Қайырбек Асанов ( 1945 жылы 19 ақпан)
Студент: Қуантай Ақбота
Поэзиялық жыр жинақтары - «Тұңғыш» (1978)
- «Сүйемін сені» (1980)
- «Ғашық ғұмыр» (1982)
- «Сен жанымда жүрсең» (1989)
- «Ағайынға ақ тілек» (2004)
- «Күннің нұры қуатым» (2005)
- «Махаббат» (2006)
- «Адалдық асыл мұратым» (2009)
- «Сыр елі» (2000)
Туған жер тақырыбы “Сыр елі”өлеңі
Ғажап еді, Сыр елінің даласы,
Қалың тоғай, жыңғыл жиде арасы...
Табиғаты тым қаталдау болса да,
Топырағында бақыт тапқан баласы.
Өкпек желі, өңмеңімнен өтеді,
Мұндай мінез көргенім жоқ о, тегі.
Адамдары аңқылдаған жүрекпен
Бір көргеннен туысқан боп кетеді.
Ежелден-ақ ел түрағы құт мекен,
Төрт түлігі түгелімен сүтті екен.
Қорқыт бабам қобызымен күңіреніп,
Бұл далада неше дүлдүл өтті екен?
Соры шыққан бұл аймақта тақыр көп
Керісінше жыр жазатын ақын көп.
Суын ішіп, еңбек еткен жандарды
Шеттерінен бағалар ем батыр деп.
Тоңсам дағы жапырақтай қалтырап,
Маған ыстық бүл өлке мен атырап.
Ардақтаймын аялаймын мәпелеп,
Туған жерім - қасиетті топырақ.
Өз бақытым - Сыр бойында туғаным
Арманымды Алматыда қуғаным.
Осы жерден қанаттанды емес пе
Қазағыма қалқан болған ұлдарым!
Қайран Арал қайта сен де толасың
Баяғыдай құт мекені боласың
Безек қағып шырылдама, шағала,
Теңізіңе сен де қайтып қонасың
Тұрған кезде аман-есен Ай, Күні,
Жетеді екен Сырдың қазба байлығы.
Жаңа заман қыспағына ұшырап.
Ұрпақтарым көрмесінші қайғыны.
Мен осыны тілейінші Тәңірден,
Бақыт лебі есіп жатсын әр үйден.
Азаттықтың дәмін татып келеміз
Құтылғалы Ресейлік өмірден.
Бақыт-байлық екеуі де бір ұғым,
Туған жерім - махаббатым, тұнығым.
Бақ жұлдызы биіктерде болсын деп
Жақсылықтың жолын ашып жүр ұлың!
Атамекен, айналайын, ардағым,
Жаңа істермен жарқылдасын алдарың
Мұраты үшін қасиетті халқымның
Көре бергін Тәуелсіздік таңдарын!
“Сыр елі” өлеңі
Тақырыбы: Ұлан байтақ боз далам
Жанры: Поэзия
Идеясы: Сыр елінің ғажап жерін дәріптеу, мақтау, өзінен кейінгі ұрпақты аспаны ашық елде өмір сүруін қалауы.
Автордың көзқарасы: Туған жерін дәріптеу
Автордың көңіл-күйі: таңырқау, мақтану
Өлең құрылысы
Ға-жап е-ді, //Сыр е-лі-нің да-ла-сы, А
Қа-лың то-ғай,//жың-ғыл жи-де //а-ра-сы... А
Та-би-ға-ты// тым қа-тал-дау бол-са да, Б
То-пы-ра-ғын-да// ба-қыт тап-қан //ба-ла-сы. А
Шумақ- 11
Тармақ- 44
Буын- 11-12
Бунақ- 2,3
Ұйқас түрі- қара өлең ( а,а,б,а)
Троп түрлері
Эпитет: өкпек жел, аңқылдаған жүрек.
Теңеу: жапырақтай
Метафора: азаттықтың дәмі.
Еркін тақырыпта
“Сен ғана” өлеңі
Күндіз-түні ойлап жүрем сен жайлы,
Сен жайында бұлбұл - жүрек жырлайды.
Бұл табиғат барлық бақыт, байлығын
Аямай-ақ саған ғана сыйлайды.
Бас айналып сендегі арда сезімнен,
Қайта-қайта сүйе берем көзіңнен.
Сен арқылы жұдырыктай жүрегім
Ғашық болу кереметін сезінген.
Күннен-күнге мөлдірейсін, сонысын,
Бұл өмірден түсіндім мен соны шын.
Жаным сыздап жабырқаған шағымда
Сенсің маған беретұғын қол ұшын.
Қандай ғажап сеніменен болғаным,
Өзің жайлы талай жырды толғадым.
Бұл өмірде жүргеніңде жер басып,
Мен болармын ең сенімді қорғаның
Тірлік тәтті болмас, сірә, сыз батпай,
Сағыныш-мұң жүректерді сыздатпай.
Өмір тосқан кедергінің бәрін де
Қатар тұрып, қарсы алайық міз бақпай.
Тақырыбы: Жүрек сыздатар сағыныш
Жанры: Поэзия
Идеясы: Ғашығын сағынып, есіне алу, ішкі сезімін білдіру.
Автордың көзқарасы: Ғашық болу кереметін сезіндіру
Автордың көңіл-күйі: сағыну, жабырқау
“Сен ғана” өлеңі
Өлең құрылысы
Күн-діз-тү-ні// ой-лап жү-рем// сен жай-лы, А
Сен жай-ын-да //бұл-бұл – жү-рек жыр-лай-ды. Б
Бұл та-би-ғат //бар-лық ба-қыт, бай-лы-ғын А
А-я-май-ақ //са-ған ға-на сый-лай-ды. Б
Шумақ- 5
Тармақ- 20
Буын- 11-12
Бунақ- 1,2
Ұйқас түрі- шалыс ( а,б,а,б)
Троп түрлері
Эпитет: жұдырықтай жүрегім, мұң жүректер, өмір тосқан кедергі.
Метафора: жаным сыздап.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |