Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ауа райын болжауы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата12.09.2020
өлшемі0,54 Mb.
#78210
түріСабақ
Байланысты:
04.09 қазақ тілі 7
Нұрғазықызы Жайдар резюме

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

1. Ауа райы және климаттық өзгерістер

Мектеп: №14 орта мектеп

Күні: 04.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының ауа райын болжауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.1.4.1 мәтін тақырыбы мен сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: мәтін тақырыбын анықтайды, негізгі ойға қатысты тірек сөздерді айтады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннің негізгі ойын сөйлеу мәнеріне қарай анықтайды; негізгі ойға қатысты бірнеше сөз тіркестерін айтады;

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін тақырыбы мен сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут



Оқушылармен онлайн сәлемдесу;

сабақтың тақырыбын , күн ретін жазуға бағыттау;

сабақтағы оқу мақсаттарын түсіндіреді.


Мұғаліммен сәлемдеседі;

дәптерге күн ретін жазып, тақырыппен танысады;

сабақтың оқу мақсаттарын негізге алады;








Ортасы

20 минут




Мұғалім түсіндірмесі

Дауыс ырғағы – сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі, интонация. Оған сөйлеу әуені, сөйлеу қарқыны, созылыңқылығы мен тембр жатады.

Дауыс ырғағы – ауызша сөйлеудің маңызды элементі. Дауыс ырғағының мағынаны дәл жеткізудегі мүмкіндіктері көп. Бұл мүмкіндіктер мәнерлеп сөйлеу, сөйлеу мәдениетінің заңдылықтары арқылы реттеледі. Ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалық амалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.



Грамматикалық түсіндірме

Екпін – сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.



Сөз екпіні. Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы. Қазақ тілінде сөз екпіні соңғы буынға түседі.Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі. Мысалы: балық, балықшы, балықшылар, балықшыларға

Ой екпіні. Сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделетінін ескер. Мысалы:   Кеше кітапханаға Айдос барды. Кітапханаға Айдос кеше барды. Айдос кеше кітапханаға барды.

Тіркес екпіні. Бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән.Тіркес екпіні күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: үйге дейін, салт-дәстүр, ұзын-сонар т.б.

Дыбыс екпіні. Сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: па-ай-па-ай, та-ма-ша!Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

5-тапсырма. Оқулықтағы 6-беттегі 5-тапсырманы түсініп оқуға бағыттау. Bv


Мәтіннің тақырыбы

Мәтін бойынша 2 сұрақ

Мәтіннің негізгі ойы









Дескриптор:

-мәтінге тақырып қояды;

-мәтін бойынша негізгі 2 сұрақ дайындайды;

- автордың сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды;



Дауыс ырғағы туралы мәліметпен танысады, мәтіндегі негізгі ойды анықтауда ақпаратты қолданады.
Грамматикалық тақырып бойынша екпін және оның түрлерін еске түсіреді, мысалдар келтіріп көреді.

Оқулықтағы 6-беттегі 5-тапсырманы түсініп оқиды.



Берілген сұрақтар арқылы кестені өз бетінше толтырады.






Қалыптастырушы бағалау

Өте жақсы!


Керемет!
Ойыңды жинақы жеткізіп үйрен!
«Жапондық бағалау» әдісі


https://onlinemektep.org/schedule/lesson/972d94ed-7c11-44ca-ba25-a9ec9a2c912d


Соңы

5 минут


Осы сабақ бойынша «Шығу парағы» беріледі.

1.Бұрыннан білетінім

2.Осы сабақта білдім

3.Келесі сабақта білгім келеді?

Оқушылар шығу парағына ауызша немесе жазбаша жауап береді.









Үй тапсырмасы:





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет