Адастырмаған арман
Алтынбек Ибрагимов 15 жасынан бастап айтыс өнеріне келген. Суырыпсалма ақындарымыздың ізін жалғап, Қарасай ауданының намысын қорғап жүрген жас дарынның бірі.
- Бала кезден парақ беттеріне өлеңдер жазып жүруші едім. Теледидардан аға буынды көріп ынтығып өстім. Аптасына бір-ақ рет қазақша бағдарламалар көрсететін содан айтыстың үзінділерін көріп қызықтым. Жалпы айтысқа еліктеп келдім. Айтысқа шығу,өлең жазу сияқты өнерге белгілі бір мақсат үшін келдім десем қате болады. Айтысқа бір шыққан соң тастап кету тағы қиын.Сахнаны сағынасың. Осы қызығушылығымның арқасында айтысқа шыға бастадым - дейді ол.
2008 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде Жамбыл Жабаевтың туған күніне арналған кеш өтеді. Сол кеште Алтынбек те, айтыстан үлгі көрсетіп,сахнаға шығады. Арнайы сол кешке айтыскер ақын Серік Қалиев шақырылып болашақ шәкіртіне кітабын ұстатып, батасын береді.
- Серік Қалиев айтыс әлемінде өз мәдениетімен, салмақтылығымен, білімділігімен ерекшеленіп тұратын ақын деп танимын. Оның өсіп келе жатқан кейінгі буын ақындарға үлгі болар қырлары көп. Ол кісі сазгерлігімен де дараланады. Керемет дауыс иесі. Ол кісі маған өлеңдегі буын, бунақ, ұйқас секілді ұсақ түйектен бастап бәрін үйретті. Сахна мәдениетін , нені қалай айту керектігін түсіндірді. Ұстаздығымен қатар ағалық қамқорлығымен де жақын. Өзінің айтыс өнеріне Серік Қалиев ағамыз қосқанын әрі ұстазы екенін марқая айтты.
Ұстазы, Серік Қалиев:
- Алтынбек сол мектептен тапқан дарынды шәкірттерімнің бірі. Шама-шарқым жеткенше бағыт-бағдар беріп,суырыпсалмалық қабілетін дамытуға күш салдық.Өзінің бойында Алла берген талант болып тұр ғой,бірден алғырлығымен көзге түсті. Мектепте жүргенде оқушылар айтысына қатысып,өнерін шыңдады. "Хабар" арнасы ұйымдастырған республткалық "Жастар жырлайды" айтысында бас бәйгені алды. Біздікі "Бұлақ көрсең көзін аш " деген ниет қана , ары қарай өзі ізденіп ,дамытып кетті. Алтынбектің суыпсалмалығы өте жоғары. Егер шаппа-шап айтысқа шығарса, үмітті ақтарына сенемін. Жақында жолыққанда Алтынбек жаза өлеңдерін оқып берді. Өзіндік өрнегі, стилі бар жырлары маған ұнады. Ерінбей ізденіп, өнерін ұштай түссе алар асуы алда, -дейді ұстазы.
Айтыстағы жеңісі жайлы
2009 жылы бастап Қарасай ауданындағы К.Д.Ушинский атындағы орта мектепте білім алады. Жас талант оқып жүрген кезден ақындар айтысына қызығушылық танытып, айтыскер ағаларымыздың сөздерін жатқа айтуға бейім. Мектеп директоры Батталова Сауле: "Аудандық Жыр алыбы - Жамбыл"атты сайысқа қатысып көрсең қалай болады?" деген ұсыныс түскенде Алтынбек ойланбастан қатысып көруге келіскен.
Сол аудандық айтыста көзге ерекше түссе керек, айтысты ұйымдастырып жүрген Рысбүбі Мамбеталіқызы сахнада қатарынан жеті ақынмен 3 сағаттай айтыстырған көрінеді. Бағы жанып бәрін жеңген.
Ауданынымыздың намысын биікке көтеріп 16-25 жас аралығында өткен аламан бәйгеде 32 ақындар арасынан іріктеліп шығып облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мәселен, "Жастар жырлайды " 2010 жылы өткен " Жыр алыбы - Жамбыл " атты республикалық оқушылар айтысында І орын , 2015 жылы Студенттер мен Магистрлер арасындағы "Таңжарық оқуларында" т.б халықаралық ақындар айтысының жүлдегері.
Ақын , Олжас Саржай :
- Алтынбек мықты ақын екені рас. Оның оқиғалы баяндау тәсіліне негізделген өзіндік ерекшелігі бар.Өлеңдері лирикадан гөрі парасатқа бейім тұрады. Қарапайым дүниелер мен құбылыстардан өзіндік бір шешім шығарып, ерекше түйіндерімен таңғалдырып отырады. Сөздері құнарлы. Айтыскер ақын екені өлеңдерінен үнемі сезіліп тұрады, айтыстың иісі " мүңкіп" тұрады десе де болады.
Бірақ, өлеңдерінің ішкі әуезі (гармоникасы ) "солғындау",бұл оның табиғатына , мінезіне де қатысты шағар...
СДУ дарыны
Сулейман Демирель университетінің түлегі Алтынбек , өзінің оқыған оқу ордасының атынан шығып, жүлделі орын алғанын мәртебе санайды.
- Сду білім жүйесімен, жаңа технологияларымен абыройлы университет.
Бірнеше тілді меңгеріп шығуға болады. Осы қырлары мені өзіне тартты. Маған бұл оқу ордасының ұстаздары қатты ұнады. Сонымен қатар студенттердің тәрбиесі мақтауға тұрарлық деп білемін. "Осындай оқу орданың намысын қорғап айтысу мен үшін бір мәртебе"- дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |