Мазмұны
I. Кіріспе.................................................................................3
II. Негізгі бөлім........................................................................6
а) Микротолқынды пеш.............................7
ә) Микротолқынды пештің жұмыс принципі..........................9
б) Жел энергиясына қатысты Қазақстандағы елеулі оқиғалар
және жел энергиясының жұмыс істеу принципі....................11
III. Зерттеу бөлімі...................................................................13
IV. Қорытынды.......................................................................15
V. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................17
I.Кіріспе
ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Әрбір әрекет, әрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз.
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың дамыған кезеңі.Өкінішке орай кез келген өркениеттің екі жағы болатыны бар. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжыуы болса, екінші жағынан, рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу-сызуды білмесе де,компьютердің,ұялы телефонның не екенін жақсы біледі. Демек бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке-шешелері «Қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатыр.Енді осы тақырыпты ашып айтып өтейін.
Біз күнделікті өмірде қолданатын электр құралдардың өз денсаулығымызға қаншалықты зиян келтіретінін кейде білмей де қаламыз. Мен осы өзімнің таңдаған тақырыбым арқылы күнделікті өмірде тұтынатын микротолқынды пештің электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айтқым келеді.
Жобаның орындалу мерзімі – 2022-2023 оқу жылы (1 жылға арналған).
Орындалу түріне қарай – жекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі таңда қоршаған ортаны, адамдарды электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын тұрмыстық техникаларсыз елестету мүмкін емес. Бірақ та олардың адам ағзасына тигізіп жатқан әсері қаншалықты екенін көбі біле бермейді...
Бүгінгі қоғамда адамдар радиотехникалық және радиоэлектроникалық құрылғылардың электромагниттік желісі құрамына кіріп, соның қармауында қалып бара жатыр...
Кернеуі жоғары және өте жоғары қуатты электр беру желілері, көптеген қуатты жоғары радио- және теле- хабарлаушы станциялар, ғарыштық ретрансляторлар – осылардың барлығы дерлік электромагниттік өріс ықпалының әсері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |