Анықтама ағылшын тілі пәні бойынша мектепішілік бақылаудың қорытындысы 2015 жылдың 27 қарашасынан



Дата07.04.2017
өлшемі63,04 Kb.
АНЫҚТАМА

ағылшын тілі пәні бойынша

мектепішілік бақылаудың қорытындысы

2015 жылдың 27 қарашасынан
2015 жылдың 12-27 қараша аралығында мектепішілік бақылау барысында 1-3,5-11 сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларының деңгейі, сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайы тексерілді. Осы мақсатта төмендегі жұмыстар жүргізілді:

1. 1-3, 5-11 сыныптардың сабақтарына қатысу.

2. Ағылшын тілінен әкімшілік бақылау жұмысы жүргізілді.
1. Ағылшын тілінің оқытылуы

Аркенова Салтанат Қуатовна жас маман ретінде 2014 жылдан бастап Астрахан ауданы Жалтыр№4 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Білімі – жоғары, 2015 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. Еңбек өтілі 1 жыл 3 ай. 1-3, 5-11 қазақ сыныптарына сабақ береді. Жүктемесі - 18 сағат.

Салтанат Қуатовна күнделікті жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, олармен тез тіл табыса біледі. Мектепшілік іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белесене қатысады. Берілген тапсырмаларды тиянақты және уақытында орындайды. Әр сабағында ізденіп, білім мен күш-жігерін оқушылардың жан-жақты дамуына, ел мақтанышы болып өсуіне жұмсайды. Сабақ барысында оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.

Сабақтарға қатысу барысында Салтанат Куатовнаның сабақты құру әдістемесін жақсы меңгергендігі анықталды. Оқушылары бағдарламаны орындай алады, үлгермеушілер жоқ. Сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыратын түрлі жұмыс әдістері мен формаларын, көрнекі құралдардын, ОТҚ-н көп пайдаланады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті өте жақсы.


2. Ағылшын тілі пәні бойынша әкімшілік тарапынан өткізілген бақылау жұмысының талдауы


  1. 1а сыныбында 13 оқушыдан сабаққа 12 оқушы қатысты. Сабақ барысында барлық сөздерді есте сақтап, дұрыс жатқа 1 оқушы Аққошқаров Ғабиден айта алды. Қалған оқушылар көп қайталауды қажет етді, тез ұмытып қалады.




  1. 2а сыныбында әр сабақтың басталуы ағылшын тілінде тақпақ айтудан басталады, сергіту сәті де ағылшын тілінде өтеді. Оқушылардың 1 тоқсан бойы өтілген тақырыптар негізінде сөздік қорлары мол. Бірақ ағылшын әліпбиін толық 1 оқушы Хазрет Ибрахим ғана жатқа біледі, жартысын Амантай Дәір, Байжигитов Аслан, Жакупов Рамазан, Нұрлыбек Аружан, Усербаева Асемгуль айта алды, Итинова Аянат 3 әріп тастап кетті, Мұратбеков Алишер әліпбидің басы мен аяғын біледі, 2 оқушы Таласбек Аружан мен Хасенов Рамир 1-2 әріп атады.




  1. 3а сынып оқушыларының сөздік қоры мол. Ағылшын тілінде апта күндерін, ай аттарын атап берді, жақсы оқиды, мазмұнын түсінеді. Қазақ тілінен ағылшын тіліне сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді аудара біледі. Сабаққа барлық сынып оқушылары, әсіресе Жанатов Данияр, Жолдас Қайсар, Ужеков Ануар, Сериков Темирлан белсене қатысты. Қайрат Бауыржан мұғалім көмегін қажет етеді. Қанағат Еркежан асығып қателер жібереді. Мәжіт Әрсен көп ойланып жауап береді.




  1. 5а сыныбында 12 сөзден құралған сөздік диктант пен 5 сұрағы бар тест өткізілді. Нәтижесінде Тажибаева Амина 4 сөз, Калиева Сабина, Баймуханов Расул 5 сөз, Серикбаев Ануар, Тлеулес Айнұр, Шарипов Бекзат, Таймасова Лаура 7сөз, Амангельды Шыңғысхан, Амантай Бахтияр 11 сөз жазды. Тесттің 3 сұрағына 3 оқушы Амангельды Шыңғысхан, Шарипов Бекзат, Таймасова Лаура, 2 сұрағына 4 оқушы Тажибаева Амина, Калиева Сабина, Тлеулес Айнұр, Баймуханов Расул, 1 сұрағына Амантай Бахтияр дұрыс жауап берді. 1 оқушының, Серикбаев Ануардың барлық жауаптары қате болды.




  1. 6а сынып оқушылары өткен тақырыптар мен грамматикаға байланысты 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. 15 сұраққа 3 оқушы Актаева Динара, Сакенов Нурлан, Мусина Эльмира, 14 сұраққа Амангелді Еркебұлан, 12 сұраққа Қайрат Дариға, 10 сұраққа Койшибаев Алмас дұрыс жауап берді.




  1. 7а сынып оқушыларының оқу техникасы тексерілді. 10 оқушы ішінен қатесіз жақсы оқитындар: Карипова Дана, Жабикова Аружан, Бисебай Нұрбол. Оқығанда қате жіберетіндер: Тлеулес Әділ, Маханова Арайлым, Шамшиденова Анель, Амангельдыұлы Айдын, Амантай Дінмұхаммед. Екі оқушы Мусин Рахат пен Ерденов Диастың оқуы нашар. Барлық оқушылар мәтін бойынша түсінік бере алады, дегенмен көптеген сөздердің аудармасын ағылшын тілінде жеткізуге қиынсынады.




  1. 8а сыныбында өткен тақырыптар бойынша 10 сұрағы бар тест өткізілді. Сарсенов Даурен түгел сұрақтарға толық жауап берді. 2 оқушы Айткозанова Аружан, Есильбаева Айнаш 7 сұраққа, 3 оқушы Джуманов Рустем, Маратова Нурбике, Кыздарбеков Амир 6 сұраққа, 3 оқушы Байтемиров Диас, Сатпек Мусулманбек, Казбеков Мансур 5 сұраққа, Байжигитов Рахат 4 сұраққа, Мырзабекова Алина 3 сұраққа дұрыс жауап берді. Шығармашылық тапсырма (шығарма жазу) алдын ала берілді, соның өзінде сабаққа 13 оқушыдан 6 оқушы ғана дайындалып келді. 3 оқушы Джуманов Рустем, Маратова Нурбике, Сарсенов Даурен жауаптары толық, қатесіз оқиды, мазмұны бойынша түсінік бере алады. Айткозанова Аружан оқығанда қателер жібереді. Есильбаева Айнаш ойын қазақ тілінде жеткізе алмайды. Мырзабекова Алина жылды оқи алмайды.




  1. 9а сыныбында 8-9 сыныпта өткен грамматикаға байланысты 30 сұрағы бар тест өткізілді. Нәтижесінде Башимова Балия 20 сұраққа , Хамзин Саят 18 сұраққа, Аманжолов Аслан 17 сұраққа, Итинова Аружан мен Габдуллин Ануар15 сұраққа, Қазбеков Ақжол мен Адамов Батырхан 13 сұраққа, Рахимжанова Айдана мен Амангельдықызы Аида 12 сұраққа жауап бере алды. 9а сынып оқушылары сабақ барысына белсене қатысады. Ойларын ағылшын тілінде жеткізе біледі, әсіресе Хамзин Саят пен Итинова Аружан мұғаліммен ағылшын тілінде диалог жүргізе алады.




  1. 10а сынып оқушылары ағылшын тілін қандай деңгейде меңгергендігі тексерілді. Сабақ барысында оқушылардың сөздік қоры мол екендігі көрінді, сұраққа ағылшын тілінде толық жауап бере алды. Сарсенов Джохангир сөздіксіз мәтінді оқып, қолма-қол аударып берді. Қалған оқушылар Амангелді Әділ, Нұрлыбек Мағжан, Аққошкарова Ботагоз (оқығанда қателер жібереді) дайындалып барып жауап бере алады.

10) 11а сынып оқушылары сабақ барысында спорт тақырыбына жоспары

берілген шығарма жазды. Нәтижесінде Жусупова Айжанның сөз мөлшері

134, қатесіз жазды. Аубакирова Гулим – 120 сөз, 1 қатесі бар, 1 сөз

қалдырып кеткен. Серикбаева Анеля – 98 сөз, 2 сөз артық жазған, 1

қате жіберген. Койшибаев Есенгельды – 196 сөз, 3 сөз артық жазылған.


Көрсеткіштері:


Сынып

Бар

лығы


Орындағаны

Баға

Білім сапасы

Үлге

рімі


Білім сапасы 1 тоқсан

«5»

«4»

«3»

«2»












10

9




3

5

1

33,3%

88,9%

80%



7

6

-

3

3

-

50%

100%

86%



11

11

1

5

4

1

54,6%

90,9%

62%



10

10

-

6

4

-

60%

100%

82%

11А

4

4

2

2

-

-

100%

100%

100%

Берілген кестеде тек 11А сынып оқушылары 1 тоқсандағы білім сапасын көрсетіп тұр.


Ұсыныстар:

  1. Үлгерімі нашар оқушылармен жеке жұмыстың жүйесін жандандыру.

  2. Пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларды әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатыстырып, дайындық жұмыстарын жалғастыру.

  3. Өзара сабақтарға қатынасу практикасын үзбей, әріптестердің тәжірибесін сабақ барысына енгізіп отыру.


Оқу ісі бойынша директор орынбасары: М.Дюсембаева
Каталог: 237F667F899F6FEC
237F667F899F6FEC -> Есмағанбет Қымбат Қабланқызы «Жалтыр №4 орта мектебі»мм сыныбы: 7 Пәні:өзін-өзі тану Тақырып
237F667F899F6FEC -> Ұбт-ға психологиялық дайындық
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектептің жаратылыстану- математика бағыттағы мұғалімдерінің 2014 2015 оқу жылына
237F667F899F6FEC -> Аты-жөні: Туған жылы: Білімі
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 2016 жылы 08. 02-13. 02 аралығындағы «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты пән апталығының қорытындысы
237F667F899F6FEC -> Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектептің жаратылыстану- математика бағыттағы мұғалімдерінің 2014 2015 оқу жылына


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет