Жарық негізгі мектебі



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі302,27 Kb.
#32697
  1   2   3

Жарық негізгі мектебі


БЕКІТЕМІН:________________

Мектеп директоры Д.И.Ахметов


МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН

ТЫС ШАРА:

Өткізген:

Математика пәнінің мұғалімі

КАРАСАЕВА Д.С.
2013-2014 оқу жылы

Күні: 02.04.2014 жыл

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Информатика алғырлары»

Мақсаты:

1. информатика пәніне байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайдтар, тат ақырыптық тапсырмалар жиынтығы

Қатысатындар: 7 - 9 сынып оқушылары (әр сыныптан 2 оқушыдан)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 7-9 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға


«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие

құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойынымызға әр сыныптың

алғылары мен білімді оқушылары келіп отыр. Олай болса таныс болайық.

  1. топ «Монитор» тобы (7 кл)

  2. топ «Принтер» тобы (8 кл)

  3. топ «Сканер» тобы (9 кл)


І-жүргізуші:

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманың! - дей отырып бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден» - сұрақ –жауап сайысы. (Әр топқа 20

сұрақтан оқылады. Әр жауап 5 ұпай)

ІІ кезең. «Менің сыныбым»атты таныстырылым (презентация) құру.

Үй тапсырмасы.

Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл

презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында

анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру
ІІІ кезең. «Компьютерлік диктант» - paint –та сурет салу.

IV кезең. «Жүйрік болсаң, озып көр» - мәтін теру. (алдарыңызға берілген

мәтінді компьютерге қатесіз теру керек.Тапсырманы орындауға 1 минут

уақыт беріледі. Бағалануы 10-сөзден асса -5 ұпай, 20-сөзден асса -10 ұпай, 30

дан жоғары 15 ұпай)

V кезең. «Жанкүйер бол!» - көреремендермен ойын.

VI кезең. «Тапқырлық» -тапсырмалар орындау

VІІ кезең. «Иә, жоқ» - капитандар сайысы.

VІІІ кезең. «Ширату»
Есептеу жүргізетін көмекшім Орынбасарова Гүлжайна.
Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.



дегендей 1-ші кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден». Әр топқа 20 сұрақ оқылады. Әр жауап 1 ұпай. Қарсылас топ жауап беруге болмайды.

  1. топ (7 кл)

1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

3. Ең алғаш санау құралы (Процессор)

4. Алгоритмнің график түрде кескінделуі (блок-схема)

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)

6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)

8. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)

9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)

10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

11. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

12. Информацияның өлшем бірлігі. (Бит, байт)

13. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (Файл)

14. Компьютер түсінетін тіл.(программалау тілі)

15. Мәліметтерді енгізу пернесі.(Enter)

16. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)

17. Қосымша сандық режимді іске қосу пернесі. (NumLock)

18. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі.(Backspace)

19. If сөзінің аудармасы (егер)

20. Презентация жасауға арналған программа (Power Point)
ІІ топ(8 кл)

1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)

2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)

3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )

6. Win Rar, Win Zip қандай бағдарламалардың түрлері (архивтеу, ақпаратты сығу)

7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)

8. Енгізу операторы (read, readln)

9. Word қандай редактор ? (мәтіндік)

10. Стандартты программаларды ата (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)

11. Ақпаратты өңдеу құрылғысы. (Процессор)

12. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа. (Калькулятор).

13. Операциялық жүйелерді ата (Windows Xp, Windows Vista, Windows 7, Windows8, т.б.)

14. begin қызметші сөзінің аудармасы (басы)

15. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Курсор)

16. Microsoft фирмасының авторы / Билл Гейтс /

17. Екілік жүйенің сандары. (0,1)

18. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (Кактус)

19. Ақпарат тасымалдаушылар. (компакт диск, usb /

20. Excel бағдарламасына формула енгізу қалай орындалады. (+, =)
ІІІ топ(9 кл)

1. Паскаль тілінің авторы / Никлаус Вирт /

2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

4. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт)

6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase)

7. Алгол, Бейсик, Паскаль … (программалау тілдері)

8. Жалғастыр: Бит, байт, килобайт, … (мегабайт, гигабайт)

9. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)

10. Паскаль тілінде программаны аяқтау қандай қызметші сөз арқылы жазылады? (end)

11. Мәліметтерді шығару операторы (write, writeln)

12. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі.(CapsLock)

13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.(Бит)

14. Көшірмені қалай атаймыз? (коопиравать)

15.Тышқанның негізгі батырмасы (сол)

16. Power point бағдарламасын қалай іске қосамыз ? (пуск – все программы – MS Off ice- Power point )

17. Бас әріппен жазу пернесі (Shift)

18. Айнымалаларды сипаттау (var)

19. Жады нешеге бөлінеді? (2: ішкі, сыртқы)

20. Функционалдық пернелер нешеу (12)

IІ кезең. «Менің сыныбым»атты таныстырылым (презентация) құру.

Үй тапсырмасы.

Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл

презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында

анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру.

Көрермендерден сұрау.

Бағалануы өте жақсы – 5 ұпай

Жақсы -4 ұпай

Орташа – 3 ұпай
ІІІ кезең. «Компьютерлік диктант» - paint –та сурет салу.

Ережесі: Мұғалім оқып тұрады, оқушылар «Рaint» графикалық редакторында

орындайды. Нәтижесінде сурет шығады. Диктантқа 5 мин. беріледі

Бағалануы өте жақсы – 5 ұпай

Жақсы -4 ұпай

Орташа – 3 ұпай

Суретті салу үшін жүмыс парағының төменгі жағынан бастап салу керек.


  1. Үлкен дөңгеленген тіктөртбұрыш салыңыздар.

  2. Ішін қалаған түспен бояңыз.

  3. Осы дөңгеленген тіктөртбұрыш үстіне осыдан кіші элипсті жақынырақ салыңыз.

  4. Ішін қалаған түсініңзбен бояңыз.

  5. Осы әркетті 6 рет қайталаңыз.

  6. Сурет неге ұқсайды?

(Пирамида)

IV кезең. «Жүйрік болсаң, озып көр» - мәтін теру. (алдарыңызға берілген

мәтінді компьютерге қатесіз теру керек.Тапсырманы орындауға 1 минут

уақыт беріледі.

Бағалануы 10-сөзден асса -3 ұпай

20-сөзден асса -4 ұпай

30 -дан жоғары 5 ұпай)

Мәтін:

Блокнот программасы

Әр адамның таныстарының, достарының, туыстарының, т.б. телефон

нөмірі жазылған блакноты (қойын дәптері) болады. Көп жағдайларда

мекенжай немесе қандай да бір деректер жазуға оның беттері жетпей де

жатады. Ал қойын дәптеріңді жоғалсаң, қалай ренжисің!

Осындай қолайсыз жағдайларда сендерге Блокнот программасы көмекке

келеді. Бұл программаға мекен жай мен телефоннан басқа, танысың жайында

кез келген деректер енгізіп, сақтауға болады.

Блокнот – өте кішкентай мәтіндік редактор, оның жұмысы азғана жад

қажет. Ол кәдімгі жұмыс кезінде ескертулер жазатын электрондық блокнот

сияқты қолданылады.
V кезең. «Жанкүйер бол!» - көреремендермен ойын. Бағалануы -5 ұпай.

Жауабын айтқан көрермен ұпайын қалаған тобына қосуға болады.

Компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал

мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды

(Досы күштіні - жау алмайды)

9. Компьютер тіршілік көзі

(Су тіршілік көзі)

10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

(Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)
VI кезең. «Тапқырлық» -тапсырмалар орындау. Әр жауап -5 ұпай.

А) пернелер комбинациясы бойынша

Пернелер комбинациясы

Орындалатын әрекеттер

CTRL+C, CTRL+INS

Көшіру (копирование)

CTRL+V, SHIFT+INS

Қою (Вставка)

CTRL+X

қию (Вырезание)

SHIFT+DEL

Корзинаға салмай файлды өшіру

CTRL+Z

Соңғы әрекетті болдырмау

(Отмена последнего действия)



CTRL+A

Барин ерекшелеу (Выделить всё)

F3

Іздеу терезесін ашу

(Открыть окно поиска )



ALT+F4

Белсенді терезені жабу

(Закрыть активное окно )



ALT+TAB

Келесі терезеге көшу

SHIFT+F10

Белгіленген элементтің жанама менюін ашу

CTRL+ESC

Пуск менюін ашу

ESC

Әрекетті болдырмау

CTRL+N

Жаңа құжат ашу( Создание документа )

CTRL+O

Құжатты ашу( Открытие документа )

CTRL+W, CTRL+F4

Құжатты жабу( Закрытие документа)

ALT+CTRL+S

Құжаттың терезесін бөлу (Разделение окна документа )

CTRL+S, SHIFT+F12

Құжатты сақтау

CTRL+P

Құжатты баспаға шығару



Ә) «Қатені тап!». Берілген мәтінннен қателікті табу.

Бағалануы – 5 ұпай. 4 ұпай, 3 ұпай

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
І –топ:

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .doc форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp. форматы векторлық форматқа жатпайды.
ІІ -топ.

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын. Модемді қосып интернетке шығып, қажетті құжаттарды іздеймін. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін сөндіремін.
Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.
ІІІ -топ.

Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды менің құжаттарым папкасында сақталады.. Символдық пернелерге әріптер блогы жатады.

Мен мәтіндік редактормен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Суреттерді кірістіріп, мәтін теріп дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы қажетті құжаттарды жазып, компьютерге сақтауға болады..

Жауабы: 4 қате жіберілген

  1. Көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады.

  2. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, марицалық, сия бүріккіш

  3. Онда әр түрлі слайдтар жасауға болады.

  4. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады.



VІІ кезең. «Иә, жоқ» - капитандар сайысы. Бұл кезеңде топ басшыларын

сұрақтар қойылады. Иә, жоқ деп жауап бересіздер. Әр жауап – 5 ұпай.

Каталог: uploads -> doc -> 0842
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0842 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің техногиялық картасы №3 «Балбұлақ» ересек тобы «30» қыркүйек 2014 ж Білім беру саласы
0842 -> Өтініш қағазы Баяндаманың тақырыбы
0842 -> Сабақ №2 Сабақ тақырыбы: Талантты және дарынды балалармен жұмыс Жалпы мақсат
0842 -> Сабақ жоспары Топ № кб II сабақтың аты Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет