А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет1/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция


А. Қалшабек


Әдебиет теориясы

Оқу құралы


Шымкент – 2019

ӘОЖ 82:(075.8)



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

А. Қалшабек


Әдебиет теориясы

Оқу құралы


Шымкент – 2019

Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған (хаттама №6, 29.05.2019)

Пікір жазғандар:
Мырзахметұлы М. – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Оразбаев Қ. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қалшабек А.

Әдебиет теориясы. Оқу құралы / А. Қалшабек. – Шымкент, 2019. – 75 б.
Автордың бұл еңбегі көп жылғы ізденістен туған дүние. Еңбекте әдебиеттану ғылымының негізгі теориялық мәселелері жаңа ғылыми тұжырымдар мен әдеби материалдар негізінде қарастырылады.

Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының филология факультетінің оқытушылары мен студенттеріне, жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады.

© Қалшабек А., 2019

©М.Әуезов атындағы ОҚМУ., 2019



Мазмұны
Алғы сөз............................................................................................................4

1-тарау. КӨРКЕМ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ............5

1.1. Әдебиеттегі бейнелеу (образ)...................................................................5

1.2. Тип...............................................................................................................6

1.3. Көркем бейне жасау тәсілдері..................................................................7
2-тарау. КӨРКЕМ ШЫҒАРМА.....................................................................10 2.1. Мазмұн мен пішін.....................................................................................10

2.2. Идея және тақырып...................................................................................13 2.3. Сюжет және композиция..........................................................................17


3-тарау. КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІ..............................................................24

3.1. Троп ............................................................................................................25

3.2. Фигура.........................................................................................................31

4-тарау. ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ.........................................................................36

4.1. Ырғақ.........................................................................................................36

4.2. Ұйқас..........................................................................................................39

4.3. Буын............................................................................................................41

5-тарау. ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ........................................46

5.1. Эпостық жанрлар......................................................................................47

5.2. Лирикалық жанрлар..................................................................................51

5.3. Драмалық жанрлар.................................................................................. 54

6-тарау. КӨРКЕМ ӘДІС, ӘДЕБИ БАҒЫТ, АҒЫМДАР...............................55

6.1. Әдеби ағым.................................................................................................55

6.2. Стиль............................................................................................................60

Әдебиеттер.........................................................................................................70

АЛҒЫ СӨЗ

Әдебиеттану ғылымына кіріспе – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын меңгерудегі басты пәннің бірі. Тілші, әдебиетші болам деген талапкерлер осы пәнді қаузап оқудан бастайды. Әдебиеттану ғылымына кіріспе әдебиет теориясының негіздері дегенді білдіреді. Кез келген ғылым негізі теориядан тұрады. Теорияны меңгеру оңай шаруа емес, әсіресе ол әдебиет теориясы болса. Еңбек еркін стильмен жазылғандай болды. Аса қатты академиялық қалыпқа түсіруді автор өзіне мақсат тұтқан жоқ. Болашақта да бұл жұмыстың осымен тоқтамай, кеңею, толығу, толысу үстінде бола берері хақ деп ойлаймыз. Еңбек оқулық ретінде – 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті қазақ филологиясы факультетінің кеңесі ұсынған (хаттама №1, 29.09.2006 ж.) типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылып, бағдарламада айтылған: «әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, өнердің халықтығы, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік әдістер мен бағыт, ағымдар, стиль мәселесі, т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Пәннен сабақ (лекциялық, семинарлық) жүргізу барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық педагогика, психология, т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады» (С. Мақпырұлы) деген жүйеге толық сай келеді.

Айта кететін бір жайт, автор осы дүниені жазуда әл-Фарабидің, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Абайдың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхтар Әуезовтің, Халел Досмұхамедовтың, Есмағанбет Ысмайыловтың, Қажым Жұмалиевтің, Серік Қирабаевтың, Тұрсынбек Кәкішевтің, Зейнолла Қабдоловтың, Мекемтас Мырзахметовтің, Айгүл Ысмақованың, т.б. еңбектеріне сүйенді. Сондай-ақ, орыс әдебиетшілерінен А. Потебня, Б. Эйхенбаум, Л. Тимофеев, В. Хализев, А. Есин сынды авторларға да көз жүгіртіп отырды. Қалғаны – өзінің ой-пікірі, айтпақ болғаны, түйгені, қорытқаны. Кемшілігін оқырман жұрт жанашырлықпен қарар, пайдалы тұсын керегіне жаратар деген ойдамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет