1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата04.12.2022
өлшемі0,97 Mb.
#161107
Байланысты:
Әдеб оқу 1т №1

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

  1. Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда.


Жануарлар – табиғаттың тамаша жаратылысы. Олар туралы таңқаларлық деректерге көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, құмырсқалар өзінің салмағынан
60 есе ауыр жүкті көтере алады. Оларды палуан құмырсқалар деп атайды. Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе- теңдікті ұстайды. Ал пілдердің сурет сала алатынын білесің бе? Пілдер - дүниедегі ең ақылды жануарлар. Оның миының салмағы - 5кг. Көбелектер гүлдердің иісін ондаған шақырым қашықтықтан сезе алады. Олар иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ғалымдар тотықұстардың сөйлей алғанымен қоса, үлкен мен кіші, ұқсас және бөлек заттарды ажырата алатындығын дәлелдеген. Жануарлар дүниесінде мұндай қызықты мәліметтер өте көп.

Мәтіннен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды ақпарат алдың жаз.



    • Мәтін бойынша маңызды ақпаратты анықтайтын 1сұрақ құрастыр және жауап бер.


  1. Тапсырма Кестеге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.





1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа

1-Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды ақпарат алдың? Кестеге жаз.


Өсімдіктер бізді барлық жерде қоршайды. Әлемде 10 мыңға жуық улы өсімдік бар. Ең жылдам өсетін өсімдіктер бамбук болып табылады. Бір тәулік уақытта оның биіктігі 0,75-0,9 метрге дейін өседі. Бразилия ормандарында, бір мезетте 4 литр сүт бере алатын ағаш бар. Ол сүтті ішуге болады, бірақ алдымен пісіру керек. Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдігі. Ол ғаламшардағы ең көне өсімдік болып табылады. Олардың жасы – 1 мың миллион жыл. Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Біздің планетамызда тышқандармен, бақалармен және тіпті құстармен қоректене алатын өте үлкен жыртқыш өсімдік бар. Ол Венериналық шыбын. Венериналық шыбыншы жегіштердің жапырақтары екі жақты тістері бар қақпақтан тұрады. Құрбандық қақпанға жақындаған сәтінде жапырағы жайлап тарқап ашыла бастайды. Шыбын қақпанға түскенде бүктеліп жинақталады.Ол Азияның ормандарында өседі.

  • Мәтіннен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды ақпарат алдың жаз.

    • Мәтін бойынша маңызды ақпаратты анықтайтын 1сұрақ құрастыр және жауап бер.

2-Тапсырма Кестеге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді

1

мәтіннен маңызды ақпаратты анықтайды: 1-ақпарат;
2-ақпарат; 3-ақпарат;

1
1
1



мәтін бойынша маңызды ақпаратты
анықтауға бағытталған сұрақ құрастырады;

1

сұраққа жауап береді;

1

Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды

2


мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;

1

мәтіндегі маңызды ақпараттарды қамтиды;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.

1

Барлығы

8




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет