АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ
Карибжан Мөлдір,
ҚазМемҚызПУ 6М050100-Әлеуметтану мамандығы
1-курс магистранты
«Ағылшын тілін білу-бүгінгі заманымыздың кілті»
Уильям Шекспир.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап жүргізілуде.
Ағылшын тілі - бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған халықтың мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен,әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды [1, 18-22бет].
Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап, жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесіндежаңашыл бетбұрыстың қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Ағылшын тілін білу – ол тек қана сөздікпен оқу емес, сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлеуді тыңдау арқылы қабылдау, өз ойыңызды ағылшынша еркін білдіру және дұрыс акцентпен сөйлеу. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет,телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеясын да мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идеяны ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленетінін айтты. Идеяның негізі мындай болатын: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
«Үштұғырлы» атты мәдени жобасының ең бастапқы мақсаттарының бірі ол ағылшын тілінің Қазақстан Республикасының әрбір азаматына үйренуге жағдай жасау: жалпы орта, арнайы және жоғарғы оқу орындарындағы ағылшын тілін үйрету сапасын жоғарылату. Осы жоспарды іске асыру үшін барлық мектептерде ағылшын тілін үйрететін шетел мұғалімдерін шақыру; канондық сөздіктер, оқулықтар, әдістемелік кешендер, интерактивтік оқу жүйесін, мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағылшын тілі мен қазақ тілін жедел үйренуге инновациялық-әдістемелік видео сабақтар жасап шығару.
Ал енді оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне немесе керісінше ағылшын тілінің қазақ тіліне әсері жайлы мәселеге келетін болсақ, қазақ тілді азаматтарға ағылшын тілін ү йрету өте оңай, ол қазақ тілінде сөйлеуге бағытталған үгіт - насихат емес, ол көптеген объективті көрсеткіштерімен дәлелденген жайт. Мысалы үшін «Заман-Қазақстан» журналының түрік журналисті Ахмет Аляз «Тіл» журналына берген сұхбатында ағылшын тілінде 4500 жуық түркі тілдес сөздер бар екендігін айтқан. Грамматикалық көзқарасқа сүйене бүкіл әлем тілдерін қарастыратын болсақ,барлық грамматикалық заңдылықтар бірдей болғанымен, әр тілдің грамматикалық ерекшеліктері әр қилы. Бір тілде орнымен айтылған сөз басқа тілде артық болуы мүмкін. Алайда ағылшын тілі менқазақ тілдерін салыстыратын болсақ, біршама грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады. Әсіресе ағылшын тілін үйренуге құштарлық жастар арасында кең қолданыс табуда. Бұл жайт тек тіл саласында емес, сондай-ақ экономика, саясат, құрылыс, өндіріс, т.с.с. ғылыми салаларға мол пайдасын әкеледі дегенге кәміл сенеміз [2, 51-56 бет].
«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең, әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап.
Елбасы Жолдауындағы басымдықтардың бірі – тілдердің үштұғырлығы. Білім арқылы интеграциялану үшін, ағылшын тілін де жақсы меңгеру қажет. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертудіт талап етеді[3, 220-224б].
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде және пән ретінде де қолданылады, Неміс, француз, корей, қытай, парсы, араб т.б. тілдері, негізінен, пән ретінде оқытылады. Біздің елімізде, негізінен, ағылшын тілін оқыиуға басымдық беріп келеді.
Ағылшын- әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын тіл. Шетел тілін оқытудың ең басты міндеті – оқушылардың (үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру. Оны танытуға бағытталған шетел тілін оқыту-лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдени-әлеуметтік және басқа да компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастыққа негізделген.
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салалларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын болып отыр[4, 114-116б].
Қазақстан Республикасы Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында: «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобаны кезеңдік бастауды ұсынамын. Қазақстан әлемнің жоғары білімді халқы ретінде танылуы керек»деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін ғаламдық экономикаға кірудің негізгі тілі ретінде дамыту жұмысын іске асыру өте маңызды, ол мемлекетіміздің тілдік саясатының ең маңызды мақсаттарының бірі. Осы жайт туралы Сиетла (АҚШ) университетінің Орта Азия және Қазақстанды зерттеу орталығының басшысы Уильям Фиерманның көзқарасын атап өткен жөн. Еліміздің Президентінің «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобаны енгізу жайлы ұсынысы туралы қандай ойлары бар екендігін сұрағанда, оның жауабы келесідегідей болды: «Менің ойымша, бұл саясат өте дұрыс және мемлекеттің дамуына үлкен пайдасын тигізбек. Алайда үш тілдің деңгейінің бірегейлігі туралы айту әлі ерте сияқты, өйткені сіздердің мемлекеттеріңізде қазақ тілі конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанымен де, әлі де болса орыс басымырақ. Менің ойымша, біріншіден, қазақ тілінің деңгейін жоғарылату маңызды, әсіресе қалалық жерлерде, өйткені ауылдық жерлерде қай уақытта болмасын қазақ тілінің деңгейі басым болған. Ал ағылшын тілі өз орнын тез таба бастады және ол жақсы бетбұрыс. «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобасын іске асыру мақсатында, сапалы оқулықтар, бастауыш мектептерде ағылшын тілінде әдістемелік оқу кешендерін, арнайы және орта білім мекемелерінде оқыту жөніндегі сұрақтарды қарастыру өте маңызды».
Сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге ынталанатын әр түрлі деңгейдегі оқушыларға тең құқықты білім алуға мүмкіндік жасауымыз қажет, осылайша біз мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатыса алатын тұлғалар дайындауға өте үлкен септік көретініміз анық. Осы сұрақ аясында мемлекеттік қызметкерлерді де орыс тіліне, сондай-ақ ғаламдық интеграция тілі ретінде ағылшын тіліне үйрету мәселесі қарастырылған. Нарық аясының кеңеюі қазірден бастап көптеген шетел компанияларын қызықтыруда, ал ағылшын тілі кәсіби қолданыс пен аудармадағы ең ортақ, ең маңызды тіл болып табылады.
Қысқасы, Қазақстанда жаңа үрдіс басталды. Өркениетке ұмтылған халқымыз өзге елдерден қалыспауы және жақсы қарым-қатынас орнатуы үшін ең алдымен Елбасы атап көрсеткен үш тілге де жүйрік болғаннан ұлтымыз ұтылмайды. Біз үшін біліім ордаларының қай-қайсысында да шет тілін оқытудың жаңа инновацуиялық моделін пайдалануымыз қажет.
Қорыта келгенде, ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – заман талабы. Жаңа замандағы жаңа Қазақстаннның дамып келе жатқан қадамында оқу процесіне жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді [5, 33-38бет].
Әдебиеттер:
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданнудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:/www.edu.gov.kz
«Еуразиялық монитор» халықаралық зерттеу агенттігінің әлеуметтанулық зерттеу мәліметтері.
Елухина Н.В. Обучение аудированию в русле коммуникативно-ориентированной методики//-1989г.
Түйіндеме
Бұл мақалада еліміздегі ағылшын тілінің қазіргі кездегі қолданылу аясы мен қоғамдағы орны туралы қарастырылып жазылған.
Резюме
В данной статье рассматривается титул английского языке в нашей стране.
Summary
This article examines the English title in our contry.
Достарыңызбен бөлісу: |