Авторы: Кеңес Айсұлтан Нұрболұлы
Жетекшісі: Балжан Темірғалиқызы
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
“Ұялы телефонның пайдасы мен зияны”
2023 оқу жыл
«Нұрай» білім беру орталығы
Аты: Айсұлтан
Тегі: Кеңес
Әкесінің аты: Нұрболұлы
Туған жылы: 20.09.2011ж
Мектепбі: «Нұрай» білім беру орталығы
Сыныбы: 4
Құштарлығы: кітап оқу, сурет салу
Түйіндеме
Зерттеудің мақсаты: Ұялы телефонның адамзатқа тигізер пайдасы мен зиянын анықтау
Өзектілігі: Ұялы телефонның адам өмірде маңызы орасан зор бола тұра, оның денсаулыққа тигізер зиянын анықтау.
Зерттеу ғылымының жаңалығы: Біздер телефонның пайдасы көп екенін білеміз. Алысты жақындатып, тума – туыспен хабарласып амандығын біліп отырамыз. Керекті мәліметті де ұялы телефон арқылы анықтай білеміз. Ғылыми жұмыс – маған көп көмегін тигізді. Өйткені, әр түрлі кітаптар, газет – журналдар оқыдым. Ұялы телефон жайлы қызықты мәліметтер жинадым. Керек мәліметтерді таңдап, қорытынды жасадым. Дәрігермен сұхбат жүргіздім.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізер зиянын біле тұра, күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану.
Ұялы телефон қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған. Ұялы телефонның дамып кеткені соншалықты, кез - келген адам ұялы телефонсыз жүре алмайды деп те айтуға болады. Жұмыста, сабақта, серуендеп жүрсе де адам үшін қажетті затқа айналған, алайда ұялы телефонның адам денсаулығына пайдасы ғана емес, зияны бар екенін1 де ұмытпау керек. Сол себептен мен үшін осы тақырыпты таңдап, талдау өте қызықты мәселе болып саналды.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешен-дік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байла-ныстырушы сымдардың көмегі-мен өз көмекшісінің дауысын естиді. Өнертапқыш шотланд-тықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертап-қыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Достарыңызбен бөлісу: |