3 гимназиясы мм бақытгүл Темірболатқызы Шукоева қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Дата22.08.2017
өлшемі270,59 Kb.
#24396




Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған

3 гимназиясы» ММ



Бақытгүл Темірболатқызы Шукоева қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Инновациялық жобаның атауы:

Бағалау және баға - оқу үдерісінің бөлінбес құрамдас бөлігі


Жетекші идея:

Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырады.

Бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізеді.

Білім алушы  кемшіліктерін дер кезінде анықтайды.


Жоба мақсаты:

Оқушы озінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді  түсіну үшін  бағалау критерийлерін біледі және түсінеді, бағалау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.


Жоба міндеттері:

Бағалаудың түрлерін анықтау.

Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.

Оқытудың қиындықтарын анықтау

Стандартты бақылау және орындау , оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау.

Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту, түрткі болу, зерделеу. 


  1. Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып, ізненімпаздыққа, шығармашылыққа әкелу. 

  2. Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту, көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу. 

Қолдану саласы:

Қазақ тілі сабағы

Жобаның қысқаша андатпасы:

Бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:

Сабақтарда қолданып жүрміз

Қолданудан күтілетін нәтижелер:

1.Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

2. Оқушы өзін – өзі, өзінің сыныптастарын  дұрыс бағалай алады.

3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

 4.Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін формативті және суммативті бағалау түрлерін қолданады.

5.Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көзқарастарды білдіреді және сыни тұрғыдан ойлай алады.

6.Рефлексия жасай алады.





Бағалау және баға - оқу үдерісінің бөлінбес құрамдас бөлігі

Әдістемелік тақырыбым:

Оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытатын құралдың бір түрі – суммативті және формативті бағалау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет"деп көрсетілген.

Кіріспе

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл бағалауда оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда, оқу үдерісінің белсенді қатысушы бола алады. Дәстүрлі бағалауда оқушының жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қоятын. Сонда оқушы қаншалықы әділ баға алғанын білмейтін. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарға қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі де мүмкін. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. 


Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдыртпау үшін, бүгінгі күнде халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды. Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (суммативті). Тағы бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған. 
Оқыту үшін бағалау ─ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялі бағалау арқылы жүргізіледі. Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды.  Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқу үшін бағалау оқушыларға қорытынды, немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Жиынтық немесе суммативті баға бағалаудың ішкі түрі, оған бағалау сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс жатады. Ал сыртқы бағалауға ОЖСБ, ҰБТ, олимпиадалар, ғылыми жобалар, т.б. Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі, бір-бірін, тобын бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймын. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. 

Деңгейлік курсты бітірген соң, «Бағалау» тақырыбында жұмыс істеудемін. Осы тақырыпта гимназиямызда коучингтер өткізілді. Коучингте алған теорияны практика жүзінде іске асырып, оқушылармен тікелей жұмыс жүргізудемін.

Оқушыларды бағалаудағы менің мақсатым:

1. Оқушылардың білімге оқу сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу.

2. Оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан жақты талқылап, әділ баға беру.

3. Оқудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс жасау, стандарттарды бақылау.

Міндеттер:

  1. Бағалаудың түрлерін анықтау.

  2. Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.

  3. Оқытудың қиындықтарын анықтау

  4. Стандартты бақылау және орындау , оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау.

  5. Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

  6. Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту, түрткі болу, зерделеу. 

  7. Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып, ізненімпаздыққа, шығармашылыққа әкелу. 

  8. Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту, көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу. 

Тәжірибемнің өзектілігі:

Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу. Оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпараталу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату.



Күтілетін нәтиже:

     1.  Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

     2.  Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.

     3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

     4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

     5. Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді  түсіну үшін  бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.

    6.Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.  

   7.Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалай алады.

   8.Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.
Тәжірибемнің сипаттамасы

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.  


Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

Бағалау__0_–қате__1_-қате__2_-қате__3_-қате_3-тапсырма'>Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Мүмкіншіліктер:


  1. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатыстыру керек.

  2. «Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 

  3.  Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажет.

  4. Бағалау үдерісі шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.

  5. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін, бір-бірін, тобын бағалауды үйрену керек.

Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту керек.  Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→  бағалау деп жіктеледі. Бағалаудың басқа да түрлері бар:

- Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;

- Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау;

- Пікірнама жазу арқылы бағалау;

- Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау;

- Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау, т.б.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір - бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.

Сабақта «бағалауды» қалай пайдаланамын, соған толық тоқталып өтейін. Cабақ басталғанда бағалау парағын таратып бірден формативті бағалаудың критерияларымен таныстырамын.  Бағалау парағында (2 сыныпқа арналған) көрсетілген пішіндер арқылы (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) оқушылар өз - өзін, бір- бірін, тобын бағалайды. Әр тапсырмадан кейін тапсырманың кілті беріліп, оқушылар өзін, бір-бірін тексеріп, алған пішіндерін бояйды. Формативті бағалау кезінде бұрынғыдай неге маған осы баға,оған ана баға деген оқушы болмады,сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп,бағаларын айтып шығып,күнделіктеріне қойып,маған тек қол қойдыруға әкелді. Білімі төмен оқушылардың бара-бара сабаққа деген қызығушылығы артып,төрттік бағаға жететін болды. Сабақтың соңында әр бір оқушы өздерінің әр тапсырмасынан кейін алған бағаларын санау арқылы мен оларға суммативтік бағаны қоямын және қойылған бағаға комментарий жасаймын. Жиынтық бағаны қою үшін сабақ бойы оқушылардың жауаптарын бақылаймын. Жиынтық бағамен қатар оқушылардың әр бір дұрыс жауабынан кейін оларды мадақтап, ынталандырамын. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер арқылы бағаланады. [6,www. bilim.idhost.kz]. Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл - күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. Сондықтан сабақтың басында және аяғында «Сенің көңіл-күйің қандай?» деген сұраққа смайликті бояу арқылы жауап береді. Балалардың көңіл – күйі, қарым – қатынасы жақсы болса, олар жақсы білім алады деп ойлаймын.

Бағыт – бағдар парағы. «Қазақ тілі сабағы” тобы (№1 кесте)

Оқушы ________________________________________________________




Сабақтың басында менің көңіл- күйім ....

J

K

L


1-тапсырма.

Сұраққа жауап беру (топпен жұмыс, топ басшысы бағалайды) (үй жұмысын тексеру)

  1. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?

  2. Қай күндері?

  3. Қазақ тілі сабағында не істейсің?

Әр жауаптан кейін белгі көрсетіп отыру.

Бағалау

0 –қате

1-қате

2-қате

3-қате

2-тапсырма (топпен жұмыс, өз-өзін бағалау)

Жікте (келер шақта, жекеше, көпше түрі)
Бағала

















Бағалау

0 –қате

1 -қате

2 -қате

3 -қате
3-тапсырма (жеке жұмыс, бірін -бірі бағалау)

Сөйлемді жалғастыр

Жаманбек сабаққа кешік......

Жақсыбек сабаққа уақытында дайындал.........

Жаманбек уақытын үнемде.........

Жақсыбек уақытын бағала....

Жақсыбек үн тәртібін сақта........



Бағалау

0 –қате

1-қате

2-3 -қате
4-5 -қате

Қорытынды баға:

- 5 - 4 - 4



- 5 - 4 - 3

Сабақтың соңында менің көңіл- күйім .....

J

K

L

Формативті бағалауда «дұрыс емес» деген пікір жоқ, біз бәрін қолдаймыз, кемшіліктер, қателер болып жатса, «Жақсы, ары қарай кім толықтырып жібереді?», деп айтуымыз керек. Оқушыларға сабаққа араласуға мүмкіндік беру керек. Оқушылар көп белсінділік танытып, пікір білдіріп сабақты оқушылар жасау керек. Оқушылардың ішінде қанша пікір жатыр. Мысалы, мен оқушыларды топқа бөлу арқылы, тәжірибелік сабақ жүргіземін. 10 сыныпта «Қарапайым отбасының айлық кірісі орта есеппен 120 мың теңге делік. Осы қаражатты қалай жұмсайсыңдар?» атты сабақ өтті. Үш – төрт адамнан тұратын үш отбасы құрдық. Орыс мектебі болғандықтан, алдын - ала лексика берілді. Сабақты роль ұсыну арқылы жүргіздік. Оқушылар керемет пікірлерін білдіріп, өмірмен байланыстырып, ойларын тұжырымдап қорытынды жасады. Оқушылардың 100% сабаққа қатысты.

Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды. Сыныбымда оқушылар алған бағаларына қанағаттанып,өздерінің қанша алатындарын да сабақ соңында ұпайларын жинап жиынтық бағаларын біліп отырады.  Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.

Сабақты түрлендіріп отырсақ, сабақ кері байланысқа негізделсе, оқушылар өздері ара­ласып, сабақты бірлесе жасайтын болса, біз, мұғалімдер, көбірек прак­тикалық сабақтар ұйымдастыр­сақ, сабақ ұғынықты да, қызықты да болады. Практикалық сабақ болсын, сабақтың басқа түрі болсын, сабақтың әр кезеңінде, әр тапсырмадан кейін бағалау болу керек. Мұғалім де, оқушы да не үшін «5», не үшін «4», не үшін «3» алғанын және қандай критерий бойынша бағаланғанын біліп тұруы керек. Тіпті бағалау критерийлерімен ата-ана да таныс болуы керек. Сон­да бағалау әділ болары сөзсіз.  Бір - біріміздің сабағымызға кіргенде, бақылау парағын толтырамыз (№3кесте)
Сабақ үстінде оқушыларға берілген критерийлер түсінікті, қарапайым болу керек. Сонда оқушы өзін де, бір - бірін де, тобын да бағалай алады.

2013-2014 оқу жылынан бастап гимназиямызда барлық бақылау жұмыстары және емтихан тапсырмалары дескриптор мен критерий арқылы бағаланды. Үлгі ретінде 4 сыныптың жылдық бақылау жұмыстарын ұсынып отырмын.



Жылдық бақылау жұмысы

4 сынып

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім деңгейлерін, сауаттылық дағдыларын тексеру.

Міндеті :

  • Септей білуі;

  • Етістіктің болымсыз жұрнақтарын жасай білуі;

  • Сөз құрамына талдай білуі;

  • Сұрақ құрастыра білуі;

  • Шағын әңгіме жаза білуі.

Диктант

Ұзақ

Ұзақ – ең пайдалы құстардың бірі. Ол ағаштардағы зиянды жәндіктерді жейді. Ұзақ өте қауіпті, зиянкез қоңыздардың жұмыртқаларын жояды. Сөйтіп адамдарға үлкен пайда келтіреді. Көктемде жыртылған жерде ұзақтар қаптап жүреді. Олар жерді ұсақ жәндіктерден тазартады. Олар топтасып ағаш басына ұялайды. Ұзақтар табиғатқа көп пайда келтіреді.

(43 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа ІІ нұсқа

А. 1. Септе Жәндігі

Құсы


2.Сөз құрамына талда

Қоңыздарына Жұмыртқаларын

жейді тазартады

В. 3.Мәтіннен етістіктерді терболымсыз түрге қой

4.Септелген сөзбен 7 сөйлем құрастыр

Құсы жәндігі



С. 5*. Әңгіме жаз

«Жануарлар әлемінде» тақырыбы бойынша диалог құрастыр



Жылдық бақылау жұмысы

4 сынып

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім деңгейлерін, сауаттылық дағдыларын тексеру.

Міндеті :

  • Сауатты жаза алуы;

  • Лексико-грамматикалық тапсырмаларын орындай алуы;

  • Өз ойын емін – еркін жеткізе білуі.

Бағалау критериі (диктант бойынша):

Деңгей

Дескрипторлар

Ұпай

А

1.Бас әріптің жазылу емлесін біледі.

1




2.Қызыл жолдың сақталуын біледі.

1




3.Тасымалдың емлесін біледі.

1




4.Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған,

түзету жоқ. Жұмыс талапқа сай орындалған.



5

5.Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 1, тыныс белгіден қатесі жоқ

4

6. Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 1, тыныс белгіден 1 қатесі бар

3

7. Тазалығы талапқа сай, емледен 4-5 қате, тыныс белгіден қатесі жоқ немесе тыныс белгіден 1 қате

2

8. Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиясы нашар, емледен 6-8 одан да көп қатесі бар

1

9. Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиясы нашар, емледен 8 қатеден артық болса

0

B

1.Сызықшаның қойылу емлесін біледі.

1




2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра алады.

1




3. Үндестік заңын біледі

1

C

1. Бірге жазылатын сөздерді айыра алады.

1




2. Бөлек жазылатын сөздерді айыра алады.

1




3. Тыныс белгілерін қойылу емлесін біледі

1







14

Диктантты бағалау – 14 ұпай -100%

Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы

88-100% - «5» (12 - 14 балл)

72-87% - «4» (10 -11 балл)

56-71% - «3» (7 - 9 балл)

55% және төмен – «2» (6 балл және одан төмен)



Жылдық бақылау жұмысы (4 сынып)

Лексико-грамматикалық тапсырмалар бойынша бағалау критериі:


Деңгей

Дескрипторлар

Ұпай

А - білу, түсіну, қолдану

1.Берілген зат есімді септей алады

7




2. 3. Сөз құрамына талдай алады

а) сөздің түбірін таба алады;

ә) жұрнақ, жалғауын ажырата біледі;

б) жұрнақ, жалғауын анықтай алады




7

В - талдау, жинақтау

3 Мәтіннен етістіктерді болымсыз түрге қоя алады

(әр дұрыс болымсыз түрге қойылған етістікке 1 балл қойылады, дұрыс емес – 0 балл)




7




4.Септелген сөзбен 7 сөйлем құрастыра алады


7

С - сыни тұрғысынан ойлау және зерттеу

5. «Жануарлар әлемінде» тақырыбы бойынша диалог құрастыра алады

10




1




  • Сөйлем құрастыруда орын тәртібінің дұрыс болуы;

1




  • Тақырыпты ашуы, ой тұжырымдауы;




1




  • Орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;

2




- Тақырып бойынша сөйлемдердің

көлемі ( 9-10 сөйлемнен кем

болмауы керек)


5







Барлығы 38 ұпай

Лексико-грамматикалық тапсырмаларды бағалау – 38 ұпай -100%

Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы

88%-100% - «5» (33 - 38 балл)

72%-87% - «4» (27 - 32 балл)

56%-71% - «3» (21 - 26 балл)

55% және төмен – «2» ( 20 балл және одан төмен)

1-4 сыныптар үшін бақылау жұмыстарының дескриптор мен критерийлері бар жинағын шығардым. 2014-2015 оқу жылында абробациядан өткізіп, осы оқу жылында қайтадан басып шығардым. Жинақтың қандай кемшіліктері болды? А деңгейін орындаған оқушы "3" деген баға алу керек. А,В деңгейлерін орындаған оқушы "4" деген баға алу керек. Тек қана А,В,С деңгейлерін орындаған оқушы "5" деген баға ала алады. Сондықтан тапсырмаларды құрастырғанда, ұпайларды осы критерий бойынша беру керек. Қойған мақсатыма толық жеттім, оқушылардың үлгерімі екі есе жоғарлады деп айта алмаймын. Бірақ бағалаудың осы түрі жоғары нәтижеге жеткізеді деп сенімдемін.

Ұсынылып отырған кітапша 1-4 сынып оқушыларына арналған бақылау жұмыстарының дескриптор мен критерийлері бар бақылау жұмыстарының жинағы. Бақылау жұмыстарын құрастыру барысында А. Қайырбекованың 1-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулығы негізге алынды. Бақылау жұмысы екі бөліктен тұрады, біріншісі – диктант (бейтаныс мәтін), екіншісі - лексико-грамматикалық тапсырмалар. Диктанттан кейін бес тапсырма ұсынылып отыр, тапсырмалар деңгей (А,В,С) арқылы құрастырылды.

А – білу,түсіну, қолдану. Тоқсан бойы алған ақпаратты еске сақтап, түсініп, қоршаған ортамен байланыстырып пән бойынша білімді қолдану.

А деңгейдің тапсырмалары:

- буынға бөлу, буын түрлерін анықтау;

- сандарды сөзбен жазу;

- дыбыстық талдау жасау;

- жіктеу, тәуелдеу, септеу;

- аудару;

- керекті жұрнақ, жалғауды жалғау;

- көп нүктенің орнына әріп (сөз) қою;

- артық сө табу, сәйкесін табу, т.б

осындай жұмыстардың түрлерін ұсынып отырмын.

В - талдау, жинақтау

В деңгейдің тапсырмалары:

- ашық, тұйық, бітеу буынды сөздерді теріп жазу;

- берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазу;

- антоним, синоним, омоним келтіру;

- сөз құрамына талдау;

- сөз тіркестерін құрастыр;

- шашылған сөздерден сөйлем құрастыр;

- берілген сөйлемге сұрақ құрастыр, т.б.



С деңгейдің тапсырмалары:

С – зерттеу және сыни тұрғыдан ойлау. Өзінің көзқарасын жеткізе білу, ой тұжырымдауы.

- далог құрастыру, жалғастыру;

- берілген тақырып бойынша сұрақтар құрастыру;

- мәтін бойынша диалог құрастыру;

- берілген тақырып бойынша диалог құрастыру;

- өз ойын жазу;

- берілген тақырыпқа өлең жазу;

- берілген сөзге синквейін құрастыру,т.б.

Диктантқа арнайы, лексико-грамматикалық тапсырмаларға арнайы критерий мен дескрипторлар берілді. Ұпайларды бағаға айналдыру Назарбаев Зияткерлік мектебінің бағалау шкаласынан алынды. Осы шкала бойынша оқушы тапсырманы 55% немесе одан төмен орындаса, «2» деген баға алады. Біздің гимназиямызда талаптарға сай барлық бақылау жұмыстары дескриптор мен критерий арқылы бағаланады. Жоғарыда айтылғандай бақылау жұмысында суммативті баға қойылады. Мұғалім де, оқушы да не үшін «5», не үшін «4», не үшін «3» алғанын және қандай критерий бойынша бағаланғанын біліп тұруы керек. Тіпті бағалау критерийлерімен ата-ана да таныс болуы керек. Сонда бағалау әділ болады да, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы да артады.



Жаңашылдығы мен өзектілігі: дескриптор және критерий арқылы бағалау

Мақсаты:

  • фонетика, лексика, морфология мәселелерін үйретуде сауаттылықты арттырумен, тілді дамытуы;

  • өткен материалдарды қайталап, одан алған білімдерін, сауаттылықтарын бақылауы;

- диктанттар жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, танымдық сипатының да молдылығы ескеріліп алынған материалдарға жаңаша қарауға ерекше мән берілуі;
- мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыруы;

- диктант мәтіндері белгілі бір орфографиялық немесе тыныс белгілеріне тән ережелермен шектеліп қана қоймай, бірте-бірте қиындатылып,

күрделендірілуі.  

Міндеті:


  • Сауатты жаза алуы;

  • Лексико-грамматикалық тапсырмаларын орындай алуы;

  • Өз ойын емін – еркін жеткізе білуі.

Күтілетін нәтижесі: бақылау жұмысында суммативті (жиынтық) баға қойылады. Мұғалім де, оқушы да не үшін «5», не үшін «4», не үшін «3» алғанын және қандай критерий бойынша бағаланғанын біліп тұруы керек. Тіпті бағалау критерийлерімен ата-ана да таныс болуы керек. Сонда бағалау әділ болады да, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы да артады.

Жоғары айтылғандай гимназиямызда емтихан тапсырмалары да дескриптор мен критерий арқылы бағаланды. Үлгі ретінде Орта мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға емтихан материалдарын ұсынып отырмын. Емтихан үш тапсырмадан тұрады (тест сұрақтары 25; оқылым (мәтін) 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады; айтылым (монолог)). Әр тапсырманың уақыты және бағалау критерийлері белгіленеді. Екі ай бұрын емтихан тапсыратын оқушылар тапсырмалар мен критерийлермен таныс болады. Емтиханда мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойған, әр тапсырмада неше ұпай жинағаны бәрі анық, әділ болады.



Қорытынды

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.


Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин 
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет 
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті, психологиялық тұрғыдан жайлы, екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен, бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Безукладников К.Э. «Организация деятельности учащихся на уроках в школах» реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ;

  3. Шнейдер М.Я. «Оценка качества образования в школах Международного бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28.

  4. Красноборова А.А., «Критериальное оценивания как технология формирования учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 201

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет