3) Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер және компьютер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық жүргізу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын тексеру. Іс–әрекеттегі кемшіліктерді анықтау.
Табиғат жағдайы жер бетінің барлық бетінде бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет.
Жануарлар қайда тіршілік етеді?
Суда, ауада, жер бетінде, топырақ арасында тіршілік етеді.
Олар қалай бөлінеді?
Олардың бір-біріне ұқсастығы, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Бүркеніш рең , қорғаныш рең, сақтандырғыш рең дегенді қалай түсінесіңдер?
Бүркеніш рең – көбелек, көкшегіртке өсімдік гүлінің, бұтағының түрін бүркеніп қорғанады.
Қорғаныш рең – дене пішіні қанқыздан аумайтын тарақан бар ол өзінің түрін қанқызға ұқсатып қорғанды.
Сақтандырғыш рең– денесінде улы немесе күйдіргіш заты бар бунақденелілерді басқа жануарлар жемейді. Сондықтан олар түстерін ашық, ашық көзге көріне береді. Оларды алыстан байқаса да шоқып жемейді.
Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өте көп.(құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер) Сондықтан бунақденелілер жауынан алуан түрлі бейімділікпен қорғануға әрекет жасайды.
Жануарлардың бейімділігі дегеніміз не?
Жануарларға бейімділік тіршілігін сақтауға , жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді.
Аңдар неге жуынады?
Аңдар жуыну арқылы үстінің кірін, үстіне жұғып қалған тамақтың қалдығын тазалап қана қоймай, денесінен шығып тұрған иісті де жояды. Мұның маңызы өте зор. Себебі мысық, жолбарыс сияқты аңдар жемін аңдып отырып жейтіндіктен, олардың иісін жемі сезіп қойса қашып ұстатпай кетеді.
Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі:
І. Қызығушылықты ояту:
Балалар бейімділік құстарға қандай қажеттілігі бар екніне тоқталайық. Ө.Тұрманжановтың «Құстар біздің досымыз» өлеңін оқу:
жыртқыш құсты жемейді Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
ІІ. Мағынаны тану:
Компьютер арқылы «Табиғат көркі» стратегиясы бойынша көрініс көріп, тамашалайды, экраннан құстың тұмсықтарының әр түрлі болатыны және олардың ерекшеліктері туралы бейнелер көру.