Сабаққа негізделген оқу мақсаты



Дата23.03.2022
өлшемі34,39 Kb.
#136554
түріСабақ




Мектеп: «Мұса Шожанов атындағы № 2 орта мектеп» КММ

Тақырыбы: Септік жалғауының емлесі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Утенова Н.Ж.

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:0



Сабаққа негізделген оқу мақсаты



4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Септік жалғауларының қалай жазылатынын біледі;
Көптеген оқушылар: Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады;
Кейбір оқушылар: Берілген тақырып бойынша ойқорыту жасай алады;

Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • Септік жалғауларының қалай жазылатынын біледі;

  • Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады;

  • Берілген тақырып бойынша ойқорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар, интерактивті ойындар

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Септік жалғаулары

Жоспар

Жоспарлан
ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Өткенді қайталау.



  • Қайырлы таң, оқуышылар!

  • Доброе утро, дети!

  • Good morning, teacher!

Психологиялық дайындық. Байқампаздылық пен миды ширататын «Галилео теңізі» жаттығуы.


Топқа біріктіру. «Жасырын стикерлер» арқылы.

  • Партаның астындағы стикерлерді тауып алыңдар. Сол

арқылы топтарға бөлінесіңдер.
1 топ: Септік атаулары
2 топ: Септік сұрақтары
3 топ: Септік жалғаулары


Мұғалімнің қ/б: Ауа-райы болжамы.

қатысуларыңды, белсенділік танытуларыңды ауа-райы болжамы
арқылы бағалап отырамын. Сендердің сабаққа қатысуларыңа және белсенділік танытуларыңа байланысты бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Егер сабаққа жақсы қатысып отырсыңдар ауа-райының температурасы көтеріліп, күн жылына бастайды; егер сұрақтарға жауап бере алмасаңдар, күніміз суып кетуі мүмкін.


«Шатасқан септіктер» әдісі.

  • Бүгін синоптиктердің айтуынша, Целсий шкаласы бойынша –

+1 градус, бірақ желдің жылдамдығы 29м/с болғандықтан, септіктердің орындары шатасып кеткен. Осы ілініп тұрған септіктерді әр топ өзінің атауына байланысты рет-ретімен қойып шығу керек. Тақтадағы ілініп тұрған септіктерді рет-ретімен орналастыру.
Дескриптор:

  • Тақтадағы ілініп тұрған септіктерді рет-

ретімен орналастырады.

  • Бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Қ/б: топтар бір-бірін бағалайды.

Аудиожазба

Топтардың атаулары жазылған стикерлер


Табло(тем


пература, желдің жылдам
дығы, ылғал
дылық және т.б. көрсеткіш
тер)термо
метр, күн стикері (жылжы
малы)

Шатасқан септіктер, дескриптор



ІV. Жаңа білімді бекіту



Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру. Күтілетін нәтижені анықтау.

  • Бүгінгі сабақта біз септіктер бойынша білімімізді

нақтылауға тырысамыз, қорытындылауға жетуде бір қадам алға басамыз. Осы сабақта сендер:

  • Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырасыңдар;

  • Септік жалғауларының қалай жазылатынын білесіңдер.

  • Осы сабақта өздеріңді осындай өзін өзі бағалау

парағы арқылы бағалайсыңдар.
Жаңа сабақ.
Тыңдалым.(балалар бейнебаянды қарай отырып, мәтінді тыңдайды)

  • Назарымызды тақтаға аударамыз. Бейнебаянды

қарай отырып, мəтінді тыңдайсыңдар. Мазмұны бойынша шешім
табуға бағытталған сұрақтар құрастырып, ойланып отырыңдар.
Мысалы:

  • Егер табиғатты қорғамаса, қандай апатты жағдай болу мүмкін?

  • Егер ... болса, ... .

Топпен жұмыс.

  • Жақсы, ойда құрастырып отырған сұрақтарың

қазір керек болады. Осы тапсырманы топпен орындайсыңдар. Әр топқа қағаздар мен суреттер беріледі.
Септік атаулары: өзен суреттері
Септік сұрақтары: орман суреттері
Септік жалғаулары: құстар суреттері

  • Суреттерді қолдана отырып, шешім табуға

бағытталған сұрақтарды құрастыра отырып, постер қорғауларың керек.
Мысалы:
«Егер суға қоқыс лақтырса, не болу мүмкін?»
«Егер ағаштардың бұтақтарын сындырса, не болады?»
«Егер құстардың ұяларын бұзса, не болады?»
Дескриптор:

  • - сұрақтар дұрыс құрастырылған, мәселе толық ашылған,

  • - сұрақтар дұрыс құрастырылған, мәселе толық ашылмады,

  • - сұрақтар дұрыс құрастырылған, мәселе ашылмады.



ҚБ: топтар бір-бірін бағалайды
Мқб: табло мен термометр
Жазылым. 78-жаттығу.(Ж) Өлеңді қалпына келтіру. (инт. тақта) Берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді қалпына келтіру.
Өз Отаным – маған _____,
Мен _________ұқпаймын.
Әкем менен ____________
Айтқанынан шықпаймын!

Тапсырмалар:
1 топ: септіктердің атауларын анықтайды.
2 топ: септіктердің сұрақтарын анықтайды.
3 топ: септіктердің жалғауларын анықтайды.
Дескриптор:

  • Берілген сөздердің бірінші тиістісін қояды;

  • Берілген сөздердің екінші тиістісін қояды;

  • Берілген сөздердің үшінші тиістісін қояды;

  • Өлеңді қалпына келтіреді.

  • Топтар өздерінің тапсырмаларын орындайды.

ҚБ: жеке бағалау парағына балдарды белгілеу.
Мқб: табло мен термометр


Сергіту сәті. Imektep «Ойлан тап» ойыны.
Топпен жұмыс. 80-жаттығу.(Т) «Табиғатты қорғайық!» акциясын ұйымдастыру. Кітаппен жұмыс (әр топқа оқулықтан белгіленген бетте, абзацта тірек сөзді тауып, тапсырмаларды орындау)

  • Балалар, әр топқа арнайы көмекші тапсырма

таратылды. Көмекші тапсырманы пайдалана отырып сендер қандай тақырып бойынша жұмыс істейтіндеріңді білесіңдер.
1 топ: 35 бет - 74 жаттығу - 1 абзац – 2 сөйлем – 4 сөз.
2 топ: 35 бет – 74 жаттығу – 1 абзац – 2сөйлем – 8,9,10 сөздер.
3 топ: 35 бет – 74 жаттығу – 2 абзац – 1сөйлем – 3,6 сөздер.
Септік атаулары: өзен-көл – репортаж құру
Септік сұрақтары: жануарлар мен өсімдіктер әлемі-нұсқаулық, үндеу жазу
Септік жалғаулары: орман, гүл-жарнама құру
ҚБ: Екі жұлдыз, бір тілек.
Мқб: табло мен термометр



Ақыл тақтасы, презентация


Интерактивті тақта, бейнебаян, презентация


Қағаздар, өзен, орман, құстар суреттері, қағаздар, постерлер, табло, термометр

Ақыл тақтасы, презентация, жеке бағалау парағы, табло мен термометр


Ақыл тақтасы, Imektep бағдарла масы

Интерактивті тақта, бейнебаян дар: Тобол, Қазақстан ның табиғаты, орман.


Сабақтың соңы


V. Қорытынды



Кері байланыс.
«Kahoot» бағдарламасы. «Ақиқат-жалған»дидактикалық ойын.
Ақиқат – True(тру) - верно
Жалған – False(фолс) - неверно


Үй жұмысын беру.
«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында барлық септіктерді пайдалана отырып, жоба дайындау.


Рефлексия. «Термометр» әдісі.

  • Балалар өздеріңнің сабаққа қатысу деңгейін

термометрге стикер жабыстыру арқылы белгілейді.

  1. Термометрдің жоғарғы градусына жеткен оқушылар,

яғни бүгінгі тақырыпты толық меңгерген және септіктердің емлесін жетік білген.

  1. Термометрдің 0 градусына жеткен оқушылар, яғни

бүгінгі тақырыпты түсінгенімен, септіктердің
емлесін жартылай меңгерген.

  1. Термометрдің төменгі градусын белгілеген

оқушылар тақырыпты қайталау қажет.

Интерактивті тақта, бағдарлама
Ақыл тақтасы, презентация

Табло, термометр


Тапсырма
ны орындаған оқушыны мадақтау,


толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет