Алкендердің физикалық және химиялық қасиеттері
Дата 30.01.2017 өлшемі 14,49 Kb. #8395 түрі Сабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектебі Химия пәні мұғалімі Оралбекова Қалида Тұрғанбайқызы Сабақтың тақырыбы: Алкендердің физикалық және химиялық қасиеттері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алкеннің физикалық және химиялық қасиеттері жөнінде жан –жақты білім беріп, білімдерін жүйелей отырып, түсіндіріп үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісі мен білімдерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдептілікке баули отырып тиянақтылыққа , еңбексүйгіштікке баулу. Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, есептер, ойындар, тәжірибелер көрсету. Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақ типі: Аралас сабақ Сабақ әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, сұрақ –жауаптар, ойындар. Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: І-ІІ топқа бөлеміз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Кім көп біледі? Ойыны Кім шапшаң? Ойыны Қосымша сұрақтар Изомерлену реакциясы Гидрлену реакциясы Галогендену реакциясы Гидрогологендену реакциясы Дегидрлену реакциясы Гидротациялану реакциясы Нитрлену немесе Коновалов реакциясы Вюрц реакциясы Дегалогенденуреакциясы Жану реакциясы Ережені толықтыр Жалпы формулалары бірдей,химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше ------- тобына өзгеріп отыратын заттарды-------- дейміз ---------------- молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек сигма байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы------------ болатын алифатты қаныққан көмірсутектер --------------құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы --------- болатын циклды қаныққан көмірсутектер. -----------молекула құрамында бір қос байланыс бар, жалпы формуласы ------------болатын қанықпаған көмірсутектер. -------------- молекулаларының құрамы бірдей, бірақ құрылыстары әртүрлі болғандықтан, химиялық қасиеттері де өзгеше болатын заттар. Жаттығулар орында 2,4-диметилпентен-2 1,3-диметилциклобутан 1-метил-3-этилциклогексан 3,3,4-триметилпентен-1 Н-октан С2Н6 Аттарын ата С2Н6, С2Н4, С4Н6 С4Н10, С8Н16, С9Н20, С3Н8, С4Н8 Сандықтарға жоғарыдағы алкан,циклоалкан,алкен қосылыстарын бөліп сал , аттарын ата Гибридтенген көміртек атомына сипаттама С атомдағы гибридтену түрі – С атомдағы валенттік бұрыш – Байланыс ұзындығы С ─ С – Молекуланың кеңістік пішіні ─ Байланыс түрі – Көміртек атомының SP2 – гибридтену қасиеттері: Жануы: C2H4+3O2=2CO2+2H2O Қосылу реакциялары: C2H4+H2=C2H6 C2H4+Cl2=C2H4Cl2 Марковников ережесі бойынша C3H6+HCl=CH3-CHCl-CH3 C3H6+HOH=CH3-CHOH-CH3 Полимерлену: n CH2=CH2 = (-CH2-CH2-)n полиэтилен Алкендердің физикалық және химиялық қасиеттері (жаңа сабақ) Зертханада алынуы: 1. С2H5OH (H2SO4 ) =C2H2 +HOH 2. CH3-CH3 ( t ) == C2H4+H2 3. C2H2+H2 ( t ) == C2H4 4. CH2Cl-CH2Cl+Zn==C2H4+ZnCl2 5. C2H5Cl+NaOH (спирт) ==C2H4+NaCl+H2O Өндірісте алынуы: табиғи газдан және мұнайдан алынады Сапалық реакция: 3C2H4+2KMnO4+4H2O==CH2OH-CH2OH +2MnO2+2KOH Малина түстен қоңыр түске өтеді C2H4+Br2=C2H4Br2 қызыл қоңыр түсі жойылады Этилен алу және оның қасиетін зерттеу Сынауыққа 5 млэтил спиртін құй. 15 мл конц. Күкірт қышқылын қос. Көбіктеніп тасымас үшін, қоспаға фарфор сынықтарын сал. Сынауықты газ шығаратын түтігі бар тығынмен жауып қыздырғышқа орналастыр. Түтік ұшын бром суы бар сынауыққа сал. Екінші рет түтік сұйылтылған бром суы бар ерітіндіге сал. Не байқадың, жүрген құбылысты түсіндір. Реакция теңдеулерін жаз. Физикалық қасиеттері 0,3 моль бутенді жаққанда түзілетін көміртек оксидінің көлемі мен судың массасы. 2,8 г этилен мен 36 г су әрекеттескенде түзілетін этанолдың массалық үлесі Егер өнім шығымы 90% болса, 790 кг 2-метилбутаннан алынған 2-метилбутен-3 массасын тап. Этилен хлормен әрекеттескенде 9,9 г дихлорэтан түзілді. Этиленнің зат мөлшерін тап. Октан саны жоғары жану өнімдері Үйге тапсырма Алкендердің алынуы мен химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін меңгеру. Алкендер тақырыбына тест жұмысын құрастыру Достарыңызбен бөлісу: