1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата06.01.2022
өлшемі31,38 Kb.
#109754
Байланысты:
5 кл СОР 1 четв I
Семинар саб-ғы. Қайталау., 4-Практика Бекмагамбетов Арман ГИК-81, әлемдік пр3, Семинар саб-ғы. Қайталау., 5-Практика Арман, ммфг4 Бекмагамбетов Арман

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала»

бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты Т2. Оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу



Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

      • Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын ажыратады

      • Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

      • Шағын әңгімені сауатты құрап жазады.

Білу және түсіну Қолдану




Орындау уақыты 15-20 минут
  1. тапсырма



Мәтінді 2 рет мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Мақсатты ң атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден

қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.

Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.

Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.

Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.


Ақпараттар

+ дұрыс

- бұрыс

Мақсаттың әкесі әбден қартайды.




-

Ұлы мен келіні атасына тамақты

бөлмесіне апарып берді.



+




Қарт ыдысты сындырып алды.

+




Мақсат темірмен ойнап отырды.




-

Ұлы мен келіні атасына қамқорлық

жасайтын болды.



+



  1. тапсырма



Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.


  1. тапсырма

Берілген тақырыптың бірін таңдап, шағын мәтін құрап жазыңыз.


  1. тептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары).

  2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).

  3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар).

  4. Менің сыныптастарым (достық).

  5. Менің мектебім (мектеп ғимараты, сынып бөлмелері).


Мектептегі мерекелер

Маған өзімнің оқып жатқан мектебім өте қатты ұнайды. Себебі біздің мектебімізде әрбір мерекеде іс-шаралар ұйымдастырылады. Осы іс-шаралардың ішінен маған ең жақсы ұнайтыны ол наурыз мерекесі. Сонымен қатар бұл күндері біздің мектебімізде әр түрлі ойындар өткізіледі.




4-тапсырма. Мына сын есімдерді салыстырмалы, асырмалы шырайда өзгертіңіз.
Сыпайы- тым сыпайы ақ- әбден ақ жасыл- тым жасыл
Саналы – өте саналы қара- өте қара қызыл- әбден қызыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет