
• өлім дозасы болып бөлінеді.
Ең томенгі терапевтік доза — дәрілік зат фармакологиялық белсенділік көрсететін доза.
Орташа терапевтікдоза — орташадәрежелі әсер тудыратын доза.
Ең жоғарғы емдік доза — ең жоғарғы терапиялық әсер тудыратындоза.
Улы және жоғары белсенді заттар үшін жоғары терапиялык доза немесе тәуліктік доза (бұл бір реттік немесе күнделікті кабылдауға ең жоғарғы доза) тағайындалады.
Уытты доза — улану тудыратын зат мөлшері.
Өлім дозасы — өлімге соқтыратын доза. Дәрілік заттардың белсенділігін салыстыру үшін, терапиялық әсер кеңдігін анықтау қабылданған, бүл — ең төменгіулы және ең төменгі терапевтік доза арасындағыдиапазон болып табылады. Препараттың көрсеткіші жоғары болған сайын, қауіпсіз әрі белсенді болады.Кішкентай балалар суда еритін препараттардың жоғары дозаларын (дене салмағының әр кг-на шаққанда) қажет етеді, себебі су олардың дене салмағының үлкен пайызын құрайды. Керісінше, жасы ұлғайған сайын балалар улы әсерлердің алдын алу үшін суда еритін препараттардың төмен дозасын қажет етеді, өйткені жасушадан тыс сұйықтықтың көлемі азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет