1. Витаминдер және олардың классификациясы. Витаминдер топтары мен түрлері



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі66,15 Kb.
#117869
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Самиқ Е 9k1 практика2
1, Мөде батыр, 1519209185

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі.

ІС-ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ.

Тақырыбы:Витаминдер құрамы және қасиеттері.

Орындаған:Самиқ Ермахан.
Қабылдаған: Сарыпбекова Нурсулу.

ЖОСПАР.
КІРІСПЕ:
Витамин дегеніміз не?
Негізгі бөлім:
1.Витаминдер және олардың классификациясы.
2.Витаминдер топтары мен түрлері.
3.Витаминдер өндірісі және қолданысы.
Қорытынды:
Витаминдердің ағза үшін маңызы.

Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша віта – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.

Дәрумен.
Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада)дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандытан, олар микронутриент болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды.
Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.
Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және Д дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

Құнарлы тағамдар
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін


Витаминдер бір-біріне ұқсас органикалық қосылыстар. Органикалық белок, май, лепидтер және минералды заттар мен бірге организмнің өмір сүруіне өте қажетті заттардың бірі. Витаминдер организмге жеткіліксіз болған жағдайда. Организм әр түрлі потологиялық ауруларға ұшырайды. Витаминнің күнделікті қажетті мөлшері өте аз мыс: күніне 500 г тамақпен бірге 0,01-0,02 г витаминдерді қажет етеді. Яғни, организмде витаминдер катомтикалық қызмет атқарады. Көп жағдайда ферминттердің құрамындағы кофактордың қызметін атқарады. Витаминдер организмге өте қажетті катомтикалық қызметті атқарады. Сондықтан витаминнің құрылысы әртүрлі және әртүрлі химиялық организмдік қасиеті бар. Организмнің өмір сүру үшін өте қажет. Алғаш рет 1880 жылы Лунин ашқан. Ол тышқан организміне белок, май көмірсуларын басқа белгісіз заттар өте қажет екенін дәлелдеді. 1912 жылы Польша ғалымы Пунк бұл заттарды витаминдер деп атаған. Яғни, өмір сүру үшін қажетті аминдер «вита», «өмір» деген сөз. Ең алғаш витаминдерді олардың жетіспеуі кезінде пайда болған ауруларға қарап атады. Ол кезде аурулардың алдынан анти сөзі жалғанды. Демек бұл ауруларды А витаминоз деп аталды. 1913 жылы ең соңғы номенкулатураны Макколлум жасаған. Ол витаминдерді латын әріпімен белгілеуді ұсынды. Витаминерия-бірнеше изомерлерді пайда ету қасиеті.
Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне, жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организімінде түзілмейді. Оған жататындар: А,Д,Е,К,F.
А витамині /антисерфталмалық витамин, ретинол/.
Өзінің «А витамині» деген атын 1916 – жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А123 болып бөлінеді.
Химиялық құрылысы жағынан құрамында ς–ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді.
«А» тобындағы витаминдер – түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 1200-1300-қа дейін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.
А – витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі.
Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ол фоликулярлы гиперкератос /грек – һуреr қалыптан тыс көп, тым көп; кеras – мүйіз/ ауруына шалдығады.
Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп-тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босасып, тарамыстары тартылып, сал /паралич/ ауруына шалдығады.
Кездің тор қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына /концентрациясына/ байланысты.
«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жуып-шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ол қабынады, жұмсарады және онда жара /теріскен/ пайда болады. Кейін осы жараның орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көру қабілеті төмендеп жанары зақымдалады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалуы мүмкін.
Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамай ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А – витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның бауырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты.
Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әртүрлі. Мысалы, ірі қара, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады. Шошқа, қой мен ешкі оргаинзмінде оның қоры жоқ. Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді.
А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химилық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді.
А витамині мен микроэлементтер арасында да байланыстар бар. Мысалы, А-гиповитаминозымен ауырған бұзаулардың қанында кобальттың мөлшері азаяды.
Екінші бір мысал: А витамині мыстың катализдік активтігін реттей отырып, эпителийде үдеп кеткен қабыршақтану процесін төмендетеді.
«А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға. А-авитаминозымен күресуге керек. Өсімдіктер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жануарларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминінің негізгі көзі болып табылады.
Өнеркәсіпте шығарылатын А витаминінің концентраты балықтар мен теңіз аңдарының бауыр майынан жасалады. Мұның витаминдік активтігі балық майымен салыстырғанда 400-800 есе көп.
Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады. Осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішірейіп, қабығы жұқарады.
Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остеомаляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпиіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.
Аурудың себептері: Рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы.
Организмде Д3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таратылады.
Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі – фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады.
Е витаминінің биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейнгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды. Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл зат Е витамині, немесе токоферол /грек, «тұқым қуалағыш»/ деп аталды.
Химиялық тұрғыдан барлық токоферолдар екі циклды, бір атомдық фенолдарға жатады. Қазіргі кезде токоферолдардың 7 түрі белгілі. Оптикалық активтігі жағынан α – токоферол ерекше орын алады.
Е витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Токоферолдар бензолда, бензинде, хлороформада, ацетонда және басқа органикалық заттарда да ериді, қыздыруға айталықтай тұрақты.
К витамині /филлохинондар/.
Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтын 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. 1942 ж А.В.Палладин және М.М.Шемякин К витаминінің суда еритін викасол атты жасанды түрін бөліп шығарды. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де керек екені анықталды. Олар К витаминге деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арқылы қамтамасыз етеді.
К витамині өсімдіктер пигменті хинондар тобына жатады. Оның табиғи және жасанды бірнеше түрлері /К1, К2, К3/ белгілі.
Химиялық құрамы жағынан бүйірлік тізбегі изопреннен тұратын нафтахинонның туындысы болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет