Аңдатпа Жемқорлық белгілері сонау ерте кезден бастап-ақ көрініс тапқан. Елді хан билеген кезеңдерде де ханға жағыну, жақсы лауазымды иелену және осы секілді әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жемқорлықтың белгілерін байқауға болады



бет1/2
Дата16.05.2023
өлшемі20,75 Kb.
#176881
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà, Реферат

Жемқорлықтың шығу жолдары және онымен күресу
Аңдатпа
Жемқорлық белгілері сонау ерте кезден бастап-ақ көрініс тапқан. Елді хан билеген кезеңдерде де ханға жағыну, жақсы лауазымды иелену және осы секілді әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жемқорлықтың белгілерін байқауға болады.
Қазіргі таңда жемқорлыққа үреймен қарайтындай әсер қалдыратын тәрбиелік, құқықтық шаралар қолға алынуда. Жемқорлықпен күресу тек ересек адамдардың арасында емес, сонымен қатар балабақшадағы бала тәрбиесінен бастау алуы керек.
КІРІСПЕ
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп- өркендеп, небір қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналғанын атап өткен жөн.
Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жемқорлық мәселесінің маңызы жыл өткен сайын артпаса, кеміген емес.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол - әлеуметтілік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол - коррупция. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтынс әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз [1].
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады [2].
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс- шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек [3].
Мемлекетіміз бұл мәселеге қарсы күрес шараларын тәуелсіздік алған сәттен бастап бірінші кезектегі міндетіне алған болатын. Дегенмен де сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын, Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы кұрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайыңдалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Осы баптың 4-бөлімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.
Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз «алаған қолым береген» деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Мемлекетімізде тобасын ұмытып, мейманасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз да бар. Соған қарамастан ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемқорлық жасау бір тыйылмай келеді. Заң талабында мін болмағанымен оның орындалуында олқылықтың көп екендігін, жайған торға шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың ілігетіндігін Елбасымыздың өзі де талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын ел-жұрт алдында әлденеше рет қызартқан еді.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.
Бұл арада, егер қоғам өзі, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға батылданбаса сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болмайды, ал мемлекеттік басқару құзыретті және тиімді болмайды.
Өз кезегінде, осы мәселені шешу үшін екі жақтың яғни, азаматтар және мемлекет қатысуы қажет екенін ескере отырып, лауазымды тұлғаны сатып алу да қылмыстық жауаптылыққа тартылатын өте маңызды іс-әрекет болып табылады. Азаматтар өздерінің мұндай іс-әрекетін сыбайлас жемқорлық былай тұрсын, қылмыстың негізі деп санамайды.
Қорыта келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін айтып өткіміз келеді, осы құбылысқа тиімді қарсы іс-әрекет етуге тек азаматтық қоғамның барлық институттарының күшін біріктіргенде ғана қол жеткізуге болады [4].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет