«№45 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ҚАРАЛДЫ:
№45 ЖОББМ Директордың ОІЖ Хаттама № 1
КММ-нің директоры: орынбасары: ӘБ жетекшісі:
_______ А.З. Турегалиева ________ С.Ж.Нурушева _______ М.Т.Калаканов
«___» _____ 2022ж. «____»_________2022ж. «___» ______ 2022 ж.
«Жаһандық құзыреттер» курсынан
күнтізбелік – тақырыптық жоспар
2022-2023 оқу жылы
Пән мұғалімі: Бақтығалиев Қуаныш Теңелұлы
Сыныбы: 10 «А», «Б»
Түсінік хат
2022-2023 оқу жылында үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне 10-11 сыныптардағы «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 131-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттер» жалпылама курсы.
Курстың мақсаты: білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыру.
Оқу курсы мазмұнының бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде білім алушылар жаһандық мәселелер, мәдениетаралық қатынастар, әлеуметтік қатынастардың әртүрлі модельдерінің маңыздылығы туралы білімдерін тереңдетеді, жобалық жұмыстың тақырыптары мен мақсаттарын, қажетті ақпарат көздерін іздеу, ақпаратты талдау және жинау әдістерін анықтайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен критерийлерін белгілейді.
Екінші бөлімінде «Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызы бар кейбір мәселелерді зерделеу» бойынша білім алушыларға зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін тақырыпты таңдауда еркіндік беріледі, халықаралық және жергілікті көздерге шолу жасалады.
Үшінші бөлімінде «Әр түрлі дүниетанымдар мен көзқарастарды түсіну және құрметтеу» бойынша кіретін тақырыптар: «Дүниетанымды түсіну», «Басқа адамның көзқарасын қабылдау қабілеті», «Басқа мәдениеттерді ұстанатын адамдарға құрмет», «Толеранттылық: бір-бірімізді түсінуді үйрену», «Жобалық жұмыс. Зерттеу».
Төртінші бөлім «Білім алушылардың мәдениеттері арасындағы ашық және өзара тиімді әрекеттерге қатысу» білім алушылардың өзіндік ерекшелігі мен мәдениеттердің алуан түрлілігін түсінуін қалыптастыруға, әртүрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесімен танысуға, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бесінші бөлім ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына, жергілікті, ұлттық және жаһандық бастамаларға белсенді қатысу қажеттілігіне арналған.
11-сыныпқа арналған «Жаһандық құзыреттер» курсы «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» екі юнитінен тұрады.
«Жаһандық құзыреттер» курсының үлгілік оқу бағдарламасының оқу жүктемесінің көлемі мыналарды құрайды:
10-11 сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |