5 -сынып оқушыларының орта буынға психологиялық бейімделуі «Танысайық, бұл мен!»



бет1/3
Дата11.03.2023
өлшемі22,48 Kb.
#171860
  1   2   3
Байланысты:
Авторлық бағдарлама «Танысайық, бұл МЕН!»
Курс лекций по Мировой и отечественной детской литературе, Семинар 6, 1606497963 (1), 472 б йры ы бойынша жасал ан мж келесі бетте, голуби, 4 практика маркетинг, Дизайн без названия 20231109 113446 0000

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ


5 -СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОРТА БУЫНҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ


«Танысайық, бұл МЕН!»
Құрастырушы–
педагог-психолог
Жангылышев С.Н

ТҮСІНІК ХАТ


Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.
Психологиялық бейімделу бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған.10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Өзі және басқа туралы ойларын жасырмай, бүкпесіз айтып береді. Орта буында «Үлкен болып кеттім» деген сезіммен үнемі ел көзіне түссем, мені көрсе, «Маған барлығы көңіл бөлсе деген» қызығушылық, таң қалдыру сияқты сезімдер байқалады. Олар әлі ойын баласы, бір жағдайдан екінші жағдайға еркін ауысады, жақсы-жаман рольдерге тез енеді, еркелеу, сынып жетекшіге «жабысқақ», невротизмнің белгілері байқалады. Сондықтан бағдарламада этика тақырыптары театрлық көріністерді қолдану арқылы беріледі. Сабақтарда жақтайтын, жақтамайтын әдеп нормаларын айқындайтын ситуациялық жағдаяттар беріледі. Көзімен көріп, сезіне отырып, әр оқушы қоршаған орта, ұжым туралы жеке тұжырым жасап, үйренеді. Мысалдар арқылы мінез-құлық, сезім, эмоция, мінез сияқты құбылыстарға түсініктеме беріліп отырады. Бағдарламада қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынасқа аса көңіл бөлінген, себебі осы жастағы ұл балалар «қызсың, қыздарша» деген жаман ойлармен қыздарды жақтырмаса, ал қыздар өзгеріп сыныптас ұлдарын менсінбеуге, көңіл бөлмеуге бейім келеді. Осы кезеңдерде алаңдаушылық деңгейі басым болады, жаңа пән мұғалімі алдында жауап бере алмау немесе барлығына үлгеріп, жан-жақтылы болып көріну сияқты өзгерістер білім сапасының түсуіне, уақтылы сабаққа қазығушылықтың әлсіреуіне әкеліп соғады. Мектеп психологінің мақсаты бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. Бағдарламада баланың 5-сыныпқа үйренісіуі бойынша топтық және жекежұмыстар жоспарланған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет