9.3.3.3 PyGame (пайгейм) кітапханасын қосу;
9.3.3.4 ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;
Сабақтың мақсаты
(білу және түсіну, қолдану, жоғары ойлау дағдысы)
Барлық оқушылар: PyGame және оның кітапханасын іске қосу модулін жазады;
Басым көпшілігі: Ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасын іске қосады және ойын терезесін құрады;
Кейбір оқушылар: PyGame кітапханасында геометриялық фигураларды қолданып, сурет салуға арналған pygame.draw командаларын қолданады.
Бағалау критерийлері:
(білу және түсіну, қолдану, жоғары ойлау дағдысы)
- PyGame (пайгейм) кітапханасын іске қосу жолын жазады және іске қосады:
- ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдаланады.
Ұйымдастыру кезеңі Мұғалім оқушылармен амандасады.
Сыныптағы оқушыларды түгендейді.
«Комплимент» стратегиясы Жағымды ахуал туғызу мақсатында оқушыларды шеңберге тұрғызып, сағат тілі бағыты бойынша бір-біріне комплимент айтуды ұсынады.
Мұғаліммен амандасады. Сабақтағы жоқ оқушы туралы немесе сыныптағы оқушылардың түгел екенін хабарлайды.
Әр оқушы өзінің сол жағындағы сыныптасына оның жақсы қасиеті бойынша, келбеті бойынша, мінезі бойынша комплимент айтады.
Мұғалім: оқушының белсенділігін, өздеріне деген сенімдерін арттыратын ынталандыру сөздер:
«Тамаша»
«Жарайсыздар!»
«Керемет»
Презентация слайд 1
Сабақтың ортасы
50
Жаңа тақырыпты ашу:
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Сабақтың тақырыбына шығу мақсатында экранға сабақ тақырыбына қатысты суреттер шығарылады. Мұғалім оқушыларға бағаттаушы сұрақтар қояды.
Сұрақтар:
Экрандағы суреттер бойынша не айта аласыңдар?
2D ойынын қалай құруға болады?
Ойынның графикасын (артқы фон, кейіпкерлер) жасау үшін не қажет?
Сұрақтарға жауап беріліп, сабақ тақырыбы анықталған соң оқушылар сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырылады. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Мұғалім Python программасының ойын құруға арналған Pygame кітапханасын орнату жолдарын түсіндіреді және интербелсенді тақтадан қадам бойынша көрсетеді.
Pygame кітапханасына жататын, шеңбер, түзу және тік-
төртұрыш сияқты геометриялық фигураларды салатын pygame.
draw командаларының қызметімен таныстырады.
«Жалғасын тап» әдісі. Жұптық жұмыс
Тапсырма 1
Оқушыларға программа кодында түсіп қалған командаларды толықтырып, сол код жолын сипаттау тапсырмасы беріледі.
Дескриптор.
Білім алушы
- PyGame кітапханасын іске қосуға арналған командаларды жазады;
- кодтағы жолдарды сипаттайды.