1. Өлеңнің түсініктемесі:
- 1963 қараша – 1964 сәуір аралығында жазылған шығарма. Цензураға 6 ай бойы тексеріліп, еш мін табылмай, арнайы Мәскеуден рұқсат алынылып шығарылған шығармасы. Одан кейін де партияның тікелей бақылауында болған.
- Поэма, лирика-публицистикалық стилде жазылған.
- Ақынның бұл поэмасы 1943 жылы жазылған «Қазақ» деген өлеңінің жалғасы еді. Сол жылдары окопта жатып, мен құрбан болсам, менің де қазақтың ұлы болғанмын деген оймен жазылған шығарма еді. Шүкір, соғыстан аман қайтып, ендігі кезде қазақтың басынан кетпеген сордың бәрін көре отыра, оның үстіне 1960 жылдары басталған Тың игеру атты жерді басып алу саясатымен қатар қазақтың жерімен бірге атын да құрдымға кетіру жолындағы әрекеттерді көре отыра, халқым құрбан, ұмыт болмасын, әркімнің тілінде «Мен қазақпын» деген ұранды сөз жүрсін деп шығарған шығармасы еді. Мен бұл поэманы қажеттіліктен туған шығарма деп білемін.
- Тақырыбы: ұлттық рух пен болмыс. Сюжетсіз, 10 бөлімнен тұратын, динамикаға құрылған лирика-публицистикалық стилде берілген шығарма.
- Күрделі метафоралар:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген;
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен;
Пәк сәбимін бесікте уілдеген;
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын;
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын;
Мен – қазақпын, Россия адамымын;
Мен – бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын;
Мен – қазақпын, перзентпін танылмаған;
Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен;
Мен – Россия, мен – Совет Одағымын;
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан;
Мен – қазақпын, азат қыз, ерікті ұлмын;
Мен – қазақпын, мен баймын, байтақ елмін;
Мен – қазақпын, адамзат, бір балаңмын;
Мен – қазақпын, жан Отан, бел балаңмын.
2. Өлеңнің лирикалық кейіпкері автордың өзі, жалпы халық және болашақ ұрпақ және оқырман қауым болмақ. Себебі бұл «Мен қазақпын» дей отырып, әрбір өлеңді оқып отырған адам өлеңді өз атынан беріп тұрғандай күй кешетін сияқты. Сонда автор «Мен» деген ұғымға жеке де, көпше де ұғым беріп, оқырман сезіміне тікелей әсер етуін көздеген сияқты.
3. Менің ойымша, өлеңдегі динамика күрделі метафоралар арқылы өрбіп отырады. Себебі Шоқан, Абай болып, Совет адамы не Россия адамы бола отырып өзінің қандай күйде болғанын, не дәуренді кешкені туралы баяндалады. Сөйтіп, «Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім!» деп ойды керемет аяқтап отыр.
4. Шығарма қазақтың «мың өліп, мың тірілген» қайсар халық екенін ешкім ұмытпасын, жадынан шығармасын деп туындаған болуы керек. Сол үшін де сонау ғұннан басталған тарихты қазбалап, «Қазақ кім?» деген сұраққа жауап беріле отыра, ендігі кезде қазақтардың мәңгі өлмеске аяқ басқанын айтып отыр. Соңында «Айта бергім келеді, айта бергім!» деп, қазақтың рухының сынбағандығын дәлелдеп отыр деп есептеймін.
Эпифора:
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.
Бәлки қайсақ, бәлки бір ғұннан тудым.
Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».
Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.
Анафора мен Ассонанс:
О да құдай саналды, жұртты алдады.
О да мені өлтірді, құрта алмады.
О да кетті жегідей, жерімді отап,
О да салды денеме дыр таңбаны.
Өлеңде Махамбеттің өлеңі мен «Дудар-ай» әні деп көрініс тапқан.
5. Өлеңді оқу барысында қазақтың арғы-бергі тарихы көзге елестегені рас. Қазақтың бастан кешкенін еске ала отырып, әрдайым «Мен қазақпын» деген жолд оқығанда, өзім де рухтанып, ақынынң «Мен өзгердім, көп жіті көз-құлағым, Бөгде-бөгде жайларды сөз қыламын» деген жолдардағы сезімін мен де сезе білдім.
6. «Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдай сан тіріліп,
«Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым»
Мінекей, осындай жолдарды Кеңестің билігінің өршіп тұрған сәтінде айтуды мен нағыз ерлік және ақын шығармашылығындағы ерекшелік деп едім.
7. Біршама ғалымдар, әдебиетшілер бұл шығарманы әдеби тұрғысынан, жазылуы мен көркемдігі, композияция тұрғысынан әлсіз деп білетінін оқыдым. Бірақ өлеңді даралайтын тек оның формасы ғана емес, меніңше, бірінші орында оның мазмұны тұруы керек сияқты. Бұл шығарма халықтың жан айқайын ести отыра дүниеге келген. Автордың тарихты ақтарып, қазақтың кім екенін түсінгісі келіп жазған жолдарынан бір түсінгенім – автор қазақ елінің өткенмен емес, болашақпен өмір сүруін, сенім мен арманмен дос болуын қалаған. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |