2011 жылға Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы есепке талдамалық жазба



Дата12.03.2018
өлшемі80,14 Kb.
#38481



2011 жылға

Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы есепке

талдамалық жазба

1. Бюджеттің орындалуының жалпы қорытындысы.

Курчатов қаласының бюджетінің орындалуының жалпы қорытындысын келесі көрсеткіштер толық сипаттайды.


Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы
2011 жылға қала бюджетіне 1046762,3 мың теңге кірістер түсті, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 379886,3 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 458534,3 мың теңгені құрады.

2011 жылға қала бюджеті меншікті кірісі бойынша 100,2 % орындалды, іс жүзінде түскені 588227,9 мың теңге.

Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық кіріс көздері бойынша жетістікке жетті, жер телімдерін пайдалануға түскен төлемдерді (89,7%), жеке қызмет түрлерімен айналысуға құқығы бар лицензиялық алымдарды (43,5%), талап өтініштерін сотқа берумен өндіріп алатын, ерекше өндірістік істер бойынша (арыз) өтініштерінен аппеляциялық арыздардан, атқару іс қағазының телнұсқасын беру туралы мәселе бойынша соттың анықтауына жеке арыздардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштен сондай-ақ арбитраждар мен шет ел соттарының шешімдері бойынша соттың атқару іс қағаздары құжаттарының көшірмелерінен (телнұсқасынан) 97,5% мемлекеттік баж түсімдерін алып тастағанда.

Жоспардың орындалмауы жер телімін жалдауға қарсылық білдіріп және еркін-экономикалық аймақ бойынша жобаның күшін жоюға байланысты, 1586 мың теңге сомаға азаюға «Ядролық технологияар паркі» АҚ ДФНО ұсынылғандығымен және салық төлеушілер санының азаюымен түсіндіріледі. Толығымен 2011 жылға белгіленген жоспардан тыс 1363,9 мың теңге түсті.



Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы

2011 жылға қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар есебінен 1062194,4 мың теңге немесе 99,7% құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 92117,4 мың теңге немесе 100 % шығысталды.

Қорғанысқа 3128,8 мың теңге немесе 100 % шығысталды. Соның ішінде 247 әскер қатарына шақырылғандар облыстық дәрігерлік байқаудан өткізілді, оның ішінде: шақырылғандар -180 адам, жаңадан қосылғандар - 57 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -5 адам, әскери техникалық мектеп -5 адам.

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздікке 384,0 мың теңге немесе 100 % шығысталды. Қала көшелеріне 23 жол белгілері орнатылды.

Білімге 323060,8 мың теңге немесе 99,8 % шығысталды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 73572,6 мың теңге немесе 100 % шығысталды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 15239,0 мың теңге сомасында, игерілгені 15238,9 мың теңге сомада. Қоғамдық жұмыстарға 175 адам қатысты. Тұрақты жұмысқа 124 адам орналастырылды. Кәсіптік оқуды 25 адам оқыды. Қала кәсіпорындарында жастар практикасына 12 жас маман қатысты. Нысаналы топтарға жататын тұлғаларға, қала кәсіпорындарында 20 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

2020 жұмыспен қамту бағдарламасы бойнша әлеуметтік жұмыс орынына 50 адам бағытталды, жылдың аяғына 32 адам жұмыс істеуін жалғастырады, бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде қаланың 11 кәсіпорынымен келісім-шарт жасалды.

Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсетуге 2556,0 мың теңге қарастырылған, толық көлемде игерілді, осы көмек 126 (44 отбасына) алушыға тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2009,0 мың теңге қарастырылды, 2008,8 мың теңге сомада игерілді, тұрғын үй көмегі 143 (256 адам) отбасына тағайындалды және төленді. 75 отбасына (111 адам) телефонға абоненттік төлемдер тарифінің көтерілуіне өтемақы төленіп және аударылды.

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 29153,0 мың теңге түсті, толықтай игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет төлемі үшін 432 адамға материалдық көмек көрсетілді, тұрмысы төмен отбасылардан 7 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 38 көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын 26 көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 1584,0 мың теңге бөлінді, толықтай игерілді, көмек сұраған 66 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойынша жүргізілді.

Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 666,0 мың теңге бөлінді, 665,3 мың теңге сомасында немесе 99,9% игерілді. 7 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді, нақты есеп бойынша төлем жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 1769,5 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді 209 балаға (111 отбасына) жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.

Арнайы гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге 43,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. қозғалатын-тірек аппаратының бұзылуымен 3 мүгедек арнайы гигиеналық құралдардармен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 5426,0 мың теңге бөлінді, 5425,6 мың теңге игерілді.

Вирусқа қарсы бағдарлама және 3 компьютер жұмыспен қамту бөліміне сатып алынды.

Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 200098,3 мың теңге бөлінді, игерілгені 198232,1 мың теңге сомада немесе 99,1% оның ішінде:

- Абай көшесі, 36, Рожановича көшесі, 2 бойынша тұрғын үйлердің төбесі ағымдағы жөндеуден өткізілді;

- жылжымайтын нысандарды техникалық байқау бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Абай көшесі, 38 тұрғын үйден жалпы ауданы 747,9 шаршы метр 20 пәтер сатып алынды. 42000,0 мың теңге сомада қаражат республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерден түсті, 41999,8 мың теңге игерілді;

- бірінші көтерілімге және фикалдық канализацияны тазалауға, бірінші көтерілімдегі сыртқы суқұбыры желілерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары жүргізуге, мектеп-гимназия маңындағы ВК 357-ден ВК 294-ге дейін, военкоматтан Пионерская көшесі бойынша суқұбырларына жөндеу жүргізуге, құбырларды жуу жұмыстарын жүргізуге, ағын канализациясын тазалауға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;

- 59436,2 мың теңге сомаға аз уланған өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға құрылыс полигоны аяқталды, облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерден түскен қаражат есебінен 329,1 мың теңге сомаға техникалық бақылау өткізілді;

-254310 квт электроэнергияны тұтынуға төленді, көшені жарықтандыру

желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға, көшені жарықтандыру желілерінің кабельдерін ағымдағы жөндеуге және жартылай ауыстыру үшін, қалалық балалар алаңын жарықтандыру үшін ағымдағы жөндеу жүргізілді;

- қалада тазалықты қамтамасыз етуге қаражат бөлінді;

- көгалдандыруға және абаттандыруға, соның ішінде Октябрь алаңын көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді, Курчатов қаласының жерін қайта өңдеу бойынша жұмыстар аяқталды, қалалық аурухана терезелерін уақытша жөндеу, қаланың шыға берісіне арка орналастыру, Курчатов көшесінен Красноармейская көшесіне дейінгі телімді жоспарлау бойынша, тұрғын үйдің сыртын ағымдағы жөндеу;

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 63916,5 мың теңге бөлінді, игерілгені 63914,7 мың теңге немесе 100 %.


  • Бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына

33380,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шаралар өткізілді;

  • Спорттық сайыстарды өткізуге (мақтау қағаздарын, медальдар,

кубоктар) 255,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 254,9,0 немесе 100%;

  • басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға (жол

шығындары, жатар орыны, тамақтану), спорттық костюмдер сатып алуға 3400,0 мың теңге бөлінді, 3399,7 мың теңге шығындалды, немесе 100%;

  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 6605,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 6604,5 мың теңге немесе 100 % ;Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту жүргізілуде, 2011-2012 жылдарға (100 тыңдаушы) 8 топ құралды, ШҚО бойынша оқыту Орталығының ұсынысымен акция өткізілді, қала кәсіпорынының аумағында қазақ тілін үйренуге «Қанеки қазақша сөйлейік» конкурсы өткізілді;

  • газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты

өткізу бойынша қызметтерге 924,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, «Спектор-резонанс» газеті арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді;

  • мемлекеттік ақпараттық саясаттарды телерадио хабарларын өткізу

бойынша қызметке 240,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қалалық радио бойынша хабарландыру және қала әкімінің пресс-қызметі материалдарын телевизияға шығару үшін «Сова» және «Поиск» ЖШС берліген шоттары бойынша төлем жүргізілді.

- Жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 1959,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, жастар іс шараларын өткізуге кеңселік тауарлар, силықтар сатып алынды: «Президентті сайлау - сенің дұрыс азаматтық таңдауың» акциясы, «Қазақстанның гүлденуі, ауылдың гүлденуі» акциясы, «Қазақстан ядролық қаруға қарсы» жас оқымыстылардың домалақ столы, «Біз өз еліміздің патриоттарымыз» қалалық жастар конкурсы, тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар;



Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 10585,0 мың теңге бөлінді, 10572,9 мың теңге игерілді немесе 99,9 % соның ішінде:

  • Қаңғырған иттерді жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға

230,0 мың теңге шығындалды;

- ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар өткізуге 56,0 мың теңге шығындалды, игерілгені 100%

- 683,0 мың теңге жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерден түсті, 100% игерілді, үй жануарларын вакцинациялау жұмыстары жүргізілді;

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне

6008,0 мың теңге сомада бөлінді, 6007,8 мың теңге игерілді немесе 100 %



Көлік және коммуникацияға 225035,0 мың теңге қаражат бөлінді, 224985 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %, Абай көшесін кеңейту және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, қала көшелерінің жолдарын жазда сыпыру және қыста қардан тазалау жұмыстары жүргізілді, қала көшелерінің жолдарын сақталуын қамтамасыз ету үшін жолдың үстіңгі қабатына жөндеу жүргізілді.

«Бизнес Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлерді қолдау» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 468,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, жастар тәжірибесіне 3 адам қатысты.

«ККСЭК» МКК жарғы капиталын толықтыруға 14977,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, қала қазандықтарына 7 қазан, және 1 шойын задвижка, 1 көмірді ұнтақтағыш сатып алынды. «Балапан» МКК 528,0 мың теңге бөлінді, 1 газон шапқыш, 2 сваркалық аппарат сатып алынды.

47 нысан бойынша келісім-шарт жасалды, коммуналдық меншікті басқаруда бақылау жүзеге асты. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген 15 нысан жалға берілді. «Жолбарыс» ЖШС 933,3 мың теңге сомада жалға алу төлемі сот арқылы өндіріп алынды. 3 иесіз мүлік анықталды және әділет басқармасына есепке қойылды.



2011 жылы жеке меншік ғимараттардың иелерімен аумақтарын абаттандыру және сырт бейнесін көріктендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Қалалық мәлихат депутаттары мен «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің қатысуымен жағдайы тазалыққа сәйкес келмейтін, адам өмірі үшін олардың қауіпті екендігін есепке алып ұзақ уақыт пайдаланылмайтын, ескі құрылыстар, көптеген қауіпті бос қалған құрылыстар қала аумағында бар екендігі анықталды. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша қауіпті және ескі құрылыстарға нақты ұсыныс енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 02 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға «Нұрлы көш» Бағдарламасына сәйкес, Курчатов қаласы, Абай көшесі, 44,46 және Тәуелсіздік көшесі, 45,47 бойынша орналасқан бұрынғы тұрғын үйлер «Ертіс» жекешелендіру және мемлекеттік мүлік өңіраралық департаменті» ММ баланысына берілді. Абай көшесі, 44, (40 пәтерлі тұрғын үй), Тәуелсіздік көшесі, 45 (60 пәтерлі тұрғын үй) ғимараттары 2010 жылы пайдалануға берілді,. Абай көшесі, 46 (60 пәтерлі тұрғын үй)Тәуелсіздік көшесі, 47 (40 пәтерлі тұрғын үй) ғимараттары 2011 жылы пайдалануға берілді.

Курчатов қаласының

қаржы бөлімінің бастығы А. Уағызов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет