1 есептік-сызба жұмысы пәні : «Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері»



Дата17.03.2023
өлшемі264,89 Kb.
#172786
Байланысты:
БАРЖ ЕСЖ№1 АУТк 20-11 Амантай Гауһар


«Ғ.ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
1 ЕСЕПТІК-СЫЗБА ЖҰМЫСЫ
Пәні : «Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері»
Тақырыбы : «АБЖ динамикалық қасиеттерді бағалау әдістері»
Мамандығы: 6В07108- «Автоматтандыру және басқару»
Орындаған​: Амантай Г.М
Нұсқа:2
Тобы: АУ(АУТ) 20-11
Қабылдаған :  аға оқытушы Аталыкова Альфия Кенесовна

___________ ___________ «____»______________________2023ж.


(бағасы) (қолы)

Алматы 2023


1 Есептік-сызба жұмысы. Автоматты басқару жүйесінің сипаттамаларын анықтау
Жұмыстың мақсаты: MATLAB-та үздіксіз жүйелердің уақыт және жиілік сипаттамаларын анықтау.
1.1 Тапсырма
1.4-кестеде үздіксіз жүйенің беріліс функциясы көрсетілген.
1. MATLAB командалық терезесіне беріліс функциясын енгізіңіз.
2. Беріліс функциясының полюстері мен нөлдерін анықтау.
3. Өтпелі және импульстік-өтпелі функциялардың графигін құру.
4. Логарифмдік жиілік сипаттамаларды құру.
5. Жиілік Найквист годографын құру.


1.2 Теориядан қысқаша ақпарат
Control System Toolbox-та комплексті беріліс функциясы ретінде динамикалық жүйені анықтайтын деректер түрі болады. Бір кірісі және беріліс функциясы ретінде бір шығысы бар LTI жүйесін жасайтын командалық синтаксис:
tf([bm, …, b1, b0], [an, ..., a1, a0]) bm, ..., b0 — беріліс функциясы алымының полиномдық коэффициенттерінің мәндері; an, …, a0 — беріліс функциясы бөлімінің полиномдық коэффициенттерінің мәндері.
1.1-кесте – LTI-моделінің түрлендіру командалары

  1. tf беріліс функция түрінде tf-модельді қалыптастыру

  2. zpk zpk-моделін қалыптастыру

  3. filt дискретті сүзгі түріндегі модельді қалыптастыру

  4. ss күй кеңiстiктiң аумағында ss -модельді қалыптастыру

1.2-кесте – Нөлдер мен полюстерді есептеу үшін функциялар

  1. pole LTI моделінің полюстерін есептеу tzero

  2. LTI моделінің нөлдерін есептеу

1.3-кесте – Уақыттық сипаттамаларды тұрғызу функциялары

  1. step өтпелі функция

  2. impulse импульстік өтпелі функция

АБЖ динамикалық сипаттамаларының графиктерін алудың тағы бір нұсқасы – ltiview командасымен шақырылатын CST-LTI viewer графикалық интерфейсін пайдалану, оның параметрі ретінде LTI нысаны бар айнымалының атауын көрсетуге болады.
1.3 Орындау реті
Беріліс функциясы мынадай болатын мысал қарастырайық:



Жүйенің динамикалық және жиілік сипаттамаларын табамыз.

  1. W деп аталатын LTI нысанын жасаңыз, ол үшін мынаны орындаңыз:


1.1 сурет - Жүйенің беріліс функциясы
2. pole, zero командаларын пайдаланып беріліс функциясының полюстері мен нөлдерін табыңыз.
>> pole(w)

1.2 сурет – pole команды
>> zero (w)

1.3 сурет – zero командасы


  1. Өтпелі функцияны келесі командамен құрайық

>> step(w)


    1. сурет - h(t) өтпелі функциясы



  1. Импульстік өтпелі функцияны құрастырамыз

>> impulse(w)


    1. сурет - Импульстік өтпелі функциясы



  1. ЛАЖС және ЛФЖС (Боде диаграммасы) келесі команданы пайдалана отырып алынатын болады

>> bode(w)

1.6 суреті - ЛАЖС және ЛФЖС
6. Келесі команданы қолдану арқылы Найквист жиілік годографын анықтайық
>> nyquist(w)

1.7 суреті – Найквисттың жиілік годографы
Ұқсас нәтижелерді (1.5 - суреті) келесі команданы пайдаланып алуға болады
>> ltiview(w)
«Plot Configuration» мәзіріндегі тиісті параметрлермен.


1.8 суреті - LTI-viewer тересезі

1.4 Есептің мазмұны
- жұмыстың мақсаты;
- жүйенің нөлдері мен полюстерін есептеу;
- берілген жүйенің динамикалық сипаттамалары:
- қорытынды

1.5Бақылау сұрақтары
1. Берілген жүйенің типтік буындары қандай?
2. Жүйенің өтпелі функциясы дегеніміз не?
3. Күй кеңістікте жүйе қалай сипатталады?
4. Тұйық жүйенің беріліс функциясы қалай болады?
5. Жүйенің нөлі мен полюсі деп не аталады?
6. ЛАЖС-тың қандай түрі жоғары жиілікті сүзгіге ие?
Қорытынды
Бұл есептік сызба жұмыстың барысында АБЖ динамикалық қасиеттерді бағалау әдістері тексерілді. MATLAB-та үздіксіз жүйелердің уақыт және жиілік сипаттамаларын анықтадық. Беріліс функциясының полюстері мен нөлдерін тауып,логарифмдік жиілік сипаттамалар құрып, Найквист годографын таптық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет