Сыныбы: 7 а,ә,б
|
Күні: 24.11.2021
|
Сыныптан тыс шарасының тақырыбы:
|
Қызықты информатика
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, білімдерін тексеру. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттады. Білім деңгейлері көтеріледі. Өз бетімен жұмыстануға үйренеді. Ойлау қабілеттері артады.
|
Керекті жабдықтар:
|
Техникалық құралдар (компьютер, интербелсенді тақта), түсті маркерлер, стикер, постер, бағалау фишкалары, рефлексия парағы.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
1. Ұйымдастыру. Амандасу. Шаттық шеңберін құрып барлық оқушы бір-бірінің қолынан ұстап біз болашақ балдарымыз - деп айтады.
2. Топқа бөлу
|
1. Информатика сабағына ынталары оянып , қызығушылығы артып сабаққа кіріседі.
2. Әр кластан төрт оқушы 1 топ командасы болып отырады
|
Тұсаукесер
|
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.
1 ші тур – “Жұмбақ шешімін тап”
2 ші тур – “Менің тақырыбым“
3 ші тур – “Білгірлер сайысы”
4-ші тур – “Сен білесіңбе?”
|
Оқушылармен бірге шарамыздың мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, бір-біріне бағалау фишкаларын ұсыну, әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау.
|
Негізгі
бөлім
|
1 ші тур – “Жұмбақ шешімін тап”
2-ші тур “Менің тақырыбым“
3-ші тур “Білгірлер сайысы”
ші тур “Сен білесіңбе?”
|
1-ші турда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әр топқа 2 жұмбақ берілетін болады. Дұрыс жауапқа стикер беріліп отырады.
2-ші турда 3 түсті шарик берілетін болады, әр команда ұнаған түсін таңдау арқылы тақырып таңдалады. Әр командаға 7-10 мин дайындалуға уақыт беріледі, плакат және маркерлерді пайдаланып өз тақырыптарын түсіндіріп қорғайды.
3-ші турда викторинада ұяшық таңдап, оған стикерлер жинайды
4-ші турда оқушылар сөздері қалып кеткен жаңа ақпаратты мәтін беріледі, қатысушылар бос орынға акылдасып сөз қоюы қажет
|
Қорытынды
|
1. Компьютердің миы
2. Ақпараттың ең кіші өлшемі
3. Бас әріптерді жазу пернесі
4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы
|
1. Әр дұрыс жауапқа фишка алып отырады.
Процессор
Бит
Caps Lock
Принтер
Сканер
|