1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Гемостазды реттейтін дәрілік заттар. Анемиялық синдромында қолданылатын препараттар



бет15/31
Дата29.05.2022
өлшемі146,17 Kb.
#145417
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Фарм эталон 2022

27. Гемостазды реттейтін дәрілік заттар. Анемиялық синдромында қолданылатын препараттар.

1.Антиагреганттар-тромб агрегациясын(агрегация- тұну)төмендететін дәрілер: Аспирин, Курантил (Дипиридамол), ТромбоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил, Плавикс, Пентоксифиллин (Трентал). Бұл дәрілер тромбтың пайда болу қаупінде алдын алу және қанды сұйылту үшін қолданылады.

Агреганттар-тромб агрегациясын(тұнуын)жоғарылататын дәрілер: Дицинон (Этамзилат), Адроксон (жергілікті). Бұл дәрілер қан тоқтату үшін қолданылады.
Дицинон – тамыр өткізгіштігін қалпына келтіріп, микроциркуляцияны жақсартады, қанды қоюландырады.

Қанның ұюына әсер ететін дәрілер:


Антикоагулянттар (коагуляция- жабысу) — қанның ұюын төмендететін дәрілер:
Қанның ұюына тікелей әсер ететін дәрілер: Гепарин, Фраксипарин, Клексан, Гирудин (қан ұю факторына әсер етеді)- протромбиннің тромбинге айналуын бұзып, тромбиннің белсенділігін жояды.

Қанның ұюына тікелей емес әсер ететін дәрілер: Неодикумарин, Варфарин, Эскузан, Анавенол, Троксевазин. Бауырда қанды ұйытатын факторға әсер етеді (протромбиннің пайда болуын тежейді).

Қолданылады: қанның ұюын төмендетуге тромбофлебитте, миокард инфарктісінде, тромбоэмболиялық аурулардың алдын алуда.

2. Коагулянттар — қанның ұюын жоғарылататын дәрілер: Викасол (Вит К), кальций хлорид ерітіндісі (CaCl2)-10%-10мл ампулада, кальций глюканат. Тромбин және Тахокомб (сорғыш түрінде жергілікті қолданылады). Қолданылады: қан тоқтату үшін.


3.Фибринолизге әсер ететін дәрілер

Фибринолитикалық дәрілер: Стрептокиназа, Урекиназа, Алтеплаза, Фибриолизин.


Әсері: қанда фибринолизиннің пайда болуын, белсенділігін арттырып, пайда болған фибриндерді ерітеді. Стрептокиназа мен урекиназа жаңа пайда болған тромбыларды ерітуде тиімді. Стрептокиназаны қолданғанда жалпы қанда фибринолизин көбейіп қан кету қаупі бар. Алтеплаза пайда болған тромбтағы фибринге ғана әсер етіп, ерітеді.

Антифибринолитикалық дәрілер: Аминокапрон қышқылы 5%-100мл, Контрикал, Амбен (сорғыш).


Әсері: қандағы фибринолизин ферментінің пайда болуына, белсенділігіне тежегіш әсер етіп белсенділігін азайтады, фибрин жіпшелері көбейеді.

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданғанда 2 – 3 күн сайын қанға сараптама жасап тексеріп отыру керек.

Анемия- қанның азаю ауруы. Анемия кезінде қан көлемі өзгермейді, тек оның құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгереді. Адам қансырағанда 1-2 тәуліктен кейін қан сұйыла бастайды. Өйткені эритроциттер 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Эритроциттердің құрамында гемоглобин көбейсе гиперхромды анемия деп аталады. Ал эритроциттердің құрамында гемоглобин азайып кетсе гипохромды анемия деп аталады. Гиперхромия кезінде эритроциттер саны азайып, жеке эритроцит ұлғайып (макроцит) гемоглобинге толады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет