1. Экг түсіру мақсаты. Журекте пайда болған электр тогын жазу тәсілі



бет1/3
Дата16.01.2022
өлшемі226,44 Kb.
#112317
  1   2   3
Байланысты:
10.12.2020. алгоритм


ЭКГ түсіру іс әрекеті.

1.Экг түсіру мақсаты.Журекте пайда болған электр тогын жазу тәсілі.

2.ЭКГ-ға түсіретін бөлме арнайы дайындықпен болу керек,физиотерапия,рентген кабинеті,электроматорлар,электрощиттерден бөлек орналасу керек.

3.Бөлмеде пациент жататын кушетка 1,5-2.0 м тоқ бар жерден алыс болу керек.Бөлмеде элетр тогы соқпас үшін қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

4. Тексеру тамақтан кейін 2 сағаттан соң және 10-15 минут демалғаннан кейін жүргізіледі.

5.Пациентке тексеру шалқасынан жатқан қалыпта жасалады,себебі осы қалыпта еттер жақсы босаңсиды.

6.ЭКГ түсірудің алдында арнайы тіркеу журналына пациенттің аты-жөні,жасын,түскен уақытын,жылың,күнің,ауру тарихының номерін,диагнозын жазу керек.

7.Жасайтын жердің терісін жақсылап спиртпен сүрту және электродттарға арнайы гелді жағу.

8.Аяқтың ішкі жағына ,қолға резеңке лентаның көмегімен және арнайы пластмаса қысқыштар арқылы төрт жұмсақ пластиналық электрод қойылады.Оң жақ қолға- қызыл түс;сол жақ қолға- сары түс;сол жақ аяққа-жасыл түс; оң жақ аяққа- қара түс.

9.ЭКГ аппараты көпканалды жазатын болса,онда бір немесе бірнеше кеуде электродттары қойылады,резеңке груша көмегімен немесе бір рет қолданатын кеуде электродтары арқылы:

● V1:төстің оң жақ шетіне төртінші қабырға аралығына.

● V2:төстің сол жақ шетіне төртінші қабырға аралығына.

●V3:сол жақтан бесінші қабырға аралығында V2 және V4 тіркемелер аралығына .

●V4:сол жақ бұғана ортасы сызығымен бесінші қабырға аралығының қиылысқан жеріне.

●V5:сол жақ қолтықтың алдыңғы сызығы бойындағы бесінші қабырға аралығына.

●V6:сол жақ қолтықтың ортаңғы сызығы бойындағы бесінші қабырға аралығына қойылады.

Кардиогенді шок кезіндегі шұғыл көмек

Мақсаты: артериялық қан қысымын жоғарылату.

Тәуелсіз көмектің іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер шақыру

2.Науқастын ыңғайлы қалыпта , басын жоғарылатып жатқызу, аяқ жағын сәл көтеріп

3.Ылғалдандырылған оттегін беру,ыстық шай ішкізу(қан тамырларды кеңейту үшін)

4.500мг аспиринді шайнатып сумен жұтқызу

5. Науқастың жағдайын бағалау:АҚҚ,пульс.жүрек соғысын,тыныс алу жиілігін.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет