1.Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы
Орфоэпия грек тілінен аударғанда дұрыс айтамын деген мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дұрыс айтылу нормасы , ережесі қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы болып табылады. Тіліміздің фонетикалық заңдылығына сәйкес ауызша сөйлеу ережелері орфоэпиялық норма деп аталады.
Мысалы:
жүйрік- жүйрүк;
Еспенбет-Еспембет
қиян- кескі- қияң-гескі
Ботакөз-Ботагөз
шекара-шегара
ақ лақ - ағ лақ
жұлдыз -жұлдұз
Бұл жерде екінші бағандағы сөздер орфоэпиялық нормада жазылып тұр.
2. Төте жазуда таңбаланған дауысты дыбыс саны
Төте жазуда 24 дыбыс болған. Оның алты дыбысы - дауысты, қалғаны дауыссыз. Төте жазуда таңбалаған дауысты дыбыстар: а, о,ұ, ы, и, е; А.Байтұрсынұлы зерттеуі бойынша дауысты дыбыстар сөз басында келсе, алдынан таяқ қойылып жазылған. Ахмет Байтұрсынұлы бұл дауысты дыбыстарды былай жіктеген: толық дауыстылар және шала дауыстылар. Толық дауысты дыбыстар: а, о, ы,ұ, е. Ал шала дауысты дыбыс: и
Төте жазудағы дауысты дыбыстарға сипаттама:
а- жуан дауысты дыбыс, езулік, ашық дауысты дыбыс;
о-жуан дауысты, еріндік, ашық дауысты дыбыс;
ұ-жуан дауысты, еріндік,қысаң дауысты;
ы- жуан дауысты, езулік, қысаң дауысты дыбыс;
и-жіңішке дауысты, езулік, қысаң дауысты дыбыстар;
е- жіңішке дауысты дыбыс, езулік дыбыс, ашық дауысты;
3.Латын әліпбиінде қазақтың төл дыбыстарының таңбалануы
Әліпбиде тоғыз төл дыбысымыз бар. Олар: ә,ғ,ң,қ, ө, і,ұ,ү,һ. Латын әліпбиінде қазақтың төл дыбыстары жазылуына байланысты емле баптары сақталатындығын көптеген ғалымдар зерттеуде. зерттеулердегі әліпбиде тоғыз дыбыс дәйекше арқылы берілген, қазақ тіліне тән бес төл дыбыс /ә, ө, ү, ғ, ң/, бір кірме дыбыс /ч/ және екі тілге де ортақ үш дыбыс (и/й,ш,у) таңбаланып берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |