2-тапсырма. Сауат ашу «Әліппе оқулығымен танысу»



Дата22.09.2022
өлшемі18,5 Kb.
#150293
түріСабақ
Байланысты:
2-тапсырма. Сауат ашу « ліппе о улы ымен танысу»


2-тапсырма. Сауат ашу «Әліппе оқулығымен танысу»

Қазіргі таңда оқытудың ең негізгі талабы - сабақ сапасын арттыру. Бұл оқытудың түрлерімен әдістерін, мазмұнын жетілдіру оны әдістемелік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жоғары сапалы көрсеткіштерге жеткізу деген сөз.


Ж.Аймауытов "Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер"-деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мұндағы білім беру жолдары мен құралдарына
1. Оқу жұмысын ұйымдастыру.
2. Оны үйрету әдістері жатады.
Менің ойымша, сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенуіміз керек:
- Балалардың сөздік қорын қалаптастыру.
- Балаларға қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойын айтып беру дағдыландыру;
- Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару;
- Тіл мүкістері бар кейбір дыбыстарды айта алмау жақтарын жою мақсатында жұмыстар ұйымдастыру.
- Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
- Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізу.
- Оқушылардың шығармашылықпен қызметін дамыту.
-Оқушының алған білімі мен іс-әрекеттерін іс-жүзінде пайдалана білуге үйрету.
- Өз бетінше ойлай білу, анализ жасай білу, қорытындылай білу.
-Басқаны тыңдай білу, имформацияны қабылдай білу (терең түсіну, сұрақ қоя білу).
- Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сонымен бірге оқушылардың оқу сабақтарында жіберілетін қателіктері бар.
-Әріп, буын, немесе сөз қалдырып кетіп оқу.
-Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап ежелеп оқитындар.
-Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқу т.б.
Биылғы оқу жылында 1 сынып оқушылары жаңа "Әліппе" оқулығымен танысып, жұмыс жасайды. Жаңа «Әліппе» оқулығының авторлары Жұмабаева Ә., Құрман Н., Сабденова Б. 2021 жылы "Атамұра" баспа корпорациясында өңделген.
"Әліппе" оқулығы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына, бастауыш білім тұжырымдамасына, оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
"Әліппе" оқу жылының 1- жарты жылдығында оқытылады. Негізгі мақсат - баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету, тілін, ой-өрісін жетілдіру.
Оқулық мазмұны коммуникативтік іс-әрекетке, танымдылыққа, ана тіліне қызығушылыққа құрылған.Сауат ашу үш кезеңге бөлінген. І.Әліппеге дейінгі кезең. 2. Әліппе кезеңі. 3.Әліппеден кейінгі кезең.
Әліппеге дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстырылып берілген.
Әліппеден кейінгі кезеңге қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин, педагог - жазушылар С. Көбеев, Абай өлеңдері, М. Жұмабаев, көрнекті ақындар М. Мақатаев т.б балаларға арналған шығармалары, сондай-ақ қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері енгізілген.
Ал сауат ашудың әліппе кезеңі-аса күрделі де жауапты. Бұл кезеңде оқушылар ана тіліндегі барлық дыбыстар мен олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді.
Сауат ашу кезінде оқушының әріпті каллиграфияға сай, сауатты, таза, көркем жазуға дағдыландыру. Әліппе кезеңінде дыбыс және әріппен таныстыру, сөз үйрету, сөйлем, сөйлеу үлгілерімен таныстыру, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, мәтінмен жұмыс істеу, оқу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.
Дыбыс туралы ұғым беруде артикуляциясына ерекше мән беріледі.
Әрбір сабақта таныстырылатын дыбыстың дауысты дыбыс немесе дауыссыз дыбыс екендігі, яғни дауысты дыбыстың еркін, ашық, созылып айтыланыны, ал дауыссыз дыбыстың қысылып қысқа, дауыс кедергісіне ұшырап айтылатыны түсіндіріліп, практикалық түрде дәлелденеді.
Дыбыс пен әріп өзара біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін бүтін нәрсе ретінде үйретіледі. Яғни дыбыс айтылған соң, ізінше қолма-қол оның таңбасы-әріп көрсетіледі. Көрсетілген әріп қайтадан оқылып, дыбысталады. Әрбір әріптің баспа және жазба нұсқасы, олардың бас әріпі және кіші әріпі таныстырылады.Сауат ашудағы бағандағы сөздер екі түрлі бағанда берілген. (Міндетті және мүмкіндік деңгейде). Буындап оқуға (қара сызықпен бөлінген) тұтас сөзбен оқуға (Көк сызықпен оқуға) мұндағы буындап оқу сыныптағы барлық оқушы үшін міндетті болады да, тұтас сөзбен оқуға барлық оқушы бірдей міндетті емес яғни қабілетті балалардың оқуын, дамуын тежемес үшін қайта мүмкіндік туғызу үшін берілген. Әрине тұтас сөзбен оқуға бірте-бірте сыныптағы барлық оқушыда талпынып, оқуға дағдылану, үзбей жаттығу арқасында қол жеткізе алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет