Қалыптастырушы бағалаудың (бағалау критерийлері мен дескрипторларын) ерекшеліктері
Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Глоссарий
Критерий – ерекше белгілерді есептеуге арналған бағалау кестесі. Бағалау әр пән критерийлеріне негізделеді.Критерий түсінікті болу қажет.
Сипаттама – критерий дескрипторларын сипаттау, ол оқушыларға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс.
Қорытынды (айқындаушы) бағалау – оқу тоқсаны соңындағы оқушылардың жұмысын бағалау.
Біртұтас тәсіл – оқушылардың білімі мен тәртібінің ерекше мағыналылығын көрсететін негізгі тәсілд.
Рефлексия жасау – білім тәжірибесін жақсартуға арналған қандай да бір әрекеттің қорытындысы, ақпартты түсінуі.
Құзыреттілік белгілері – оқушы үлгісінде көрініс тапқан білім үрдісі нәтижесінде алынған дағдылар.
Глоссарий
Юнит (Тарау) –жалпы тақырыпқа сай сабақтар топтамасынан тұратын және жылдық оқу бағдарламасының бөлігі болып табылатын оқу бөлімі. Бір бөлімге қалыптастырушы және қорытынды жқмыстар енеді.
Семестр (Тоқсан) – әртүрлі сандық өқрамнан тұратын академиялық күнтізбенің бір бөлімі. Әр тоқсанда пән бойынша кемінде екі қорытынды (айқындаушы) жұмыс орындалу керек.