Аманелова Әсем Әулетқызы



Дата07.09.2020
өлшемі37,09 Kb.
#77474
Байланысты:
Өлкетану үйірмесі-Amanelova Asem
Өлкетану үйірмесі-Amanelova Asem, Uchebnoe.posobie.po.tehnicheskomu.perevodu

Өлкетану


( Краеведение / Study of local lore)

(Мангистау/Mangistau)

Құрастырған:

Аманелова Әсем Әулетқызы,

ағылшын тілі мұғалімі


2020 - 2021 оқу жылы



Түсінік хат

«Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу

алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын

танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»

Н.Ə.Назарбаев

Жас жеткіншіктерге білім мен сапалы тəлім-тəрбие беруде туристік-өлкетану үйірмесі мектептен тыс тəрбиелеудің бірден –бір көп тараған түрі.

«Қазақстан 2030» даму стратегиясының экономика секторында 7-ші басым бағыттарының бірі - туризм делінген. Осыған орай 2007-2011 жылдарға туризмді дамытуға арналған бағдарламасында балалар-жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың жəне туристік мəдениетке тəрбиелеудің негізгі факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрлымын дамытуға баса көңіл бөлінген. Балалар туризмі - ол – болашақ мамандар, ол – тарих пен өлкетану, ол – жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы, ол- тəрбие құралы.



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды туған жерінің тарихын білуге, тарихи – табиғи ескерткіштерін танып, оны қастерлеуге тәрбиелеп, партиоттық сезімін ояту. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, еркін, ашық пікір айтуға үйрету.

Адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Туған өлке табиғатын зерттеп, оның проблемаларын шешу жолдарына оқушыларды бағыттай отырып, олардың белсенділігін, ізденімпаздылық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Өлкетану материалдары оқушылардың туған өлкені жан-жақты терең танып білуіне, елжандылық сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады. Осы деректерді игеру барысында шет елдерге таныстыру, және өз елдерінің байлық құндылықтарын еркін жеткізе біледі.



Міндеттері:

  • Оқушыларды туған өлкесінің тарихымен, шежіресімен, халқының саны және ауданның аймақтарымен толықтай таныстыру.

  • Оқушылардың жас ерекшелігіне, білімді қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім жүйесін күрделендіре түсу;

  • Оқушыларды өз өлкелерінен шыққан өнер адамдарымен, тарихи ескерткіштерімен, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімен, ардақты аналарымен және ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтарымен таныстыру;

  • Сөз мәдениетін, кәсіби тілдік шеберлігін дамыту;

  • Оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құрметтеуге баулу.

  • Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін артырып, туған өлкенің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу;

  • БілімділікТарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.

  • ДамытушылықТарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.



Сабақтың түрі: аралас,өлкетану материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интерактивтік тақта, слайд презентациясы.

Бағдарламаның принциптері:

− жүйелілік, бағдарлама құрылымдарының (мақсаты, міндеттері, мазмұны, күтілетін нəтиже) бір-бірімен тығыз байланысты ішкі ой үйлесімділік құрылымының (структурасы) болуы;

- қолжетімділік, жалпы білім беру мазмұнынан өлке тарихын оқушылардың əр жас ерекшелігіне орай іріктеп алуды іске асырады. жоспарлылығы, бағдарлама құрылымының негізгі жоспарлы, жүйелілігі арқылы оқушылар білімді тұтас, үзіліссіз, əр түрлі деңгейде ала алады.

Күтілетін нəтиже:

- тарихты, өлке тарихын толық сезіп, танып барып өз бетінше оқудың, зерттеудің қажеттілігін білуі, зерттеуді өз бетінше жалғастыруы;

- танымдық белсенділіктің жоғары деңгейге көтерілуі;

- патриоттық, азаматтық жəне интернационалдық біліктілігінің толиранттық мəдени қарым-қатынастыққа көтерілуі.



Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде өлкетану материалдарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда оқушы – жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып елжандылық сезімі оянатын болады. Өйткені өлкетану материалдары оқушылардың туған өлкені жан-жақты терең танып білуіне, елжандылық сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады. Осы деректерді игеру барысында шет елдерге таныстыру, және өз елдерінің байлық құндылықтарын еркін жеткізе біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет