1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия



бет1/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá
2-сабақ Қаныш Сәтбаев, Ó÷åáíî-ìåòîäè÷åñêèé êîìïëåêñ äèñöèïëèíû ðóññêèé ÿçûê (Óðîâåíü Â1

1 ші деңгей:

1.« Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi.
Патологиялық анатомия əр түрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялық өзгерістерді зерттейтін пəн. Патология pathos «ауру, сырқат» жəне logos «ілім» деген грек сөзі, яғни патология – ауру жөніндегі ілім деген мағынаны береді.
Паталогиялық анатомияның міндеттері
1) аурудың этиологиясын зерттеу (аурудың себептері мен жағдайлары);
2) аурудың патогенезін зерттеу (даму механизмі);
3) аурудың морфологиясын, яғни ағзадағы және тіндердегі құрылымдық өзгерістерді зерттеу;
4) аурудың морфогенезін зерттеу, яғни диагностикалық құрылымдық өзгерістер;
5) аурудың патоморфозын зерттеу (дәрілік препараттардың әсерінен жасушаның тұрақты өзгеруі және морфологиялық аурулар - дәрілік метаморфоз, сондай-ақ сыртқы орта жағдайларының әсерінен-табиғи метаморфоз);
6) патологиялық процестері аурудың міндетті көрінісі болып табылмайтын, бірақ пайда болатын және оны нашарлататын және жиі өлімге әкелетін аурулардың асқынуларын зерттеу;
7) аурудың нәтижелерін зерделеу;
8) танатогенезді зерттеу (өлім механизмі);
9) зақымдалған органдардың жұмыс істеуін және жай-күйін бағалау.
Патологиялық анатомиядағы зерттеу объектілерін үш топқа бөлуге болады: 1) мәйіт материалы; 2) пациенттердің тірі кезінде алған субстраттары (ағзалар, ұлпалар және олардың бөліктері, жасушалар және олардың бөліктері, секреция өнімдері, сұйықтықтар) және 3) эксперименттік материал
Зерттеу әдістері
Аутопсия (грекше autopsia - өз көзімен көру) деп өлу себептерін анықтау үшін мəйітті ашып көру əдісі аталады. Аутопсия көпке дейін патологиялық анатомияның негізгі əдісі болып келді. Мəйітті ашып көру арқылы көптеген патологиялық өзгерістерді анықтауға болады.
Биопсия (bios - өмір, opsis – көру) деп ауру сипатын анықтау мақсатында науқастың зақымданған тінінен алынған материалды микроскопиялық зерттеуді түсінеді. Демек, биопсия – тірі адамды морфологиялық əдіспен тексеру деген сөз. Биопсиялық зерттеу үшін материалдар əр түрлі жолдармен алынады. Мысалы, асқазан-ішек жəне тыныс жылдарынан биопсия аспирация əдісімен алынса, бауырдан, бүйректен,сүйектерден пункция арқылы алынады. Сүйектерді тесу арқылы алынатын биопсияны трепанобиопсия деп атайды. Биопсия – негізінен ауру диагнозын, əсіресе қатерлі ісіктерді уақытылы анықтау үшін қажет əдіс.
Эксперимент арқылы тексеру əдісі де патологиялық анатомияда кеңінен қолданылады. Себебі, кейбір аурулардың келіп шығу механизмін адамда тікелей зерттеу мүмкін емес, сондықтан эксперимент қою əдісіне жүгінеміз. Мысалы, көптеген қатерлі ісік тудырушы (канцероген) заттардың, аса улы химиялық қосындыларының əсерін тек осы жолмен ғана зерттеу мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет