№29 орта мектеп Сынып жетекшілер бірлестігі



бет1/4
Дата29.02.2020
өлшемі81,61 Kb.
  1   2   3   4
 №29 орта мектеп
Сынып жетекшілер бірлестігі
Менің тәрбие сағаттар жинағым

     Қазақтың «Қыз ұзату)» салт дәстүрі.

Баласы.Сүйінші, сүйінші ауылға қонақтар келе жатыр, әне қонақтар келе жатыр.

 (Қыздың анасы). -Эльмира. –Ау мына келе жатқан қонақтар біздің күткен қонақтарымыөз ғой, қане құдаларды қарсы алайық, жүріңдер шашу шашайық.                                                                                                                                         Ән: Құдалар.                                                                                                                                (Жігіттің әкесі)-Қалқабек Әділет.-Бізде ұл бар, сізде қыз бар дегендей бүгін біз ата-бабамыздың  салты бойынша құдалы-жегжат болып, туыстық ара-қатынасымызды орнатайық деп келдік.

(Қыздың әкесі)- Женісов Балғын.-Әрине, көңілдері жарасқан екі жас өмірлік бірге болсын.                                                                                                                (Жігіттің әкесі)-Қалқабек Әділет.-Олай болса келінімізді көрсетңіздер,екі жасты жарастырайық.                                                                                                  (Қыздың анасы). –Эльмира. Қане, жеңгелері күйеу баланың көрімдігін беріп, қолына құсын қондырыңыздар.Жеңгелері құйрық- бауырды әкелініздер.                                     (Жеңгесі) Мұсатаева Адель.-Құйрықтай тәтті бауырдай жақын болайық. (Қыздың анасы). –Эльмира.-Құйрық бауыр әні орындалады.

Мұханов Назар.- Құйрық бауыр жегізген құдалар осы екі жастың бақыт тойында «Күйеу жүз жылдық,құда мың жылдық» деген сөз бар, құда-құдағилар құдалықтарымыз мың жылдық болсын деп, қазақтың салт- дәстүрінде төс қағыстыру ырымы бар, қане ортаға шығып төс қағыстырыңыздар.                                                                                                                      Қамаров Елдос.-Ата- бабамыздың ұлағатты сөзімен  айтылған «атаңнан бота қалмасын, бата қалсын» себебі, ботаның құны бірақ-ақ жұтам, бата бүгінгідегі жастарға мәңгі құт демекші, құдалардың батасын алайық.  (Жігіттің әкесі)-Қалқабек Әділет. Бата береді.                                                           (Қыздың анасы). –Эльмира. Мына тойдан мүшелігіміз бар еді соны осы тойға келіп отырған қонақтарымызға «орамал тон болмайды, жол болады» дегендей сый сияпат көрсеткендей.                                                                           (Жеңгесі) Кунарова Аружан.- Қимайды ұзатқан жақару қызың, Жан жүрегі қалай ғана сыздамасын. Халқымның қыз ұзату салтыменен, айтылар сыңсу әні қоштасатын.                                                                                                          (Қыз).Салтанат «Сыңсу».                                                                                                           (Жігіттің әкесі)-Қалқабек Әділет. Келін түсіру, беташар тойына шақырамыз.


Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы  Қарулы  күштерінің  жауынгерлік дәстүрлері»


Мақсаты:
1. Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
2. Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сайыс
Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, сабақтың эпиграфы жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:


- Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 24 жыл. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Отан қорғаушыларға арнамақпыз.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,


Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Ұландарым!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп, интеллектуалдық ойын - сайысымызды бастаймыз.

Ашық тәрбие сағатымыз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтеді. Ал енді тәрбие сағатының жоспарымен танысыңыздар.


1. «Кім білгір» сайысы
2. «Байланысшылар»
3. «Ең епті сапер»
4. «Әскери әншілер»
5. «Үздік барлаушы»
6. «Әскери тапограф»
7. Командирлер сайысы

Сіздерге әскери комисариаттан повестка келді. 2 - топтың қайсы үздік шықса сол топқа әскер қатарына Отан қорғауға да дайын екенін анықтаймыз.


1 - конверт Әскери академиядан келген сіздердің білім, біліктеріңді тексерейік.
1 конверт сұрақтары оқылады.
 І. «Кім білгір» сайысы
Сұрақтар:
1 - ші 10 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген. (Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды кім деп атаймыз? (Сақшы)
4. Қазақстанда 1942 - 45 ж ұлы соғысын басқарған ержүрек қолбасшы?
(Б. Момышұлы)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 - тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі.(Маневр)
2 - ші 10 сұрақ
1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
2. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім?
(Президент Н. Ә. Назарбаев)
5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе - қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
6. Суық қару түрлерін атаңыз. (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
7. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
9. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)
10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)

ІІ. Байланысшылар конкурсы: ұрыс алаңынан құпия сөз келіп жетті. Сөзжұмбақ шешу.

ІІІ. Саперлар сайысы:
Екі командадан бір - бір сапер шығып, шарды үрлейді, кімнің шары ең үлкен болып үрленеді сол жеңімпаз атанады.

ІV. Барлаушылар сайысы:


Әскери терминдердің әріптері адасып кеткен соны барлаушылар іздеп табуы керек.

V. «Әскери тапограф» сайысы. Бұл сайыстың шарты сайыскерлеріміз өздеріңнің мектептеріңнің картасын сызу. (Үстінен қарағандағы картасы)

VI. Командирлер сайысы: Сұрақ - жауап (әр командирге төрт сұрақтан).
1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді? /теңге, 1993, 15 қараша/
2. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? /1995 ж, 30 тамыз/
3. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/
4. Мақалды жалғастыр:
a. Отансыз адам -... (ормансыз ағаш)
b. Отан үшін.... (отқа түс)

1. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/


2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/
3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991, 16/ХІІ/
4. Мақалды жалғастыр:
c. Отан.... ыстық. (оттан)
d. Туған жердей – (жел болмас)
Туған елдей – (ел болмас)

VII. «Әскери аспаз» сайысы екі командадан бір – бірден сайыскер шығып, картоптың қабығын үзіп алмай ұзын етіп, аршып бітіреді сол сайыскер жеңіске жетеді.

VIII. «Әскер әншілері» сайысында бір - бірден карточка келіп аласыздар карточкада жазылған сөз әннің бір шумағының ішінде айтылуы керек.
Сарбаз, Отан, атамекен.
Мұғалім: Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек. Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын. Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін алғысым шексіз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!

Тақырыбы:«Мен Қазақстанның болашағымын»


Мақсаты:1. Адам баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң
қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге тәрбиелеу
Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу.
2.Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету
3.Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлғақалыптастыру
Әдісі:пікірталас.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, интерактивті тақта.
Барысы.
Кіріспе:
Салеметсіздерме  оқушылар! Бүгінгі «Мен Қазақстанның болашағымын» атты тәрбие сағатымызды бастайық
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтылатын сөзі.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.
Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершіліктұр.
Бейне көрме көрсету.
(оқушылар бейне көрмені көріп талдап, әңгіме құру)
Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырма берілді (Қазақстанның болашақ жастары қандай болу керек?, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақстанның жастарына қосқан үлесі,қандай?, Болашақта біздің міндеттенріміз қандай?т.б сұрақтар берілді.
1- топ Ұран «Болашақ жастардың –күші бірлікте!»
        Болашақ жастар дегеніміз –ол өсіп келе жатқан ұрпақ. Сол ұрпақтың ер жеткенше жоғары дәрежеде білім алып, алдына қойған мақсатына  жету, жерімізге, елімізге адал еңбек ету.
2- топҰран «Арыстандай айбатты
                       Жолбарыстай қайратты
                      Қырандай күшті өқайратты
                      Біздің жастар қыранды
                      Біз жастарға сенеміз»
жастар өзінің елін жерін, отанын,тілін,дінін қорғау керек, Қолымыздан келгенше аянбай еңбек етеміз.Себебі біз жастар болашағымыз.
3-топ Ұран   «Қол ашып жастар алға
                        Биіктерге самға
                        Достығымыз жарасып
                        Жүреміз тек алда»
Біз Қазақстан болашағымыз, ерінбей еңбек  етіп, бар күш- жігерлігімізді аямай еңбек етеміз.  
 
Мұғалім:
 Елбасының «Жаңа әлемдеі- жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай ,біздің еліміздің кез келген азаматы біліміне сәйкес білікті мамандық алып ,әлем елдерінің талабына сай сұранысқа ие болатын деңгейге жеткенде ғана,еімізде жасалып жатқан білім беру реформасының жетістікке жеткенінің куәсі бола аламыз.Сондықтан,Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің ұлттың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейі оның білімінде» дегенін естен шығармауымыз керек.
Қорытынды:
Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады., дегендей бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

Сыныбы: 7 «А»


Өткізген: Беркутова Айым Мураткызы
Тақырыбы: « Мен өмірді қалаймын »
Мақсаты: «өмір» ұғымын құндылықты ретінде қалыптастыру.
Қажетті жабдықтар: қаламсаптар, А4 форматты парақтар, «Менің бір күнім» атты тұсау кесер , бәйтерек ағашы бейнеленген парақтар, құндылық-сөздер жазылған карточкалар, желім, түрлі түсті қарындаштар, қайшы, музыка.
Сынып сағатының барысы
Тақырыпқа кіріспе Таңды әркім әр түрлі қарсы алады: біреу ширақ тұрып, тез жиналып жатады, ал біреулер жамылғының астында керіліп – созылып, біраз жата тұрғанды ұнатады, енді біреулер тіпті де тұрғысы келмейді. Бейне бір атқан таңнан қорқатын секілді. Енді бір балалар қарттарша: «Бүгінгі күн маған қандай сый тартар екен?» деп өзінше бал аша бастайды.
Әр күннің қалай өтуі біздің оны қалай қарсы алуымызға байланысты. Сендер осыған келісесіңдер ме?...
Біздің бұл күндеріміз қалай өтіп жатыр?.. Енді соны сырттан бақылап көрейік.
« Менің бір күнім» атты тұсау кесер (жаңа күн – таңертенгі ұйқыдан ояну – жаңа жоспарлар – қызықты кездесулер – үлкен және кішкентай жаңалықтар – бұл өмір).
Мұның бәрін бір сөзге жинақтап ӨМІР деп атауға болады.
Біз бүгін осы ұғым туралы әңгімелейміз және оның құндылықтарын анықтаймыз.
(Өмір туралы ой – пікірлер жазылған парақтар).

Қалай ойлайсыңдар, адамдар өз өмірін өз қолымен жасай ма, әлде оның ағысымен ығып жүзе бере ме?

«Өмірде жолы болу» немесе «Жолы болмау» деген сөздерді қалай түсіндіресіңдер?

Адам өмірді ізгілік деп ұқса да, сынақ деп білсе де, оның мақсаты – бақытқа, аңсаған арманға қол жеткізу. Өмірдегі барлық табыс оның өз мүмкіндігіне, санасы мен қуат – күшіне байланысты. Демек, өмір – адамға берілген аса маңызды құндылық. Ең қызығы, әр адамның өз қайталанбас өмірі болады. Ол бір – біріне ұқсамайды. Біз қазір осыны дәлелдейміз.
Жаттығу – тренинг
Қатысушылардың бәріне бір – бір парақ қағаз беріледі. Мұғалім не істеуі керек екені жөнінде нұсқаулар айтып тұрады. Балалар оны үнсіз орындайды. Бұл кезде сұрақ қоюға болмайды.

 

Парақты ортасынан бүктеңдер



Оны тағы да ортасынан бүктеңдер

Оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып алыңдар

Парақты жазып, бір – бірлеріңе көрсетіңдер

Сендер бірдей парақ алдыңдар ма? .. Иә

Бәріңе бірдей нұсқаулық берілді ме? .. Иә

Ал нәтижесі неге әр түрлі болды? ..



Бұл жаттығу біздің әрбіріміз әр түрлі екендігімізді, әрқайсымыздың көзқарастарымыз, мақсат, мүдделеріміз бір – бірінен өзгеше екендігін көрсететін нақты мысал болып табылады; бәріміз бірдей жұмыс атқарсақ та, оның нәтижелері әр қилы болып шығады.
Рефлексия
Әр түрлі көңіл – күй (кішкентай оқушылар бәйтеректі баяу әуенді музыка фонында түрлі түсті қарындаштармен бояп шығады).

Сабақ қорытындысы.


сүйіспеншілік
жақсы іс
отбасы
денсаулық
достар
табиғат
Отан
Мен
ақша
автомобиль
байлық
бейбітшілік
бостандық
ата - ана
көңіл көтеру

Құндылықтарға толы өмір қызықты, жарқын, қуанышты, бақытты және алуан түсті болады. Біз бүгін олар жайлы көп әңгімеледік.

Біздің жұмысымыздың қорытындысы жасалған жұмыстарды стендке іліп, ата – аналар жиналысын өткізу болды. Онда әрбір ата – ана өз балалары үшін өмірдің қандай құндылықтары маңызды екендіктерін көрді. Әңгіме барысында әрқайсысы өздерінше пікір түйді .. Мұнан соң барлық жұмысты балалар портфолиосына енгіздік.
Мұндай сынып сағаттарын немесе осы секілді шаралар өткізу біздерге, мұғалімдерге, әр баланы дұрыс танып, әрбірінің пікірін тыңдауға, не туралы ойлайтынын, нені армандайтынын, не нәрсеге күйініп, не нәрсеге сүйінетінін білуге мүмкіндік береді. Бұл оларға ұстаздың дер кезінде көмек көрсете білуі үшін де қажет.
 

Сыныбы: 7 «А»


Өткізген: Беркутова Айым Мураткызы
Тақырыбы: « Отбасы – өміраясы»
Мақсаты: 
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;
Міндеттері:
а) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Адамгершілікке тәрбиелеу.
б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы 
тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, 
дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойындар
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер,слайдтар көрсету, суреттер
Барысы:
I. а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға шақырамын.

II. Ойланайық, пікірлесейік


«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
• «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
• Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

III. Жаңа ақпарат.


Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
IV. Шығармашылық жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
б) Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
с) Сергіту сәті. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
д).«Бақытты отбасы модулін» салу.
Ән: «Жан аға» Сарсенова Лаураның орындауында
V.Қорытынды. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер.
Өз отбасымызды қорғай білейік! ата-анамызды аялай білейік! құрмет көрсете білейік!

Өткізілген күн:28.04.2016ж 

9«б»сынып
 Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т
 Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, ҚР Конституциясы, баптар
Барысы:
1-жүргізуші Темірлан:Құрметті оқушылар!  Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты жиынымызды өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі жиыынмызды  бастауға рұқсат етіңіздер!
«Әнұран »орындалады.
2-жүргізуші  :  Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

жүргізуші:Темірлан


ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.

Ермурат: 7-бап ҚР мемлекеттік тілдер.


Аружан:15 бап Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Рустам:29-бап Қ.Р-ң азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Тоғанас: 30-бап Тегін орта білім алуына кепілдік береді. Орта білім алу міндетті.
Назар:36- бап Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті.
2- жүргізуші: Миржан
 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
1-жүргізуші Темірлан:
Мақтансаң  мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп  жиынымызды ары қарай жалғастырамыз.
   Рустам: Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы -


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет