Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С
Ерітінділер және ерігіштік
|
|
Мектеп
|
Күні:
|
|
Мұғалімніңаты-жөні:
|
Сынып: 8
|
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.
№ 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау»
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.3.4.6 -ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
|
Сабақ мақсаттары
|
Ерітіндінің молярлығын есептеу
Молярлығы берілген ерітіндінің көлемін есептеу
Молярлығы бойынша ерітіндідегі еріген заттың массасын есептеу
Пайыздық және молярлық концентрациялы ерітіндіні даярлау
|
Бағалау критерийлері
|
Молярлық концентрацияны анықтауға есептеулер жүргізеді
Тәжірибе жүзінде пайыздық және молярлық концентрациялы ерітіндіні дайындайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Ерітінді, еріткіштер, еріген зат, еру, ерігіш, ерімейді сөздерді қолданып оқушылар мәтінді толықтырады
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушылар жұптық , топтық жұмыс барысында бір-бірін тыңдап, біріне-бірі қолдау көрсетеді
|
Пәнаралық
байланыстар
|
математика
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Оқушылар видеоны жеке тыңдау үшін планшетпен жұмыс жасауына болады
|
Бастапқы білім
|
Қоспа, біртекті, әртекті қоспа түрлері
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
1-cабақ
1-2 минут
3-8 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
І. Өтілген тақырыпты пысықтау.
(С)Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өтілген білімді қайталап, пысықтау.
Оқушыларға концентрациялы ерітінді деген не?
Сұйытылған ерітінді дегенді қалай түсінесің?
Ерітіндінің сұйытылған немесе концентрлі екендігін қалай салыстыруға болады?
Оқушылар жауабын А, В,С ерітінділерінің сұйытылған немесе концентрлі екендігін диаграммадан көрсетуі арқылы жауап беруі керек.
Күтілетін жауап: Оқушылар концентрлі немесе сұйытылған ерітіндіге жақын орналасуына байланысты жауап береді.
Мұғалім ерітіндінің концентрациясын нақты беру үшін есептеулерді мольмен байланыстыру маңызды екендігін түсіндіреді.
|
1-қосымша
|
9-12 минут
13-19 минут
20-32 минут
33-40 минут
|
ІІ. Жаңа тақырыпты оқып білу.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, сабақ мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстырады.
Қызығушылықты ояту. (К)Оқушылардың сабақта қарастырылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында 1М 1литр қант ерітіндісін дайындауды демонстрация арқылыкөрсетеді. 1М деген белгінің 1моль/ дм3 , есептеу барысында моль/ дм3 өлшем бірлігін жазу, 1литр= 1 дм 3 екендігін ескертеді. Мұғалім 1 моль қанттың массасы 342 граммды таразыда өлшейді де, оны құрғақ градуирленген колбаға салып аздаған су құйып қақпағын жауып, әбден шайқап ерітеді. Колбадағы ерітіндінің үстіне белгісіне дейін жеткізіп су құяды. Алынған ерітіндінің молярлығы қандай?
Жауап: 1 моль/ дм3
М олярлық 1л ерітіндідегі еріген заттың моль саны ретінде көрсетеді және келесі теңдеу бойынша анықталады:
Ескерту: Оқушылар назары түпкілікті көлемнің1дм3 тең болатынына аударылады.
Молярлық концентрацияға анықтама беріледі.
ІІІ. Білімді бекіту.
Мұғалім оқушылардың білімін бекіту үшін жаттығулар жүргізеді. Тапсырма есептері жайдан күрделіге қарай ұсынылады.
Бағалау: Мұғалім әр жұптан бір оқушыдан тақтаға шығарып, 3 есептің де шешу жолын тақтада көрнекі көрсетіледі. Мұғалім кері байланыс жасау арқылы жауаптарында қате болса түзетеді. Оқушылар өз жауаптарын тақта жауаптарымен тексереді.Оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау жүргізеді.
|
Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты жазылған презентация
Таразы, қант, дистильденген су, градуирленген колба 1000мл
2-қосымша
|
2-сабақ
41-45 минут
46-55 минут
56-65 минут
66-75 минут
|
І.Зерттеу кезеңі.
Оқушыларды 4 топқа бөлу. Оқушыларды ТҚЕ ескерту. Оқушылар зертханалық жұмыс нұсқаулығымен танысады.
1,2- топтар пайыздық концентрацияға 10 минут
3,4-молярлық концентрацияға зертханалық жұмысты 10 минут жасайды.
10 минут өткенде мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар жұмыс орындарын алмастырып, екінші зертханалық жұмысты орындайды.
Дифференциация: Мұғалім топтар жұмысын бақылап, қажет болған топтарға, оқушыларға қолдау көрсетеді.
ІІ. Ой бөлісу кезеңі
Оқушылар алынған нәтижелерімен тақтада есептеулерін жазып бөліседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды тақтада көрнекі көрсетілген жауаптармен салыстыра жүргізеді. Мұғалім екі топтың жасаған жұмысына кері байланысты жетілдіру тұстарына қарай береді.
|
3-қосымша
Тақта, бор, маркерлік тақта, маркер
|
Сабақтың соңы
76-80 минут
|
Оқушылар орындаған тапсырмасы бойынша рефлексия жасайды.
Бүгін мен ...................................... білдім
Маған ........................................ қызықты болды
Маған ....................................... қиын болды
Мен .............................. тапсырманы орындадым
Мен .................................... түсіндім
|
Рефлексия парағы
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Дифференциация: Мұғалім оқушылар жұмысын бақылау барысында тапсырманы орындауда қиындықтары бар оқушыларға есепті шығару алгоритмін ұсынады.
|
Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің кері байланыс сабақтың барлық кезеңдерінде орын алады
|
Партада дұрыс отыру ережесін сақтау,кабинет ауасын жиі желдетіп отыру
|
Бүгін мен ...................................................................... білдім