А. Соловьева, Б. Ибраимова


Құлақты  медузаның көбеюi



Pdf көрінісі
бет228/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
Құлақты 
медузаның көбеюi:
1 – аталық және ана лық ме
-
дуза; 2 – пла нула; 3 – дер-
нәсiл; 4 – дер нә сiлдiң бүр-
шiк тенуi; 5 – бүр ле м елену; 
6 – бүр лемеден бө лiн ген 
табақшалар; 7 – жас ме дуза


187
Жыныстық көбеюдің мәні – бірдей емес ата-аналық ағзадан жаңа 
қасиетке ие болған ұрпақ пайда болады. 
Барлық тірі ағза даму барысын-
да осы мақсатқа жетуге ұм тылады. 
Жыныстық­ және­ жыныссыз­ көбею,­ бүршіктену,­ бөл­шектену­
(стробиляция),­қосжыныстылық,­ұрық­тану,­партеногенез.­
Білу және түсіну
:
1. Жыныстық және жыныссыз көбеюге анықтама беріңдер. 
2. Бүршіктену және бөлшектену дегеніміз не? 
3. «Партеногенез, өздігінен ұрықтану» деген түсініктерге анықтама 
беріңдер. 
4. Ағзалардың көбею түрлерін сипаттаңдар. 
қолданылуы
:
1. Түрлердің өзгергіштігі тұрғысынан көбею түрлерін са лыс тырыңдар. 
2. Көбеюдің қай түрі анағұрлым сенімді, қайсысы озық екенін болжап 
көріңдер. 
3. 101-суретке мұқият қараңдар. Суретте ішекқуыстылардың көбею 
сызбасы берілген. Әртүрлі сандармен көбеюдің қай түрі берілгенін 
анықтаңдар.
4. Қандай ағзалар тек жыныстық жолмен, қайсылары жыныссыз жол-
мен көбейе алады? 
5. Бөлшектену қалай жүретінін сипаттаңдар.
Талдау
:
1. Ағзалардың түр даралары санының артуы мен көбею түрінің арасында 
қандай байланыс бар екенін анық таңдар. 
2. Жыныстық көбею анағұрлым ілгерінді жүретінін дә лел деңдер. 
3. Жыныстық көбею сатыларын талдаңдар. 
4. Жыныстық көбеюдің түрлері: ұрықтану – өздігінен, айқас, қос-
жыныстылық, әртүрлі жыныстық, партеногенезді сыз ба түрінде 
бейнелеңдер. 
5. Жыныстық көбею туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
Синтез
:
1. Көбею түрлерін шығуы және белгілері бойынша жіктеңдер: 1) ата-
аналарының саны; 2) өзгергіштік дәрежесі; 3) хромосома жиынтығында 
айырмашылығы бар көбеюге қатысатын жасушалары бойынша; 
4) митоз және мейоз; 5) ұрпақ санының көптігі; 6) эволюциялық 
артықшылығы; 7) жағдайларға тәуелсіздігі бойынша. 


188
2. Көбеюдің түрлері мен тәсілдері өзара қалай байланыс ты? Өзгергіштік 
тұрғысынан партеногенезді жыныссыз жолмен теңестіруге бола ма? 
Себебі неде және неліктен? 
3. Жыныстық көбеюдің эволюциялық мәні неде? Оның қандай 
артықшылықтары бар?
4. Эволюция барысында жыныстық көбею ешқашан пайда болмаған 
жағдайды модельдеңдер. Егер эволюция барысында жыныссыз көбею 
ешқашан пайда болмаса ше?
Бағалау
:
1. Мынадай құбылыстардың мәнін бағалаңдар. «Қандай жағдайда әртүрлі 
түр дараларының арасында генетикалық материалдардың алмасуы 
жүреді? Қандай жағдайда тек гаметалар түзіледі? 
2. Көптеген ғалымдардың айтуынша, омыртқалы жануар лар дың ара-
сында партеногенез – өте сирек кездесетін жағдай (түрлердің 0,1%-
нан көбі). Ол сүтқоректілерде мүл дем кездеспейді. Сүтқоректілердің 
дамуында және эволю циялық құбылыс ретінде партеногенездің даму 
дәрежесі туралы қандай қорытынды шығаруға болады? Ғалым-
дар Солтүстік Америкада тіршілік ететін жартас ты кесірткелерде 
аталықтары болмайтынын тапқан. Олар шын мәнінде комод айдаһары 
сияқты партеногенез жо лымен көбейетін шығар. Талқылаңдар. Мұны 
анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет