Қабылдаған: Мырзабеков Муратбек Орындаған: Жақып Аян Тобы



бет1/9
Дата18.10.2023
өлшемі45,87 Kb.
#186338
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.Исфило.БӨЖ.Аян
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Теология факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: «Философия мен діннің өзара ықпалы»


Қабылдаған: Мырзабеков Муратбек
Орындаған: Жақып Аян
Тобы:ТТО-111 F


Түркістан-2023


Жоспары:
1. Дін ұғымы, мазмұны.
2. Діннің анықтамасы.
3. Дін филосоиясының негізгі категориялары.


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның толықсыздығынан, толықсыздығынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің, универсумның мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Гегель дін — біздің санамыздың саласы, онда дүниенің барлық құпиялары шешілген, терең ойдың барлық қарсылықтары жоққа шығарылған, ол мәңгі ақиқат, мәңгі тыныштық, мәңгі бейбітшілік саласы; онда барлық халықтар өздерінің жетістіктерін және өмірлерінің рахатын көрген деп жазады. (Гегель Г. В. Ф. Философия религии. В 2 т.: Т. 1. М., 1976. С. 205).


Дін байланыстың қайта қалпына келуі және қайта өндірілуі ретінде
Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін. Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші. Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және материалды емес болады.
Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады.
Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне үнемі ұмтылу болып табылады.
Діннің анықтамасының көптігі
Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Дін, сенім және конфессия. Мысалы Құдайдың барына сену, бірақ онымен байланысты іздемеу. Эпикур құдайлардың барына күманданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік діннің дүниені түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.
Дінге берілген анықтамалар әлі күнге дейін қанағаттандырмайды. Тындаушы келесі бұрын және қазіргі кездегі берілген анықтамалар туралы ойлануы мүмкін: дін шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт); және адамдардың діни таралған формулаларының соңы ғана емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет