5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…



бет1/12
Дата25.12.2021
өлшемі43,91 Kb.
#104848
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
интернет сабактар

5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді… (тәрбие сағаты).


Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық   тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні
түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.

Сабақтың барысы:
(оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).
>Оқушы: Жеңіс күні
(Т.Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген

Оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсінбақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.

(Қонақтарға гүл беріледі)



Мұғалім:

Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.



Оқушы:

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.



Оқушы:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Оқушы:

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.



Оқушы:
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Оқушы:
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Мұғалім:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.

Оқушы:
Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Жамбыл атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті.

Көрініс: Ж.Жабаев

І. «Аттандыру», «Балама хат», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері және Кенен Әзірбаевтің «Жамбылға көңіл айту» жыры бойынша қойылады. (үнтаспадан Ұлы Отан соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық.

Ж.Жабаев «Аттандыру».
Майданға аттандырушылар сыртқа шығып кетеді.

ІІ. Үнтаспадан күй естіліп тұрады. Ортада жыр алыбы Жамбыл «Балама хат» өлеңі оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет