1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Н- холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Никотинмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары



бет14/31
Дата29.05.2022
өлшемі146,17 Kb.
#145417
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Фарм эталон 2022

26. Н- холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Никотинмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары.
Н- холиномиметиктер. Н- холиномиметикалық әсері каротидті шумақтың симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилердің және бурек усті безінің ми қабатының нейрондық Н-холинорецепторларының агонистеріне тән. Н — холиномиметиктер: Цититон, Лобелин. Тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандыратын шектеулі қолданылатын аналептиктер болып келеді. Улануларда, асфиксияда, тыныс бұзылыстарында жедел көмекке 1%- 0,2-0,5мл ерітіндіні тамыр арқылы енгізеді. Аналептиктерді жасанды дем беру тиімсіз болған жағдайда ғана қолдануға болады. Н- холиномиметиктер тобына жататын Табекс, Лобесил таблетка және шайнама сағыз түрінде темекіден арылуға (20-25күн) қолданады.

Н-холиномиметиктер ішінен дәрілік заттар ретінде тыныс алуды рефлекторлы қоздыратын лобелин және цитизии колданылады.


Лобелин- Lobelia inflata өсімдігінің кұрамында болатын алколоид. Химиялық кұрылымы бойынша үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың рецепторларына (сопақша мидың басқа да орталыктарына холиномиметикалык әсер көрсетіп, тыныс алуды рефлекторлы қоздырады. Алғашында қысқа уакытқа артериялық қысымды төмендетеді (кезбе жүйкенін орталыктары мен ганглийлері белсенеді), кейіннен жоғарылайды (көбінесе симпатикалық ганглийлерге және бүйрек үсті безінің милы заттарына ынталандырғыш әсер етуімен байланысты).
Тыныстың айкын қозуы ракитник (Cytisus laburnum) жэне термопсис (Thermopsis lanceolata) өсімдіктерінің кұрамындағы алколоид - цитизинді қолданғанда байқалады.
Химиялық кұрылымы бойынша цитизии екіншілік аминдерге жатады.
Н-холинорецепторларды қоздыруына байланысты негізгі әссрлерінін түрлері
лобелинге ұқсас. Жоғары концентрацияда бұл алколоидтар Н-
холинорецепторларды тежейді. 0,15% цитизин ерітіндісі ц и т и т о н деген
атпен шығарылады. .
Екі препарат та кейде тыныс алуды ынталандыру үшін (егер тыныс
орталығының рефлекторлы қозғыштығы сақталса) қолданылады. Көк тамырға енгізсді. Әсерлері өте қысқа мерзімді.
Сонымен қатар бұл алколоидтарды темекі шегуден айығуды женілдетін препараттардың негізгі компоненттері ретінде қолданады (цитизин -"Табекс" таблеткасында, лобелин - "Л о б е-сил"таблеткасында бар) .

Никотин - темекі (Nicotiana tabacum және Nicotiana rustica ) жапырағының алколоиды, химиялық кұрылымы бойынша пиридинметилпирролидин.

Никотинмен жедел уланганда гиперсаливация, лоқсу, кұсу, диарея байқалады. Брадикардия тахикардияға ауысады. Артериялық қысым жоғары, ентігу тыныс алудың тежелуіне ауысады. Қарашықтар басында тарылған,кейіннен кеңейеді. Көрудің, естудің бұзылыстары, сондай-ак тырысулар болады. Көмек көбінесе тыныс алуды қалыпты ұстауға бағытталған, өйткені өлім тыныс алу орталығының салдануынан болады. Никотиннің детоксикациясында қажетті уакытқа жасанды тыныспен камтамасыз еткен жөн.
Никотинмен созылмалы улану темекі шегумен байланысты. Бірақ, темекі түтінінде басқа да уытты заттардың бар екенін ескеру кажет. Созылмалы уланудың көріністері әр түрлі. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуы, гиперсаливация байкалады. Асқазан сөлінің қышкылдығы төмендеуі мүмкін. Тоқ ішектің моторикасы жоғарылайды.
Өзгерістердің ішінде кан айналымы жағынан артериялык қысымының жоғарылауынан және жүректің жиырылу ырғағының жылдамдауынан басқа экстрасистолия және пароксизмалды тахикардия болуы мүмкін. Никотин стенокардия ұсамаларының дамуына ықпал жасайды, кейде көруді нашарлатады. ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдері жағынан айтарлыктай өзгерістер байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет