Бағдарламасы тарау. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата11.01.2022
өлшемі104,9 Kb.
#111098
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Оқу бағдарламасы Дене шынықтыру
9-сынып сабақ жоспар қазақ тілі, Тілашар 1 ә, анажаным, БЖБ талдау, Тәрбие жұмысына талдау, Презентация Microsoft PowerPoint, СОЧ литературное чтение 4кл.3чт, математика 3-тоқсан тжб, математика 3-тоқсан тжб, СОЧ литературное чтение 4кл.3чт, Оқу бағдарламасы Дене шынықтыру, Документ Microsoft Office Word (2), ТАЛДАУ3ТОҚСАН, 4 класс Литературное чтение

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 10 мамырдағы

№ 199 бұйрығына 11-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 186-қосымша



Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Спорттық ойын" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы


  1. тарау. Жалпы ережелер

    1. "Спорттық ойын" пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

    2. "Спорттық ойын" пәнін оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене (физикалық) қабілеттерін игеруге бағытталған спорттық ойындың негіздерін қалыптастыру болып табылады.

    3. "Спорттық ойын" пәнін оқытудың міндеттері:

  1. спорттық ойын және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;

  2. өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру;

  3. білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту;

  4. Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу;

  5. білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;

  6. жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде спорттық ойын туралы түсініктерін қалыптастыру.

    1. "Спорттық ойын" пәнін оқыту білім алушыларға:

  1. пән туралы білімдерін, біліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;

  2. қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және білім алушылардың дене дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;

  3. адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;

  4. жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;

  5. дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене және энергетикалық жүйелеріне әсерін білуге;

  1. өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға;

  2. сыни тұрғыдан ойлау және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

    1. Кең ауқымды дағдылармен бірлесе жеке қасиеттердің дамуы "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты білім берудің басты құндылықтарды білім алушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет