1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері.
Жоғары сыныптардағы қозғалмалы ойындар негізінен жалпы дене даярлықтарын жоғарылату, сонымен бірге жасөспірімдердің арнайы спорттық даярлықтары үшін қолданылады.
15-17 жастық кезеңде (Х-ХІ сыныптар) ағзаның өсуі және дамуы жалғасуда екенін есте ұстаған жөн. Қаңқаның сүйектену үрдісі, бұлшық ет күшінің өсуі және ішкі ағзалардың дамуы әлі аяқталмаған. Жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесі қызметінде кейбір ауытқулар, жоғары қозушылық байқалады. 15-17 жастағы жасөспірімдер мен қыздар ағзасының шыдамдылығы ересектерге қарағанда төмен.
Жасөспірім ұлдар денесінің салмағы бұлшық ет массасының ұлғаюы арқасында қосылады; салмаққа қатынасы бойынша бұлшық ет күштерінің дамуындағы кейін қалу оларда байқалмайды. Жасөспірім қыздардың бұлшықет жүйелері ұлдарға қарағанда баяу дамиды (атап айтқанда, иық белдеуі мускулатурасы әлсіз). Қыздар денесінің салмағы кеуде ұзындығы, жамбас белдеуінің дамуы есебінен еселенеді.
15-17 жастағы қыздар аяғы мен кеуде ұзындықтар қатынасын салыстырмалы бағалаудың көрсетуінше кеуде ұзындығы үлкейген сайын аяқтары ұлдарға қарағанда қысқа, сондықтан да олардың қадам жасаулары да қысқа. Ал дене салмағы мен өкпелердің өмірлік сыйымдылық салыстыруларының берілгендері бұл көрсеткіштердің қыздарда төмен екендігін көрсетеді.
Жоғары сынып оқушыларында абстрактілі ойлауға және өз әрекеті мен қоршаған орта әрекететін талдауға қабілеттіліктері айқын өседі. Көптеген бозбалар мен бойжеткендерде спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақтарға қызығушылығы толығымен қалыптасады, сондықтан оларды спорттың таңдалған түрінде жетілуге мүмкіндік беретін қозғалмалы ойындар тартады.
Олар үшін қиындылығы бойынша маңызды, тәсілдер мен әрекеттерді орындауға құрылған қатысушылардың өзара қарым-қатынасы бойынша күрделенген қозғалмалы ойындар толығымен қол жетерлік және қызықты.
Дұрыс өткізлетін қозғалмалы ойындарды жүйелі ұйымдастыру айналысушылардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге және дене даму динамикасына оң әсер етеді.
Бұл жастағылардың сүйек-бұлшық ет аппаратының дамуы әлі аяқталмағанын басты назарға ала отырып, ойындарда ұзақ бір жақты күш салуға жол берілмеуі тиіс. Сонымен бірге боз балалар мен бойжеткендер жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесіне зиян келтіретін жүгіруі, секіру және т.с.с бар ойындардағы жоғарылатылған жүктеме қарама-қарсы көрсетілген. Алайда жалпы дене дамуын жоғарылату және қозғалыс дағдыларын жетілдіру мақсатында жеткілікті ұзақ уақыт бойы қатысушылардың көп қайталанатын белсенді қозғалыстары бар ойындар өткізуге болады. Күш, жылдамдық, қозғалыс координациясы және шыдамдылық көрсетуді талап ететін ойын әрекеттеріндегі қыздардың дене мүмкіндіктері ұлдарға қарағанда төмен болатындығын ескерген жөн.
Жетекші жоғары сынып оқушыларының бойында қозғалмалы ойын сабақтарын шынайы іс ретінде қабылдайтындай қатынастарды тәрбиелеуі тиіс. Белгілі бір ойын сабаққа мақсатты бағыттылы түрде енгізілетінін және оқу-машықтандыру мәніне ие екендігін түсіндіріп өткен жөн. Ойын тапсырмаларын саналы орындай отырып, оқушылар қозғалмалы ойындарды үлкен қызығушылық пен үлгілі тәртіппен орындайды. Белгілі бір техникалық тәсілді, тактикалық әрекетті сәтсіз орындау жағдайында айналысушыларға қайталап жасауға мүмкіндік беру керек, осылайша жағымды нәтижеге қол жеткізудің тұрақты, бірбеткей машықтануға үйрету қажет.
Жастарды әскери-патиоттыққа тәрбиелеу, оны ҚР Қарулы Күштердегі қызметке дайындау- обьективті қажеттілік .
Жастарды патриоттық және интернационалды тәрбиелеу сыныптағы идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.
Жыл сайын әскерге жақсы толықтырулар келеді. Жас жауынгерлер қысқа мерзім ішінде мамандықты және барлық әскери қызметті жетістікпен меңгереді, жауынгерлік уставтар талаптарын адал орындайды, бөлімшенің қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Олардың өміріндегі қол жеткізілген жетістері оқу орындарында жастармен өткізілетін әскери-патриоттық тәрбие бойынша мақсаты бағытталған жұмыспен түсіндіріледі.
Әскери-патриоттық тәрбие Отанды қорғау бойынша қасиетті парызды орындау үшін қажетті жоғары психологиялық және моральды-жауынгерлік сапасын қалыптастырудың үздіксіз мақсатты бағыттылы үрдісі ретінде ұсынылады.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу формаларының бірі «Ұлан» әскери-спорттық ойын болып табылады.
«Ұлан» жастар әскери-спорттық ойын ҚР ҚК-дегі қызметке даярлауға, әскери істер негіздерін меңгеруге, идеялық және дене шынығуындағы қазақтар мен қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбек дәстүрлерінде жастарды тәрбиелеуде үлкен мәнге ие. Ол оқушылардың алғашқы даярлық бойынша білімдерін бекітуге,ержүректілікке, солдат пен еңбекқорға қажетті сапаларды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ойын енгізілген мектептер, арнайы орта оқу мекемелері бозбалалар мен бойжеткендердің жүректері мен ақыл-ойларына жағымды әсер ететіндіктерін сезеді.
«Ұлан» ойыны біройналатын, жеке немесе құрама командаларға арналған элизодтық іс-шара емес, жүйелі қорғаныс-көпшіліктік және спорттық ойындардың көпшілік формасы.
«Ұлан» жастар әскери-спорттық ойынды құқық бойынша ерліктің, ержүректіліктің, патриотизмнің мектебі деп атайды. Ол жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оны морольды және денесін шынықтырады, әскери қызметке жақсы даярлыққа, АӘД бойынша білім мен дағдыларды мықты нығайтуға ықпал етеді.
Әскери бөлімшелер, әскери оқу орындары, әскери комиссариаттар, жоғары және арнайы орта білім беру оргындары, азаматтық қорғаныс және ТЖ штаптакры, «Отан» дене мәдениеті және спорт қорғаныс ұйымдары, қызыл крест және қызыл жарты ай қоғамдарының бұйрық ету күштерінде «Ұлан» әскери-спорттық ойын барлық оқу мекемелері мен жастар ұйымдарында кең қолдауға ие болды.
АӘД-пен бірге «Ұлан» ойын жасөспірімдерге жас салдатты дайындау көлемінде қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру және бекітуге көмектеседі, осылайша АӘД қоғамдық формасы жүйелі сыныптан тыс қорғаныс-көпшіліктік және спорттық әрекеттегі бозбалалар мен бойжеткендерді көпшілік тарту арқылы Отанды қорғауға жастарды даярлау бойынша жұмыстардың комплекстік формасы болып табылады (5)
2. Мектептегі 9 – 11 сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған әскери-спорттық ойындар. «Ұлан» әскери-спорттық ойыны
«Ұлан» ойынын мектепте ұйымдастыру.
Әрбір жаңа оқу жылының басында қыркүйек айында барлық орта мектептер мен орта арнайы оқу орындарында, КТМ-де келесі жұмыстар жүргізіледі.
1-курс тобы, әрбір 9-сыныпта өткізілетін ашық жастар жиналысында оқушылардың «Ұлан» ойынына түсуі туралы сұрақ шешіледі. Жиналыс батальон штаб мүшелерімен және сынып жетекшілерінің қатысуымен өткізіледі.
Ойынға қатысу туралы сұрақты балалардың өздері шешулері тиіс. Әрбір ұландыққы төмендегі міндеттер жүктеледі:
Өз Отанның патриоты болу.
ӘҚК-дегі қызметке өзін-өзі даярлау ағашқа оннан кем емес тартыла білу, басқа нормативтерді орындау, атап айтқанда.
Үлгілі оқу, тәртіпті болу.
Инициатива көрсете білу, «Ұлан» ойыны командирлерінің бұйрықтарын жылдан әрі дәл орындау.
Ұқыпты сыртқы тұлғаға ие болу, үлкендерге сыйластықпе, қарау.
АӘД және әскери-спорттық жұмысқа арналған оқу – материалдық базаны құрудың және жетілдірудің белсенді қатысушысы болуы тиіс.
Жиналыста бөлімшелерді, взводтарды құру, командирлер мен ұрыс парағының редакторы тағайындалуы керек.
10-11 сыныптар, оқу орындарының 2-3 курстар взводтарында командалық құрамды қайта таңдау жүзеге асырылады. Батальонда тағайындалады: батальон камандирі, тәрбиелік іс бойынша орынбасры, штаб башысы және штаб мүшелері.
Камандалық құрамға таңдалынған ұландықтар әркім өз бағыттары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және оны орындағаны үшін батальон штабы алдында персанальды жауапкершілікке ие болады. Айына бір реттен жиі емес бөлімшелер, взводтар, ұрыс парақтарының редакторларын оқыту, күнтізбелік жоспар, сабақ кестесі өңделеді, «Ұландық» газетін ай сайын шығарады, өрт саптық даяарлық, азаматтық қорғаныс ТЖ, арнайы даяарлық, тактика және т.б бөлімшелерге ұландықтарды даярлау тарауларын оқытуды ұйымдастыру жүзеге асырылады.
Ойын батальонының штабы, взводтардың командалық құрамы жұмыс жоспарын өңдеп, бекітеді. Консульттанттар кеңесі және оқу орындарының коллективі ұландықтар барлық категориядағы актив оқуларын ұйымдастырады және өткізеді.
Батальон штабының басты міндеті – әрбір ұландықтың қорғаныстық – көпшілік жұмыста және спорта белсенді қатысуына қол жеткізу, әрбір взводта жыл бойылық жоспарлы жұмысты ұйымдастыру.
Взвод – ойынның негізгі бөлімшесі. Онда ойын қатысушыларымен бірге күнделікті, үнемі әскери – спорттық жұмыс өткізіледі. Сондықтан взводтағы ұйымдастырушылық жұмыс маңызды іс болып табылады. Взводтағы жұмысты үнемі, ретті түрде өткізу қажет, оның қорытындыларын мерзімді түрде жиналыстарда талқылау, взвод ұландықтарының барлық тапсырмаларды орындауын есепке алу.
Взвод камандирі «Ұландыққа арналған» бағдарламасы бойынша ұландықтарды сабаққ қатысуы, қалыптасқан нормативтерді, тапсырмаларды олардың орындауы, әскери-патриоттық және қорғаныстық-көпшілік жұмыстар көрсетілетін «Ұландықтар взводының күнделігін» жүргізеді.
Ойынға әдістемелік және педагогикалық жетекшілік ету үшін мұғалімдер, соғыс ардагерлері, жауынгер - интернационалисттер, запастағы жауынгерлер, ата-аналар, медициналық қызметкерлер, «Отан» белсенділері, ЖОО студенттері ішінен концультаттар Кеңесі құрылады. Кеңес төрағасы және бас консультант айына екі реттен кем емес инструктивті және әдістемелік сабақтар өткізеді, айына бір рет ойынның барлық бөлімшелері командалық құрамының оқуы ұйымдастырылады.
Директор ойынға ұйымдастырушылық – педагогикалық жетекшілігін жүзеге асырады, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруге сынып жетекшілерін, тұтасымен педагогикалық ұжымды белсенді қатысуға тартады, ойынды материалдық қамтамасыз ету үшін батальон штабы, консультанттар кеңесіне көмек көрсетеді.
«ҰЛАН КҮНІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ»
Ол барлық салт-жоралардың орындалуымен апта сайын жүргізіледі. Белгілі бір күнде, сабақтардың нақты саны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген «Ұлан күнін» өткізу туралы бұйрық келесідегідей бірізділікте шығарылады:
Взводтар бойынша сапқа тұру;
Штаб басшысы ұландықтардың бар және сабаққа даяр екендігі туралы взвод командирлерінің баяндамасын қабылдайды;
Штаб басшысы батальон басшысына баяндайды;
Батальон командирі ойынға қатысушылармен амандасып, тапсырмалар береді;
Взводтар батальон бұйрық берумен мектеп жетекшілігі және педагогикалық ұжым алдында салтанатты маршпен ізет ете жүріп өтеді де, сабақтарына тарасады.
Жоспарға сәйкес әрбір взвод кестеде көрсетілген өздерінің нақты істерімен айналысады.
ОРТА МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН «ҰЛАН КҮНІНЕ» НҰСҚАСЫ
Бірінші сағат дене даярлығы. Жасөспірім ұлдар – көпір ағашқа тартылуды машықтану, 100м қашықтыққа жүгіруге машықтану, кіші допты лақтыру. Қыздар – арқамен жата, кеудені көтеруге машықтану, жүгірудегі және кіші допты лақтыруға машықтану, взвод командирі жүргізеді.
Консультант – дене мәдениеті жетекшісі. Противогаздың жарамсыздығын анықтау және оны қолдану білігіне машықтану. Батальон командирінің белгілеуі бойынша 11сынып оқушылары жүргізеді. Консультант АӘД оқушысы 10 «Б».
Бірінші сағат – 10 «А» сыныбының екінші сағат тақырыбы. Екінші сағат – 10 «А» сыныбының бірінші сағат тақырыбы 11 «А».
Бірінші сағат. АКМ және ату қаруларының даму тарихы білімдері бойынша викторина АӘД оқытушысы жүргізеді.
Екінші сағат. Дене даярлығы. Жасөспірім ұлдар – жүгіруге және салмағы 700г гранатаны лақтыруға машықтану. Қыздар – жүгіруге және салмағы 500г гранатаны лақтыруға машықтану. Взвод командирі өткізеді. Консультант – дене мәдениеті жетекшісі.
11 «Б». Бірінші сағат – 11 «А» сынып сабағының сағаты бойынша тақырып. Екінші сағат – 11 «А» сынып сабағының бірінші сағаты бойынша.
Сабақ аяқталған кезде батальон қайтадан сапқа тұрады, батальон командирі өткізілген сабақтың сапасына баға береді, осыдан кейін батальон қайтадан салтанатты маршпен жүріп өтеді.
«Ұлан күні» корытындылары бойынша әрбір взводта «Ұрыс парағы» шығарылуы тиіс. Күн жетістігі педагогикалық ұжымның, консультанттардың, жасөспірім ұлдар мен қыздардың жолдастық біріккен жұмыстарына тәуелді.
Ұлан ойынының басты мүшесі взвод болып табылатындықтан – Ұландықтардың ауыстырылмайтын көмекшілері сынып жетекшілерінің рөлі жоғарылайды. Ойын оқутышыларға былайша айтқанда «қиын» балаларға «кілт табуына» көмектеседі.
Батальонда Қ.Р. бұйрығы болуы тиіс.
МЫНА САЛТ ЖОРАЛАР БЕКІТІЛГЕН:
Ойынның жаңа қатысушыларын Ұлан қатарына салтанатты қабылдау.
Салтантты іс шараларды өткізу кезінде батальон жалауын алып шығу.
Ел өміріндегі Қ.К. атаулы даталарға алғыс, мадақтауларды жариялауға арналған ұландықтардың салтанатты сапқа тұруы.
Ескерткіштерде, мемориалды белгілерге құрметті қарауылды қою, оқу мекемелері, Қ.К. отан тарихындағы атаулы күндер.
«Ұлан» ойыны бойынша бұйрықты сап алдында жариялау.
ЕРЕКШЕЛЕНУ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАСЫ.
Киім формасы – А.Ә.Д. пәні бойынша мектептегі қалыптасқан форма. Сол жеңде кутки, шынтақтан жоғары – Ұлан ойынының шевроны, бөлім командирлерінде эмблема астында екі көк жолақ, батальон командирі орынбасарында – бір үлкен көк жолақ. Санитар дружиналары сол қолдарында қызыл крест эмблемасы бар таңғыш тығып жүреді.
«Ұлан» ойынының негізгі ережелері және мазмұны.
ОЙЫНҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ.
«Ұлан» ойынының ұйымдастырушылары болып табыллады:
ҚР Қорғаныс Министрлігі.
БМ тәрбиелік және әлеуметтік құқықтық жұмыстар департаменті. ҚР Білім және Ғылым, денсаулық сақтау, спорт және т.б. министрліктер. Жергіліктерде ойынға жетекшілік жасау үшін «Алау», «Ұлан» ойындарының штабтары мен бұйрық берушілері бекітіледі. Оның құрамына білім беретін органдарының өкілдері, әскери комиссариаттар, әскери бөлімшелер және т.с.с. енеді.
Штабтар ойынның ұйымдастырушылық және әдістемелік жетекшілігін жүзеге асырады, ұландықтарды даярлау және ойынды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды өңдеуді, бұйрықтарды дайындайды, жұмыс қорытындыларын шығарып, оқу жүргізеді және т.с.с.
«Ұлан» ойынының батальондағы және взводтағы даярлық мазмұны.
Ойын мазмұны болып табылады: арнайы тапсырмалар, әскери-спорттық жарыстар, эстафеталар, десанттар, операциялар, марш-лақтырушы, жергілікке арналған тактикалық ойындар және т.с.с.
Ойынның қатысушылары жыл бойы келесі тараулар бойынша білімдерін және практикалық дағдыларын тереңдетіп, жетілдіруге міндетті:
Отан күзетінде ҚР Қарулы күштері.
Тактикалық даярлық. Атыс даярлығы.
ҚР Қарулы күштер жарлықтары.
Саптық даярлық – Әскери топография.
Азаматтық қорғаныс және ТЖ.
Медико – санитарлық даярлық.
Дене даярлығы.
Әскери-қолданбалы, техникалық даярлық.
ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ
Батальон командалық құралы, взводтардың ҚР Қ.К тарихын оқыту кезінде консультанттар кеңесі ойын қатысушылары төмендегілерге ұмтылатындай етіп бағыттауы қажет.
АӘД тақырыптары бойынша өз білімдерін бекіту, АӘД оқулық тақырыптарының танысу.
Бүгінгі таңдағы ҚР ҚК белгіленуімен, міндеттерімен, құрамымен таныстыруды жалғастырады.
Өз бойларында Қазақстандық патриотизм және интернационализм сезімдерін, Отанға және ҚК деген сүйіспеншілікке, әскери парызды мінсіз орындауға, жоғары тәртіптілікке және Отанды қорғау үшін жеке жауапкершілік даярлық сезімдеріне тәрбиеленеді.
Оқу жылы бойында «Ұлан» бұл тарауды оқыту кезінде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: викторина, ерлік сабақтары, олимпиадалар және т.б.
ҚР ҚК бойынша олимпиадаларды бірнеше кезеңде өткізу ұсынылады:
Егеменді Қазақстанның Қарулы Күштері.
Жалпы белгілену күштері, олардың құрамы мен белгіленуі.
Ауа қорғаныс күштері.
Мемлекеттік шекараны күзету күштері.
ВВС және ВМФ
Батырлық – патриоттық тақырыптарға тақпақтар және өлеңдер орындау.
Викторина – қосымшаланады.
Тактикалық даярлық.
Ұландықтарға қажет:
МСО ұйымдастыру, ұрыс әрекеттерінің негіздері, ұрыстағы солдат міндеттері бойынша білімдерін тереңдетуі;
Ұрыс басталған сәтте, қорғаныс кезінде, барлау жүргізуде солдаттардың әрекетінің орындалуындағы практикалық дағдыларды бекіту;
Қарсылас ұшақтары мен тікұшақтарына автоматтан от шашу және танктермен күрес тәсілдерімен танысуды жалғастыру;
Өз бойында ерлік, өзара көмекке даярлық, жауапкершілік, ұжымшылдық, жолдастыққа даярлық сезімдеріне қойылған тапсырмаларды орындауға тәрбиелеу.
Викторина нұсқасы қосымшаланады.
АТЫС ДАЯРЛЫҒЫ.
Ұландықтарға қажет:
Қолдан жасалған жарқыншақты бомба, АКМ материалдық бөлігі мен ұрыс қасиеттері бойынша білімдерін тереңдету.
Ату ережелері мен әрекеттерін орындау кезіндегі әрекеттердегі практикалық дағдыларды бекіту.
Ату қаруын сақтау және ұқыпты ұстау ережелерімен танысуын жалғастыру.
Өз бойында ұрыста сенімді болуға тәрбиелеу және оны шебер меңгеру қажеттілігін түсіну.
Атыс даярлығына оқыту АӘД сабақтарында, атыс үйірмелеріндегі және «Ұлан» ойын бағдарламасы бойынша сабақтар жүйесінде үнемі жүргізіледі. «Снайпер» операциясы ұсынылады, ол бес кезеңде жүргізіледі.
Ату бойынша ұйымдастырылатын жарыстар мен машықтандыруға арналған орындарды даярлау.
Апта сайынғы Ұлан күні барысында атыс даярлығы бойынша ретті сабақтарға ұландықтарды жаппай тарту.
Взводтардағы ату бойынша жеке-командалық бірінші болу жарыстарын, АКМ бөлік жұмыстарының және құрылымының білімдері бойынша конкурстар өткізу. Қорытынды кезең – толық құрамда барлық взводтардың қатысуымен батальон біріншілігіне пневматикалық қарудан ату бойынша жарыс. АКМ білімі және ату қаруының даму тарихы бойынша викторина нұсқасы – қосымшаланады.
ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕР УСТАВТАРЫ
Ұландықтарға қажет:
Күндізгі және сағаттық солдаттар міндеттері, жауынгерлік тәртіптілік талаптары туралы білімдерін тереңдету.
Жауынгерлік сыпайылылықты қадағалау, жауынгерлік ізет көрсету, бұйрқтарду орындау кезіндегі әрекеттер, үлкендерге қатынас жасаудағы дағдыларды бекіту.
Ішкі және қарауылдық қызмет-міндеттерімен, әскери-қызметкерлердің жалпы міндеттерімен танысуды жалғастыру.
Өз бойларында ҚР Қарулы күштеріне деген сүйіспеншілікке, жоғары тәртіптілікпен орындаушылыққа, командирлер мен басшылардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындау даярлығына тәрбиелеу.
Уставтарды оқыту кезінде олимпиада, конкурстар, викториналар өткізу ұсынылады.
ҚР ҚК уставтар мәніне викторина нұсқасы қосымшаланады.
саптық даярлық
Ұландықтарға қажет:
Сап элементтерін білу және сапқа тұрмас бұрын солдат міндеттерін білу.
Қарусыз біреулік саптық тәсілдерді және саптағы командаларды дұрыс орындау практикалық дағдыларын бекіту.
Қару мен саптық тәсілдерді орындау тәртібімен танысуды жалғастыру.
Өз бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, тартымдылық, ұжымдылық, жолдастық, өзара көмек сезімдеріне тәрбиелеу. Саптық даярлық бойынша біріншілікке бөлімшелерді жарыстыру, сап және ән айтуларын қарау ұсынылады: бөлімше толық құрамда екі сапқа тұрады. Бөлімше командирі қарауға даярлықтары туралы баяндайды. Судьялар бағаланады:
а) «Сапқа тұр», «Тік тұр», «Түзел», «Еркін тұр», «Жинақтал», «Тара» командаларының орындалуын, қозғалыста жауынгерлік ізет көрсетулерін, қозғалыста және бір орында бұрылулар, саптық жүріспен қозғалу, қатысушылардың сыртқы тұлғасын, саптық әндерін орындау.
б) Бір кісілік даярлықтарын: саптық жүріспен қозғалу, басшылыққа келу және кету, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік ізет беру.
в) Бөлімше командирлерінің әрекеттері: ҚР ҚК саптық уставына командалардың берілу дұрыстығы, бөлімшедегі сап тәртіптілігін және реттілігін қадағалау.
ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ.
Ұландықтарға қажет:
Өзінің туылған жерімен горизонт жақтарын анықтаудағы, ол туралы қатысты бағдар және жергілікті заттармен баяндау білігіндегі практикалық дағдыларды бекіту.
Жергілікті дүниеге бағытты анықтау реттілігімен танысуды жалғастыру.
Өз бойында инициативаға, тапқырлыққа, өзіндік әрекет ету даярлығына тәрбиелеу.
Топография – жауынгерлік ұрыс даярлығы жүйесіндегі маңызды пәндердің бірі. Ол тактика және атыс даярлықтарымен тығыз байланысты.
Сабақта топография бойынша алынған білімдер мен дағдыларды терең меңгерту үшін қосымша даярлықтан кейін взвод бөлімшелер арасында комплекстік жарыстар ұйымдастырылады.
Викторинаның үлгі ретінде ұсынылатын сұрақтар келесідегідей:
Азимут дегеніміз не?
Жергілікке бағдарлану тәсілдері?
Картаны оқу дегеніміз нені білдіреді?
Карта бетінде ашық қоңыр түспен не белгіленеді?
Адрианов компасының көмегімен азимутты қалай анықтайды?
Компас жарамдығын қалай тексеруге болады?
Күнге қарап бағдарлану туралы айтып беріңіз?
Құмырсқа илеуі ағаштың қай жағына орналасады?
Топография бойынша ойындарды ұландықтар өздері ойлап таба алады немесе «горизонт тұсын анықтау», «азимут», «топография» секілді қолдағы барды қолданады.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС.
Ұландықтарға қажет:
Ядролық, химиялық, бактериялық қарулардың залалдандыру қасиеттері туралы білімдерін тереңдету.
Олардан қорғануды және АҚ белгі беру сигналдарын білуі.
Радиациялық химиялық барлау, дозиметриялық бақылау құралдарын, ұжымдық және жекелеп қорғану құралдарын қолданудағы, тыныс алу жолдарын қорғаудың қарапайым құралдарын жасаудың практикалық дағдыларын бекіту.
Радиациялық химиялық бақылау күзеттерінің әрекеттерімен, құтқару жұмыстарын жүргізу негіздері бар оқу орындарында АҚ ұыймдастыру мен таныстыруды жалғастыру.
Өз бойында жоғары маральды-психологиялық сапаларға, АҚ іс шараларының тиімділігіне сенімділікке, қарсыластың көпшілікке залал келтіру қаруынан қорғану құралдарының сенімділігіне, жоғары ұйымдастырукшылық кең тәртіптілікке, жағдайдың күрделі шарттарында АҚбойынша міндеттерін орындау даярлығына тәрбиелеу.
Жоғарыда аталған тапсырмаларды орындау бойынша сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формасы-апта сайын өткізілетін «Ұландықтар күні».
АҚ бойынша практикалық сабақтар маңыздылығын ескере отырып ойын ұйымдастырушыларына кез-келген машықтандыруды, әсіресе противогазды қолданудағыларды өткізу ұсынылады. Бұл жерде балаларды өзінің қарапайымдылығына қарамастан пративагаз сенімді қорғаныс құралы екендігіне сендіру маңызды.
«Ұланның» ойындық мүмкіндіктері әртүрлі операциялар, конкурстар, жарыстар кезінде противагаздағы жаттығуларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, шаңғы көрсетілімін жетілдіру кезінде взводқа енгізілмелі «газды» беру, қатысушылар ойын барысында пративагаз киіп, «залалданған участок аумақтан» өтеді, дене даярлығы сабақтарында кроссты пративагаз киіп өткізу, атыс даярлығы бойынша сабақтарды-пративагаз кие жүгіріп АКН өңдеу және жинау бойынша жарыстарды өткізу. Сонымен бірге пративогаздың жарамсыздығын анықтау және оны қолдану іскерліктері бойынша жарыстар өткізу ұсынылады.
Консультант-АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы.
Қару аумағында «АӘД және дене даярлық оқу базасы-«ұландықтардың» қамқоры» конкрусында АҚ бойынша сабақтарға арналған оқу материолдық база жетілдіріледі.
«Қорғаныс» операциясы кезінде АҚ штабы орнатқан нармативтерді орындауы тиіс. Білім және дағдыларды мықты бекіту үшін виктарина, родиовикторина противогаз қолдану ОЗК кию бойынша сайыстар, взвод, батольон біріншілігіне арналған жарыстар сияқты формулаларды қолдануға болады. Эстафета.
Оның құрамына енеді: АКМ шашу, жинау және көздеген жерге Ф-1 гронатасын лақтыру (кезеңнің ұзақтығы 50 метр);
Жұмысқа ДП-5 приборын даярлау (кезең ұзақтығы 20 метр);
«Газдар» камандасын орындау (ұзақтығы 30 метр);
Противагаз кие отырып жолақтардан өту (кезең ұзақтығы 70 метр);
ОЗК кию және «залалданған» аумақты өту (кезең ұзақтығы 80 метр);
Залалданғандарға пративагаз кигізіп оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп 30 метірге тасмалдау (кезең ұзақтығы 40 метр);
10 метр арақашықтан пневматикалық вентовкадан противагаз кие жүріп атыс ашу (кезең ұзақтығы 20 метр);
Бөлімшедегі әр бір ұланның міндеттері алдын-ала анықталады. Қорғаныс қамалын трассировкалауға (10 адамға арналған) 3 минут беріледі. Бөлімшеге «қорғаныс қомалын трассировкалауға кіріс» командасын бөлімше командирі бергеннен бастап трассировка аяқталу бойына «тік тұр» командасына дейінгі уақыт есептеледі. Әрбір жіберілген қате үшін 30 секунттан айып уақыты есептеледі. Консультант АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы АҚ өкілдері судиялар-оқушылар, ботольон штабы мүшелері.
Медико-сонитарлық даярлық.
Ұландықтарға қажет:
АҚ медициналық қызметтерін ұйымдастыру негіздерін және оның негізгі міндеттерін, сонитарлық дружина міндеттерін, көпшілік залалданған ошақтардағы алғашқы медициналық көмек мазмұны және науқастардың күтімі бойынша процедураларды орындау ережелері білімдерін тереңдету; зардап шегу, күйіп қалу, бақытсыз жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды бекіту; өз бойында патриотизмге, науқастарға адамгершілікпен қарау, медициналық білімді меңгеруге ұмтылуға тәрбиелеу.
Ойынның әрбір қатысушы зардап шегушілерге көмек көрсету білімінің негізгі тәсілдерін, жарақаттанғандарды тез әрі дұрыс ауру ханаға жеткізе білуі тиіс.
Нормативтерді орындау кезінде қателерге жол беріледі.
Танғыш, жгут дұрыс емес салынады.
Асептика бұзылады.
Зардап шегушіге мұқиат қарамау.
«залалданғанға» потивогаз кигізу бойынша нормативтер орындалмайды.
Қанды тоқтату уақытында саусақпен басу жасалынбайды.
Ауру басқыш құралдар енгізілмейді.
Басқа танғыш салу бойынша жарыс ұсынылады: 110сек. – 5ұпай, 120-4, 130-3, 140-2,150 – 1ұпай.
Көп ұпай санын жинаған бөлімше жеңімпаз атанады.
ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ.
Ұландықтарға қажет: елдегі дене тәрбиесі жүйесі бойынша білімдерін үнемі тереңдету, отанды қорғауға және жоғарғы өндірістік еңбекке өзін даяндау, араласқан әскери-спорттық жолақтардан өту тәсілдерін, президенттік тест нормативтерін сенімді орындау, әскердегі қызметке даяр болу, өз бойында ерлікке, ерік күштеріне, шыдамдылық, ептілік, моральды-психологиялық тұрақтылық, дене жүктемесін көтеру қабілетіне тәрбиелеу.
Ұландықтардың дене даярлықтары бір апта ішіндегі әрбір боз бала немесе бой жеткеннің қозғалыстық белсенділігінің жалпы көлемі 12сағаттан кем болмайтындай етіп жоспарланады. Ретті түрде жалпы мектептің іс-шаралар өткізу ұсынылады көп күрестік, араласқан әскери-спорттық эстафеталар және т.б. жарыстар өткізу әрбір взводта үш күрестік ұйымдастыруға және өткізуге болады. Пневматикалық қарудан ату, кросс – жасөспірім ұлдар 1000метр, қыздар – 500метр, алысқа граната лақтыру, ұлдар – 700г, қыздар – 500г.
Үздік взвод төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады:
Сенбілік және спорттық базасын нығайтуда қатысу тиімділігі ;
Жарыстарға қатысқан саны;
Нормативті талаптарды орындау саны;
Батальон біріншілігіне жарыстарды ашылу салтанаты сапқа тұру және батальон жалаулары алынып шығуы тиіс. Содан кейін ботальон командирінің бұйрығы беріледі.
Қараша-желтоқсанында «ұйымшыл және күштілер» конкурсы өткізіледі, конкурс екі кезеңде жүргізіледі.
1-кезең – қарашада ұлдарға арналған бұрыла көтерілудегі тартылу бойынша күш даярлықтары, қыздары үшін бастарына қолдарын қойып, арқаға жата тұрып, кеудені көтеру өткізіледі.
2-кезең – желтоқсанда осы бағдарлама бойынша финалдық жарыстар өткізіледі. Дене даярлықтарының жеке түрлері бойынша жарыстарды өткізу нұсқасы ұсынылады.
ЖАРЫСТАР ҮШІН ҚАЖЕТ:
Әрбір қатысушы үшін үш оқтан берілетін пневматикалық винтовка,
Щиттердегі нысаналар,
Щиттерден 10-20 метрлік арақашықтықта орнатылған атуға арналған тіреулер,
Секундамерлер.
Орындау тәртібі «Алға» бұйрығы бойынша ауысым 60метр жүгіреді және тіреуге жатқан қалпында нысанаға үш оқ атады. «Алға» бұйрығы және тіреу сызығына жеткенге дейінгі қосымша атуға жіберілген уақыт сынақ уақыты болып табылады.
Жүгіру бойынша жаттығуға қойылатын бағалар:
Ұлдар Қыздар
9,2 сек - 5 ұпай 10 сек - 5 ұпай
9,4 сек - 4 ұпай 10,4 сек - 4 ұпай
10 сек - 3 ұпай 10,8 сек - 3 ұпай
10 сек - 2 ұпай 10,8 сек - 2 ұпай
Нысананың қара шеңберіне тигізілмеген әрбір үшін баға 0,5 ұпайға азайтылады, нысанаға тең тигізген жағдайда кімде көп ұпай саны болса сол жеңіске жетеді.
Судьялар: батальон штаб мүшелері.
Консультант – әскери жетекші
Ұлдар – көпір ағашқа тартылу
Қыздар – бастарына қолдарын қойып, арқаға жатқан күйлерінде кеудені көтеру.
Жаттығудың орындалуына қойылатын бағалар:
9 класс 10 класс 11 класс
8 рет - 5 ұпай 10 рет - 5 ұпай 12 рет - 5 ұпай
7 рет - 4 ұпай 9 рет - 4 ұпай 10 рет - 4 ұпай
6 рет - 3 ұпай З рет - 3 ұпай 9 рет - 3 ұпай
6 рет -2 ұпай 8 - 2 ұпай 9- 2 ұпай
Әрбір жаттығудың жоғарыда көрсетілген саннан асуы 0,5 ұпай беріледі.
Жеке орын ұпайлар сомасы бойынша анықталады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
60МЕТРГЕ ЖҮГІРУГЕ МАШЫҚТАНУ ЖӘНЕ КІШІ ДОПТЫ ЛАҚТЫРУ.
Материалдық қамтамасыз ету: кіші доптар 3-4 дана «Старт» нұсқағышы, 60метрлік арақашықтық, жалаушалармен белгіленген коридор, доп лақтыруға арналған.
Жаттығудың орындалуына қойылатын бағалар:
Ұлдар 10 сынып Қыздар 10 сынып
60 метрге жүгіру 60 метрге жүгіру
9,2 сек - 5 ұпай 10 сек - 5 ұпай
9,4 сек - 4 ұпай 10,4 сек - 4 ұпай
10 сек - 3 ұпай 10,8 сек - 3 ұпай
10сек – 2 ұпай 10,8с - 2 ұпай
Ұлдар 11 сынып Қыздар 11 сынып
100 метрге жүгіру 100 метрге жүгіру
15 сек - 5 ұпай 17 сек - 5 ұпай
15,2 сек - 4 ұпай 17,2 сек - 4 ұпай
15,4 сек - 3 ұпай 17,4 сек - 3 ұпай
15,4 сек - 2 ұпай 17,4 сек - 2 ұпай
Доп лақтыру Граната лақтыру
40 м - 5 ұпай. 26м - 5 ұпай. 30м - 5 ұпай. 20м – 5 ұпай.
37 м – 4 ұпай. 24м – 4 ұпай. 28м – 4 ұпай. 17м – 4 ұпай.
31 м – 3 ұпай. 2 м – 3 ұпай. 26м – 3 ұпай. 13м – 3 ұпай.
31м – 2 ұпай. 21м-2 ұпай. 26м - 2 ұпай. 13м-2 ұпай.
Орнатылған уақыттан жылдам арақашықтықты жүгіріп өткен әрбір 0,1 артық сек. үшін қойылған шектеуден допты асыра лақтырған әрбір толық метр үшін қосымша 0,5 ұпай алады. Жеке алға шығу, бөлімше және взвод біріншілігі алынған ұпайлардың суммарлы саны бойынша анықталады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
АЯҚТАРДЫҢ КӨМЕГІНСІЗ КАНАТ БОЙЫНА ӨРМЕЛЕУГЕ МАШЫҚТАНУ.
9 сынып: 3м – 5 ұпай, 2,5м – 4 ұпай, 2м – 3 ұпай, 2м аз – 2 ұпай.
10-11 сынып: 3м канат бойына тартылу: 6сек – 5 ұпай, 8сек – 4 ұпай, 11сек – 3 ұпай, 11сек асса – 2ұпай.
Кедергілердің әскери-қолданбалы жолақтар элементінен өтуге машықтану; қайта өрмелеу, пневматикалық винтовкадан ату.
КӨЗДЕГЕН ЖЕРГЕ ГРАНАТА ЛАҚТЫРУ.
Материалдық қамтамасыз ету: ұзындығы 20 метр және биіктігі 50см тегіс сымдардан (тышқан аулаушы) торы, атыс рубежінен 10м қашықтыққа орналасқан көлемі 12,5х12,5см төстік нысаналар, пневматикалық винтовкалар, әрбір оқушыға үш оқтан беріледі. Әрбір көздеген жерге 5 данадан сопақ формадағы гранаталар.
«Алға» бұйрығынан кейін ұландық бастапқы қалыптан үш планкалық 5метр қашықтықтағыдай трасса бойын жағалай 20 метр жүгіреді, тор астымен тек жасөспірім ұлдар өрмелейді, атыс рубежына дейін 20м трасса бойын жағалай жүгіруді жалғастырады. Ату үшін қалыптасқан қалып – тік тұра қолмен ату. Бір көздеген жерге тигізу үшін үш оқ беріледі. Тигізе алмаған жағдайда қатысушы бір айып шеңберін – 20м жүгіріп өтіп, келесі рубежға дейінгі трасса бойымен жүгіруді жалғастыру қажет.
Ара қашықтықта көздеген жерге грананта лақтыру: жасөспірім ұлдар 20м, қыздар – 15м. Бірінші көздейтін жер – диаметрі 2м болатын жерде жатқан шеңбер. Екінші көзделетін жер – жерден 1м биіктікте орналасқан 1х1м терезе. Кезекті лақтыру алдыңғы граната жерге түскеннен кейін тұрған қалып қана жүзеге асырылады. Осыған қоса ұландықтың қолында бір ғана граната ұстауға болады. Қалғандары лақтыру сызығынан 0,5м арақашықтықта орналасу қажет.
Әрбір тигізілмеген 5 гранатамен көздеген жерге айып уақыты 20сек. қосылады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
КЕДЕРГІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ЖОЛАҚТАР ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕН ӨТУГЕ МАШЫҚТАНУ.
«Ұрыс құралдары» бар жәшікті тасымалдау, шұнқыр арқылы секіру, қашықтық бойынша жүгіру.
Материалдық қамтамасыз ету: салмағы 22,5кг тұратын «ұрыс құралдары» бар жәшік, ұлдар үшін ені 2,5м және қыздар үшін 2м шұңқұр, биіктігі 80-120см және ұзындығы 5,5м қашықтық. Бастапқы қалып граната лақтыруға арналған терезеден 5м.
«Алға» командасы бойынша ұландық 20м жүгіреді, «ұрыс құралдары» бар жәшікті алып, (тек ұлдар) 20м алға трасса бойынша оны көшіреді, шұңқыр арқылы секіріп, 30м трасса бойын жағалай жүгіреді де, қашықтықтан өтеді.
Ұландық иілу жазықтығы бойынша арақашықтыққа көтеріліп соңынан 0,5 әрі арақашыққа секіріп түсуі тиіс. Жерге секіріп түскеннен кейін ол финишке дейін 20м трасса бойымен жүгіруді жалғастырады. «Алға» командасы берілгеннен «финиш» сызығына жеткенге дейінгі уақыт сынақ уақыты болып табылады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
Спорттық жұмыс. Жарыстарды жоспарлау, өткізу және судьялық жасау.
Спорттық жарыстар әскери қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және дене даярлықтарының деңгейін жоғарлатуға бағытталған. Олар әкери бөлім үшін кестемен қарастырылған уақытта өткізіледі. Жарыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі бөлім командирінің жыл сайынғы бұйрығымен анықталады.
Онда төмендегілер көрсетіледі:
Жарыс міндеттері
Спорт комитетінің құрамы
Судьялар коллегиясының президиумы
Спорттық ұйымдастырушылар
Жарыстық өткізілі уақыты, күні және орны.
Жастардың денсаулығын нығайту, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, оларды Отанды қорғауға және еңбек етуге даярлықтарында дене мәдениеті және спорт маңызы өсе түседі. Спорттық жұмыс алуан түрлі құралдар мен формаларды дене даярлық топтарындағы, спорттық секциялардағы сабақтар, жарыстар болып табылады.
Дене даярлықтарын жоспарлау жүзеге асырылады: әскери бөлімдерде – штаб басшысы және дене даярлық және спорт басшыларымен (кемелерде – кеме командирінің бас көмекшісі және дене даярлық, спорт штаттық емес басшысымен); батальонда – штаб басшысымен, ротада – рота командирімен.
Әскери бөлімшелерде ден даярлықтарының негізгі сұрақтары оқу жылы бойына (оқыту кезеңі) ұрыс және саяси даярлық жоспарларында көрініс береді. Онда көрсетіледі:
Офицерлермен өткізілетін дене даярлық бойынша оқу сабақтарының өткізілу уақыты және күндері;
Офицерлермен өткізілетін инструкторлық әдістемелік және көрсетілім сабақтарының тақырыптары және өткізілу мерзімдері;
Бөлімшелердегі дене даярлықтарын бақылау мерзімдері.
Дене даярлық сұрақтары ұрыс және саси даярлықтардың басқа құжаттарында нақтыланады және белгіленеді.
Дене даярлық және спорт басшысы төмендегілерді өңдейді және әскери бөлім командирінің бекітуіне ұсынады:
Оқу мерзіміне немесе оқу жылына (қосымша 1) әскери бөлім жеке құрамының дене даярлықтарының жоспары;
Бір ай бойына таңғы дене жаттығуларын өткізу жоспары;
Оқу жылына (оқыту мерзіміне) спорттық – көпшілік жұмыстар жоспары;
Оқу жылына (оқыту мерзімі) әскери бөлім біріншілігіне спорттық – көпшілік жұмыстарды қарау және спорттық, әскери-спорттық жарыстар туралы ережелері;
Бір ай бойына дене даярлықтары және спорт бойынша оқу материалдық-техникалық базаларды бөлу кестесі.
Жарыстарды өткізу және судьялық ету.
Әскери бөлімдердегі спорттық және әскери – спорттық жарыстар әрекет етуші ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстар нәтижелері бір жыл бойы сақталатын хаттамаларға тіркеледі.
Әскери бөлімдегі әрбір жарысқа судьялық ету үшін судьялық бригада тағайындалады.
Оқу жылы бойына (оқыту мерзімі) бөлімдегі жарыстарды өткізу тәртібін анықтайтын құжат жарыстар туралы ережелер болып табылады. Мұнда спорттық әрбір түрі бойынша жарытардың міндеттері, бағдарламасы және шарттары, жеке және командалық біріншілікті анықтау тәртібі, жеңімпаздары марапаттау және ұсынылған өтініштер көрсетіледі.
Негізгі әдебиеттер
1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
Достарыңызбен бөлісу: |